Тақырып: Мінез Дәрістің мақсаты



бет2/4
Дата11.12.2023
өлшемі46,56 Kb.
#196306
1   2   3   4
Байланысты:
14- лекция Мінез
sabaq-kz attachment udeu-527250fbf1c18, sabaq-kz attachment udeu-527250fbf1c18
Биховиористік бағыттағы психологтар үшін мінез ерекшелігі мінез-құлық синонимі ретінде болады. Олардың көзқарастары бойынша «мінез» индивидке тән мінез-құлық түрі ретінде ғана анықталады. Фрейд тек алғашқы бағытты ғана емес, сонымен қоса мінездің терең теориясын бір, бір ізділікке талпыныс жүйесіндей танытты. Мінез мінез-құлықтың негізі, бірақ екеуі бірақ екеуі бір нәрсе емес деп көрсеткен. Фрейдтің динамикалық концепциясын бағалау үшін мінез ерекшелігі мен мінез-құлық ерекшелігін салыстыру керек. Фрейд мінез белгілерінің динамикалығын және сонымен бірге мінез құрылымының адамның өмірлік процестеріндегі энергия канализациясының ерекше формасын бейнелейтіндігін түсінеді. Ол мінездің динамикалық белгілерін либидо көрінісі ретінде интерпретациялаған.
Жаратылыс тану және әлеументік ғылымдар процесі мен бірге психоаналитикалық теория прогресі адамның табиғат пен және өз-өзімен басқа адамдармен өзара қатыныс идеясына негізделетін жаңа концепцияға әкеледі. Осындай жаңа көзқарас иелерінің бірі Г.С. Саливен. Ол психоанализді өзара тұлғалық қатынастарды зерттеу деп белгіленген, төменде келтірілетін теория Фрейд теориясына негізделген, яғни мінез белгілнрі мінез-құлық негізінде жатыр, және адамның өзмен сапалы түсінбейтін түрткі күштерді түзетеді деген жорамалдардан бастау алады. Бұл теория мінездегі анықтаушы белгі бірғана нақты белгі емес мінездің жекелей белгілерін анықтайтын мінездің бүтін құрылымы деген жорамал жағынан да Фрейдке сүйенген. Мінездің бүкіл белгілерінің жиынтығын ерекше ұйымдастыру нәтижесі болып табылатын синдром ретінде қарастыру керек

  • тұлғаның дене көрінісіне (конституционалды типология)

орай Эрнс. Кречмер адамды төрт типке бөледі: астеник, пикник, 
атлетик,  дипластик (Конституционалды типология негізі – жатырдағы ұрықтық даму динамикасынан болатын туғаннан соңғы 
дене құрылымының ерекшеліктері). 
1) астеник (әлжуаз) адам –нәзік денелі, қушық кеуде, тар иық, қол- 
аяғы серейген ұзын, сопақ жүзді, бірақ жүйке жүйесі мен бас миы күшті дамыған; ынжық; 
2) атлетик (шомбал) адам – ірі, қарулы денелі, бұлшық етті, дене  
бөліктері өзара сәйкес дамыған, кең иықты; маңғаз; 
3) пикник (шәлтік) адам – кіші не орта бойлы, етшең, биік кеуделі,  
қарынды, қысқа мойын, домалақ басты; көпшіл; 
4) дипластик (мүгедек) адам – тән-дене құрылымы қисынсыз
жаралған, тартыншақ;
Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін Владимир Николаевич. Мясищев пен Борис Герасимович Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
Көптеген психолог-ғалымдар мінездің құрылымдық бірлігі ретінде «бітіс» (черты), категориясын ажыратадыОсыған орай «бітістер теориясын» ұсынған Г.Олпорт бұл тұлға элементін екіге ажыратады: жалпы тұлғалық бітістер (белгілі мәдениет шеңберінде жасап жатқан)
адамдардың көпшілігіне тән қалаған тұлғалық сипат); дара тұлғалық
бітіс (диспозиция – басқа адамдармен салыстырып болмайтын, тек бір
ғана тұлғаға тән болып, оның бірегейлігін танытушы ерекше қасиет). 
Тұлға бойындағы психикалық бітістердің бәрі өзара байланысты,
дегенмен өз дербестігіне ие, бір-біріне тәуелсіз.
1940-жылдары американ психологы Шелдон темперамент теориясын зерттеген (1898-1970), үш түрлі дене бітімін көрсеткен: эндоморф, мезоморф және эктоморф. 
Эктоморф – өте баяу, қолы, бойы ұзын, дене бітімі жоқтың қасы.
Мезоморф - бұлар классикалық Геркулес, сүйек-бұлшық еттері қалыпты дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет