Тақырып: Мінез Дәрістің мақсаты



бет3/4
Дата11.12.2023
өлшемі46,56 Kb.
#196306
1   2   3   4
Байланысты:
14- лекция Мінез
sabaq-kz attachment udeu-527250fbf1c18, sabaq-kz attachment udeu-527250fbf1c18
Эндоморф аласа бойлы адамдар, сүйек-бұлшықет апапараты әлсіз дамыған, басы домалақ, қарны дәу, майлы, білектері жіңішке және пикникке келеді.
И. П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының өзіндік "құйындысы" деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: "...адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады".

Мектептің негізін салушы Джон Уотсон бақылау және эксперимент арқылы мінез-құлық заңдылықтарын ашу мақсатын қойды. Адамның мінез-құлқы толығымен сыртқы ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге талпынатынын және неден қашқақтайтынын - осы сыртқы орта белгілейді. Адам мінез-құлқының құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады.


Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің ойынша, адам мінез-құлқы генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен байланысты. Адамның ішкі жағдайы терістелмейді және мінез-құлықты талдау үшін қажет екендігі ескеріледі.
Беррис Скинердің тұжырымдамасы: «Адам қоршаған басқарылады, бірақ.... орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни, мінез-құлық өзінің нәтижесімен қалыптасады және тұрақталады.
Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның мінез-құлқын басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту» деп аталады. Адамға әлеуметтік орта әсер етсе, әлеуметтік ортаны өзгерте отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған ортада адамға әсер ететін оң бағыттау көп болуы қажет.
Мінездің акцентуациалануы – адам әрекеті мен істерінде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшелігі. Мінездің акцентуацияланған типтері- әртүрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездің басқа қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің типтік қиылысқан көрсеткіші.
Мінез акцентуациясы- психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін білдіретін ұғым. Акцентуация басқа қасиеттерінен қандай да бір қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы.
Тұлғаның өмір сүру барысында акцентуация өзгеруі мүмкін. 25-30 жаста психопатиялы адамдар психикалық тұрақтылық жағынан өзгереді, қалыпты жағдайда еңбек етіп, өзінің психикалық сау еместігін көрсетпеуі де мүмкін деп П.Б.Ганнушкин көрсеткен.
Психиатр, Ресейде (1875 - 1933) психиатрия мектебінің негізін салушы. Мінез акцентуациасының бірнеше типін көрсетеді:
Циклод. Астеник. Тұрақсыз. Антисоциал. Конституциялық-ақылсыз.
Андрей Евгеньевич Личко(1926-1996) – м.ғ.д, профессор. «Подростковая психиатрия» және «Подростковая наркология» атты еңбектерінде мінез акцентуациясының 11 түрін ұсынған:
1. Гипертимді тип. Бұл типті жасөспірімдер қарым-қатынасы жоғары,
қимыл-қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы,
көңіл-күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының
нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл-күйі үнемі жақсы, жоғары. Ересектермен, ата-аналармен, ұзтаздармен қарым-қатынаста
қақтығыстарға түседі. Мұндай жасөспірімдердің қызығушылықтары өте көп, алайда ол қызығулар терең емес, ат үсті, тез өтпелі. Олар өздерінің
бағасын асыра сілтеп бағалайды, өздерін шамадан тыс мақтайды, өздерін көрсетуге тырысады.
2. Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Бұл типті жасөспірімдер үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым
қатынас жасамайды. Айналадағылардың ескерпелерін қабылдамайды,
қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Көңіл-күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл-куйінің ауысуы 2 -3 апта.
3)Лабильді тип- көңіл-күйі ауа-райы секілді тез өзгереді. Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады. Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылықтар болмаса да көңіл-күйі төмен болады,көп әуреленеді,сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн. Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.
4) Астено-невротикалық тип- қозғыш,шаршаған,қырсық. Ақыл-ой жұмыстарға тез шаршайды.
5)Сензитивті тип- жоғары сезімталдық тип. Қозғалыс,құмар ойындарын жақсы көрмейді,үлкен компанияларда болуды қаламайды. Тек жақын адамдарына ғана ашық,сөзшең болады. Оларда жастайынан жауапкершілік қасиеті қалыптасып,өзіне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды.
6) Психо-астеникалық тип-интеллектісі тез дамиды, өзін-өзі және басқаларды бағалауды бейім, көп ойланып талқылауды ұнатады,бірақ іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана мықты.
7) Шизодты тип-тұйық, үлкендермен жақсы тіл табысады. Ішкі жан дүниесі қиялға толы. Сырттай өз сезімін көрсете бермейді, маңайындағылар оны түсіне бермейді.
8) Эпилептоидты тип-көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Олар қатігез билеуші, өзін-өзі өте қатты жақсы көреді. Басқаларды қорқыту арқылы өзіне бағындырып,қиын ережелер қояды. Өзін басқалардан жоғары санайды.
9)Истероидті тип - үнемі ортада болуды қалайды,басқалардың алдында өзін суреттеп көрсетеді. Олар басқа біреуді мақтағанды, басқаларға көңіл бөлгенді жақтырмайды. Көпшілік ортасында лидер болғанды ұнатады.
10)Тұрақсыз тип - ерік-жігерсіз, өзен ағысы бойынша өмір сүреді. Той-томалақты, жұмыссыздықты жақсы көреді. Талғаусыз,бәріне қызығады. Өзінің болашағы жайлы ойламайды, кәсіби қызығушылығы жоқ.
11)Конформды тип -негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу. Өзі үшін досында сатып кетеді, бірақ не істесе де оған себеп болады. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрғандықтан, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы деп атайды. Ал, мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомокомплекс не факторлар деп атайды.

Эрих Фромм әлеуметтік мінез типологиясы:



  1. Мазохист-садист. Бұл типті адамдар өмірде болып жатқан сәтсіздіктер мен жағдайларды өзінен іздемейді, ол сәтсіздіктердің бәріне адамдарда ғана кінәлі деп есептейді. Егер ондай адамдар табылмаса, ондай агрессияны өзіне арнайды. Мұндай адамдар өздерінің білімін көрсету мақсатында көп оқиды. Бұларда садисттік тенденциялар да байқалады. Олар басқаларды өздеріне бағындыруды, оларға әртүрлі жарақат жасау, олардың қиналғанын көріп рахаттану сезіміне келеді. Мұндай адамдардың тобына Фромм: Гитлер, Сталин сияқты адамдарды жатқызды.

  2. Бұзушы. Фрустрация туғызған объектіні толық жоюға, көзге көрініп тұратын агрессияшылдығымен сипатталады. Өздерінің проблемаларын шеше алмайтын, тығырыққа тірелген, жаманшылық, қорқыныш сезімі үнемі болатын, өзінің интеллектуалды және эмоционалды жағдайларын толық сыртқа шығара алмайтын адамдар. Қоғамда болатын аса үлкен өзгерістерге бұндай адамдар бұл төңкерістердің алдыңғы қатарында болады.

  3. Конформист – автомат. Бұндай индивид әлеуметтік немесе жеке бас мәселесінде болатын проблемаларды шеше алмайтын болса, онда ол өзін - өзі түсінуден қалады. Ондай адамдар қоғамдық ортада болатын өзгерістерге тез бейімделіп, сол ортаның талап – тілектерін орындайтын болады. Бұл тип саналы және санасыз түрде кез – келген ортаға бейім.

Карл Леонгард (1904 — 1988) — неміс психиатры.
қалыпты адамның мінез-құлқының айырықша белгісін мінездің екпіндеуі( мінез акцентуациясы) деген терминмен белгілеген. К. Леонгард жүйесі:

  1. Гипертимді тип. Ондай адамдар қарым-қатынасқа тез түседі, сөзшең, мәнерлі Мұндай адамдар сөйлеу барысында алғашқы тақырыптан жиі ауытқиды. Бұл типті адамдар қақтығыстарды өздері жасайды, бірақ басқа адамдар ескертпе жасайтын болса, оған қапаланады. Жағымды жақтары: адамдармен қарымқатынас жасау барысында, әрекет жасауға деген ұмтылыс, оптимизм, белсенділік. Жағымсыз жақтары: өмірге жеңіл қарау, жағымсыз әрекеттер жасауға бейімділік, жоғарғы қозушылық, өзінің міндеттеріне жеңіл қарау.

2. Дистимді тип. Мұндай адамдар қарым – қатынасы төмен, көп сөйлемейтін, көңіл – күйі пессимизмге толы. Олар көбінесе үй адамдары, шулы ортадан аулақ болады, шуды көтере алмайды, басқа адамдармен қақтығыстарға аз түседі, тұйықталған, шектелген өмір жағдайында болады. Олар өздерімен қарым – қатынасқа түскен, дос адамдарды өте қатты сыйлайды, оларға бағынады. Жағымды жақтары: шыншыл, тиянақты, адал. Жағымсыз жақтары: пассивтілік, ойлаудың ақырын болуы, жекелік, қимыл-қозғалысы баяу.
3. Циклоидты тип. Көңіл-күйі лезде өзгереді, сондықтан оның адамдармен қарымқатынасы да осыған байланысты өзгеріп отырады. Көңіл-күйі жоғары болған кезде ол басқа адамдармен тез қарым-қатынасқа түсетін болады, ал егер көңіл-күйі төмен болатын болса, онда адамдармен қарым-қатынасқа түспей, тұйықталып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет