Тақырып: Редукторлар жайлы толық мәлімет беру. Сабақ мақсаты



Дата11.12.2021
өлшемі323,71 Kb.
#99252
түріСабақ
Байланысты:
редуктор


Тақырып: Редукторлар жайлы толық мәлімет беру.

Сабақ мақсаты: барлық мәшинелерге тән бір типтес жалпы бөлшектердің жұмыс жасау шарттарын ескере отырып, редукторлар жайлы толық сипат беру, олардың конструкциясын, жобалау жолдарын, қандай материалдан жасауға болатынын және оларды беріктікке, төзімділікке есептеу жолдарын үйрету.

Тақырып мазмұны:

Машиналарда кездесетін сан алуан бөлшектерді және тораптарды екі түрге жіктеуге болады: бір типтес бөлшектер, яғни барлық машианаларға тән жалпы бөлшектер мен тораптар және арнаулы бөлшектер. Жалпы бір типтес бөлшектерге әр түрлі беріліс бөлшектері: тісті дөңгелектер, белдікті, фрикциялық, шынжырлы берілістер және қосылыс бөлшектері: бұрандалы бөлшектер, шпонкалар, штифттер сыналар т.б., сондай-ақ біліктер, подшипниктер, муфталар жатады. Осы бөлшектер мен тораптарды әр түрлі машиналардың құрамынан кездестіруге болады. Ал тежеуіштерді, барабандарды, шығырларды, ілмектерді, стволдарды және басқа бөлшектерді тек қана белгілі бір машиналардан кездестіреміз. Мысалы, ствол тек атқыш машиналарына тән бөлшек болса, тежеуіштер транспорт машиналарына тән, ілмек, барабан мен – шығыр көтергіш машиналарда кездеседі. Сондықтан бұлар арнаулы бөлшектерге жатады.

Көлік техникасының базалық және корпустық детальдарына крандар арбашаларының рамалары, мойынтіректер астындағы тұғырлар, редукторлар корпустары, т.б. жатады. Жүккөтерімділігі 50т-ға дейінгі көпірлі крандар арбашаларының рамаларының букса астындағы тіректері, редуктор, тежегіштер мен қозғалтқыштар астындағы тірек беттері өңделеді, Бұл беттерді рамаларды бекіту айлабұйымдарын пайдалана отырып, горизонталь-кескіш станоктарда фрезерлеу әдісімен өңдейді.

Рамадағы, тұғырдағы және ірі корпустық детальдардағы тесіктерді радиалды-бұрғылау станоктарында теседі. Кран арбашасындағы рамада тесік жасау үшін (4.8-сурет) [13] раманы жылжымалы айлабұйымда 1 орналастырады және бекітеді. Радиалды-бұрғылау станогінің бұрылу бастиегі 3 вертикаль және горизонталь жазықтықтардағы тесіктерді тесуге мүмкіндік береді. Тесіктерді белгілеу арқылы немесе кондуктордың көмегімен теседі. Мұнда төрт кондукторлық втулкасы бар бұрыштық кондуктор 2 пайдаланылады.

Редукторлар корпустарын, картерлер қақпақтарын және осыған ұқсас детальдарды өңдеуде бекітілген технологиялық талаптар сақталуы тиіс.

- пісірусіз өңдеу кезінде ақаулар байқалған жағдайда өңделмейтін беттерде тереңдігі қабырға қалыңдығының   -дей болатын қаяуларға рұқсат беріледі;

- бірігу жазықтықтарындағы жазықтықтан ауытқу 500 мм ұзындықта 0,2 мм-ден аспауы тиіс. Қақпақ пен редуктор корпусының жанасу жазықтығын сүңгіш арқылы тексереді. Қалыңдығы 0,05 мм болатын сүңгіш табақшасы ені бойынша 30 мм-ге, тереңдігі бойынша 5 мм-ге дейін өтуі мүмкін.

Редуктор корпусын өңдеудің технологиялық сұлбасы



Операция

Операция сұлбасы

Қақпақ пен корпус тұғырының бетін 1 бірмезгілде қаралтым сүргілеу немесе фрезерлеу (h өлшемін сақтау). Қақпақ пен редуктор корпусы тұрғырын төрт айналдырықты екі орынды айлабұйымда 2-5 беттерді бірмезгілде тазалап фрезерлеу (өлшемдерді сақтау)



Қақпақ пен редуктор корпусы тұғырын төрт айналдырықты екі орынды айлабұйымда 1-4 беттерді бірмезгілде тазалап фрезерлеу (   және   өлшемдерін сақтау)



Айнабеттік кезеулеткішті пайдалана отырып, қақпақтың 1, 2, 3 тесіктерін тесу, 2, 3 тесіктерін үңгілеу, тесікті 1 үңгімен тазалау, 1, 3 тесіктерге бұранда салу. Кезеулеткішті бұру арқылы тесікті 4 тесіп, оған бұранда салу.



Айнабеттік кезеулеткішті пайдалана отырып, редуктор корпусының тұғырындағы тесіктерді 1, 2 тесу, тесікті 2 ұңғылау және тесікті 1 үңгімен тазалау



Кезеулеткішті 45   -қа бұру арқылы тесікті 3 тесу, ұңғылау және үңгімен тазалау. Кезеулеткішті кезекті 45   -қа бұрған кезде тесікті 4 тесу, үңгімен тазалау және бұранда салу



Кезеулеткішті 90   -қа бұру арқылы тесіктерді 5 және 6 тесу, ұңғылау және үңгімен тазалау. Болттармен 1 бекіту арқылы корпусты жинақтау, конустық сұңқыштарды қоя отырып, екі конустық тесіктерді 2 үңгілеу



Үш борштанга арқылы тесіктерді 1-3 бірмезгілде қаралтым жону. Үш борштанга арқылы тесіктерді 1-3 бірмезгілде тазалап жону.




Параллель еместік пен осьтер айқасуының ауытқу шақтамасы осьаралық қашықтықтар шақтамасынан аспауы тиіс. Өңдеуден соң редуктор корпусы жоңқалар мен құмнан тазалануы, жуылуы, қымтаудан сынақтан өтуі тиіс. Ішкі өңделмеген беттерді майға төзімді сырлармен сырлайды. Ірісериялы өндірісте редукторға тесік жасау үшін агрегаттық көпайналдырықты станоктар қолданылады.

Қазіргі таңда редукторларды және басқа да жинақтаушы механизмдерді (тежегіштер, муфталар және т.б.) арнайы заводтарда шығарады. Мысалы, Ижевск редуктор заводы соңғы елу жыл ішінде редукторлар шығарудан ірі кәсіпорынға айналған. Завод жетек техникасының кең номенклатурасын: цилиндрлік, бұрамдық және конустық тісті берілістері бар редукторлар мен мотор-редукторларды, мұнай өнеркәсібіне арналған әртүрлі жүккөтергіш механизмдер мен жабдықтарды шығаруды игерген.

Завод шығаратын редукторлардың негізгі техникалық сипаттамалары 4.3-кестеде келтірілген.

4.3-кесте

Редукторлардың негізгі техникалық сипаттамалары



Сипаттамалар

редуктор типі
















Цилиндрлік горизонтальді

Цилиндрлі вертикалды

Бұрамдықты

Планетарлы

Конустық

Арнайы тісті




Жай жүрісті сатының осьаралық қашықтығы, мм

100...600

100...250

-

-

-

100...700

Шығыс біліктегі айналу моменті, Н*м

315...56000

250...4000

90...2000




160...720

100...8000

Беріліс саны

2...200

10...100

8...20

26...52

1...63

1...1000

Осьаралық қашықтық, мм

-

-

63...160

-

-

-

Осьтердің орналасу радиусы, мм

-

-

-




-

-

Беріліс бұрышы, ...0

-

-

-

-




-

Ижевск редуктор заводы, сонымен бірге жүктік планетарлық шығырларды шығарады. Шығырдың арқандағы номиналды тарту күші 35/100 кН, арқанды ораудың номиналды жылдамдығы 37/60 м/мин.

Электр қозғалтқышының редукторы.



Планетарлық редуктор.



Тік редуктор.



Газ редукторы.



Үй тапсырмасы: тақырыпты толықтырып, оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет