Тақырып: Саяси идеология, саяси сана, саяси мәдениет


Қазіргі идеологияның негізгі түрлері



бет3/5
Дата28.04.2020
өлшемі26,17 Kb.
#65004
1   2   3   4   5
Байланысты:
07.04.20 ж.№13 Саяси идеология

Қазіргі идеологияның негізгі түрлері

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм (лат. еркін) жатады. Оның негізін салушылар Дж.Локк (1632-1704), Ш.Л.Монтескье (1689-1755), а.Смит (1723-1790), И.Кант (1724-1804), Т.Джефферсон (1743-1826), А.Токвиль (1805-1859), Дж.Милль (1806-1873). Саяси либерализмнің негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекелестіктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметі – меншікті қорғау, «түнгі сақшылық» қызметін атқарады.

XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелкстік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық, бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі негізделді. Мемлекет «түнгі сақшы» деген идеяның орнына «жалпыға бірдей игілік мемлекеті» деген идея келді. Негізгі өкілдері: Ф.Фон Хайек, Дж.Кейнс, Дж.Гэлбрейт және т.б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет