Тақырып: Саяси идеология, саяси сана, саяси мәдениет



бет2/5
Дата28.04.2020
өлшемі26,17 Kb.
#65004
1   2   3   4   5
Байланысты:
07.04.20 ж.№13 Саяси идеология

Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, т.с.с. жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады.

Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан, ол тұжырымдамалар мен көзқарастың жүйесі болып келеді.

Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады.

Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі- саяси идеология. “Идеология” деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А.Дестют де Траси (1754-1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді.

“Идеология” деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді.

Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады.

Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.

Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді.Бұл кезде

адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы

тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады.

Қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның қызметтерінен білінеді:


  1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.

  2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік, т.с.с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.

  3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады.

  4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсендетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.

  5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

Сонымен қатар идеология – сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне, мән-мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.

Қоғамда саяси сана, саяси идеологияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдығы азаяды.

Саяси идеология бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Американың саясатшысы Г.Лассуэлл (1902-1978) БАҚ-тың мынандай негізгі төрт қызметін атап көрсетті: 1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату;

2) хабарларды «редакциялау», таңдау және түсінік беру;

3) қоғамдық пікір қалыптастыру;

4) мәдениетті тарату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет