Тақырып: СӨйлеу техникасы мен эфирдегі дыбысталған сөздің интонациясы



Дата22.11.2023
өлшемі392 Kb.
#192789
Байланысты:
7-сабақ Презентация (2)
b905483e147e687f648a00eb7f8dafe2-1-1

ТАҚЫРЫП: СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ МЕН ЭФИРДЕГІ ДЫБЫСТАЛҒАН СӨЗДІҢ ИНТОНАЦИЯСЫ

  • ҚАРШЫҒАЕВА АЙНҰР АРАЛБЕКҚЫЗЫ «ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ШЕТ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫ
  • филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫ

  • Сөйлеу аппаратының шеткері бөлімінің үш бөлігі бар:
  • 1) дыбыс жасаушы немесе артикуляциялық жүйе – ауыз, көмей, мұрын қуысы, тіл, тілшік, таңдай, тіс, жақ;
  • 2) тыныстау жүйесі – өкпе, кеңірдек және т.б;
  • 3) дауыс жасаушы аппарат – көмей мен дауыс шымылдығы.
  • Осы үш бөліктің қызметіне қарай сөйлеу техникасы үш компоненттен құралады: 1) дыбыстау (дикция); 2) тыныстау; 3) дауыстау.

ДЫБЫСТАУ (ДИКЦИЯ)

  • Дыбыстау мынадай жағдайларда бұзылады:
  • 1) дауысты не дауыссыз дыбыстарды анық айтпағанда;
  • 2) тілде қандай да ақаулар болғанда (сақаулық және т.б.);
  • 3) тым бос, баяу сөйлегенде;
  • 4) немесе керісінше тым жылдам, асығыс сөйлегенде;
  • 5) сөздердің басын не соның жұтып қойғанда және т.б.

1-ТАПСЫРМА

  • Қазақ тіліндегі 9 дауысты дыбысты 19 дауыссыздың барлығымен мына үлгі бойынша тіркестіріп дауыстыны созбай, санамалау интонациясымен айтып шығыңыз.
  • А, Ә, О, Ө, Ы, І, Ұ, Ү, Е; Б, Г, Ғ, Д, Ж, З, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, П, Р, С, Т, У, Ш
  • үлгі: БА, БӘ, БО, БӨ, БЫ, БІ, БҰ, БҮ, БЕ

2-ТАПСЫРМА ТӨМЕНДЕ БЕРІЛГЕН ЖАҢЫЛТПАШТАРДЫ ТЕЗ ӘРІ АНЫҚ АЙТУҒА ЖАТТЫҒЫҢЫЗ. ОЛ ҮШІН АЛДЫМЕН ЖАҢЫЛТПАШТЫ БАЯУ ҚАРҚЫНМЕН, ӘРБІР СӨЗІНДЕГІ ДЫБЫСТАРЫН АНЫҚ АЙТЫП ШЫҒУҒА ДАҒДЫЛАНУ КЕРЕК. ДАҒДЫЛАНЫП АЛҒАННАН КЕЙІН ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ҮДЕТСЕҢІЗ ДЕ ЖАҢЫЛЫСПАЙТЫН БОЛАСЫЗ

  • Жаңылтпаштар:
  • 1) Асат атам ас асатар,
  • Асасатса, аз асатар.
  • 2) Лайдың лайына ластанба.
  • 3) Ор, Ораз! Ораз, ор! Оз, Ораз! Ораз, оз! Ора, Ораз! Ораз, Ора! Ораз озар. Ораз орар. Аз озар. Аз орар.
  • 4) Тары-азық, қазы-азық,
  • Нан азыққа қазық.
  • 5) Қарт, асқа қараңыз!
  • Қарақас, қонаққа қазан ас!
  • Қазан қара қоста,
  • Қарақас қонаққа қазан асқан.
  • Қонақта қосар ат.
  • Аттар отта.
  • Қонақ қоста тоқ.
  • Аттар отта тоқ.

ТЕЛЕДИДАР ТІЛІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗГЕН ҒАЛЫМДАР

  • Г.Машинбаева - лингвопрагматикалық аспектіде зерттеген ғалым.
  • Д.Бисмильдина - теледидардан берілетін хабарлардың тілін cөз мәдениеті тұрғысынан қарастырған

ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬ

  • Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, деректі фильмдерде қолданылатын функционалды стильдердің бірі.

МАҒЫНАСЫ

ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ СТИЛЬДІҢ ЭКСТРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ МЫНАДАЙ:

  • ақпараттың жедел қабылдануы;
  • хабардың толыққанды жеткізілуі;
  • баяндаудың:
  • а) нақтылығы;
  • ә) фактографиялылығы;
  • б) логикалылығы;
  • в) ықшамдылығы;
  • г) экспрессивті-эмоционалдылығы;
  • ғ) қимыл-әрекетке итермелеуі.

ЖАНРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

  • бас мақала, ақпараттық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет және сұхбат, т.т.

ДӘСТҮРЛІ ҚАЛЫПТАСҚАН СӨЗ ҮЛГІЛЕРІ

  • Бүгінгі көретіндеріңіз; Арнайы тілші репортажы; Назарларыңызға ұлттық арнаның қорытынды жаңалықтары; Тікелей эфирде «Хабар» арнасының қорытынды жаңалықтары; Хабарымызды жалғастырамыз; Тілшіміз әңгімелейді; Ендігі кезек спорт жаңалықтарында; Жаһан жаңалықтары; Бүгін сіздермен Айзада Жақсыбек, Медетжан Ызғұтты, т.б.

ТАПСЫРМА:

  • Негізгі және қосымша әдебиеттермен танысып, қазіргі «Егемен Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Астана ақшамы», «Жас Алаш», «Айқын», «Түркістан» т.б. республикалық басылымдардағы саясат, тарих, ауыл мәселесі, экономика, нарық жағдайы туралы күнделікті жарияланған материалдарды талдап, журналист студенттердің жеке даралық стилінің қалыптасуына әсер ететін алғышарттарды анықтау

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  • 1.Серғалиев М. Синтаксис және стилистика. А., 1997, 134-б.
  • 2. Момынова Б.Қ. "Қазақ" газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. –Алматы: Арыс, 1998. –162 б.
  • 3. Бүркітов О. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі (мерзімді баспасөз материалдары бойынша). Канд. дисс.авторефераты. – Алматы, 1996. –24 б.
  • 4. Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика. – Алматы, 1978. – 144 б.
  • 5. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. –Алматы: Арыс, 1998. –158 б.
  • 6. Балақаев М., Сыздықова Р., Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Мектеп, 1968. –239 б.
  • 7. Қ. М.Қ.Қанабекова. Қазақ тілі стилистикасының негіздері: оқу құралы/ Қанабекова М.Қ. – Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013.
  • 8. Ж.Д.Рапишева, Е.Е.Түйте, Ж.У.Есинбаева «Қазақ тілінің стилистикасы». Студенттерге арналған оқуәдістемелік құрал. –Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011.

Назарларыңызға рахмет!

  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет