Таќырып:№9 К. Кречмер, У. Шелдон,Э. Фромм, К. Леонгард, А. Е. Личко бойынша мінездіѕ жіктелуі


Кречмер алдыңғы дене бітімінің типтеріне сәйкестендіре отырып, жеке адамның 3 типін көрсетеді



бет3/12
Дата14.04.2022
өлшемі250,67 Kb.
#139397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
К.Кречмер У.ШелдонЭ.Фромм К.Леонгард А.Е.Личко

Кречмер алдыңғы дене бітімінің типтеріне сәйкестендіре отырып, жеке адамның 3 типін көрсетеді:

  • Шизотимик – астеникалық дене бітім. Тұйық, көп ойланғыш, жаңа ортаға тез үйренбейді, сезімтал болып келеді. Психикалық бұзылыс кезінде шизофриниктерді еске түсіреді. Мінез – қылықтарында аритократтық, сезімнің әлсіздігі, суықтық және билік құмарлық бар.
  • Циклотимик – пикниктік дене бітім. Эмоциясы тез өзгереді, айналасындағылармен еркін араласады. Көңілді, көп сөйлегіш, күшті, ашық, юморға жақын және өмірді жеңіл қабылдайды.
  • Истотимик – атлеттік дене бітім. Тыныш, өз-өзіне сенімді, сезімге көп берілмейді, ортасының ауысқанына қиын үйренеді. Психикалық күйзелісте эпилепсияға ұқсайды.

Неміс психиаторы К. Леонгард қалыпты адамның мінез-құлқының айырықша белгісін мінездің екпіндеуі деген терминмен белгілеген. К. Леонгард жүйесі:


  • Гипертимді тип. Ондай адамдар қарым-қатынасқа тез түседі, сөзшең, мәнерлі Мұндай адамдар сөйлеу барысында алғашқы тақырыптан жиі ауытқиды. Бұл типті адамдар қақтығыстарды өздері жасайды, бірақ басқа адамдар ескертпе жасайтын болса, оған қапаланады.Жағымды жақтары: адамдармен қарым-қатынас жасау барысында, әрекет жасауға деген ұмтылыс, оптимизм, белсенділік. Жағымсыз жақтары: өмірге жеңіл қарау, жағымсыз әрекеттер жасауға бейімділік, жоғарғы қозушылық, өзінің міндеттеріне жеңіл қарау.
  • Дистимді тип. Мұндай адамдар қарым – қатынасы төмен, көп сөйлемейтін,көңіл – күйі пессимизмге толы. Олар көбінесе үй адамдары, шулы ортадан аулақ болады, шуды көтере алмайды, басқа адамдармен қақтығыстарға аз түседі, тұйықталған, шектелген өмір жағдайында болады. Олар өздерімен қарым – қатынасқа түскен, дос адамдарды өте қатты сыйлайды, оларға бағынады. Жағымды жақтары: шыншыл, тиянақты, адал. Жағымсыз жақтары: пассивтілік, ойлаудың ақырын болуы, жекелік, қимыл-қозғалысы баяу.

  • 3. Циклоидты тип.Көңіл-күйі лезде өзгереді, сондықтан оның адамдармен қарым-қатынасы да осыған байланысты өзгеріп отырады. Көңіл-күйі жоғары болған кезде ол басқа адамдармен тез қарым-қатынасқа түсетін болады, ал егер көңіл-күйі төмен болатын болса, онда адамдармен қарым-қатынасқа түспей, тұйықталып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет