Тақырыптардың соңында бақылау сұрақтары берілген. Оқу құрал қазақ тілінде оқитын биологиялық факультеттердің студенттеріне арналған



бет29/36
Дата25.10.2022
өлшемі6,06 Mb.
#154840
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
микр лаб жаңа
Balnur Serik SIB-49,лекция Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, 1636122179, Роза презентация экология, О мерах по дальнейшему совершенствованию этических норм
Сурет 22. Түйнекті бактериялар
1) үрмебұршақ
2) жоңышқа
Генцианвиолет
Түйнек бактериялары өсімдіктерге тамыр түктерінің ұшы арқылы өт-еді және жұқпалы жіпше түзеді. Ол бактерия клеткаларының массасын қарайтын шырышты тартылмалы жіпше түрінде болады. Жұқпалы жіпше тамыр түкшелері арқалы тамыр қыртысы клеткаларына эндодермаға дейін өтеді. Түйнек бактериялары жұққан тамыр қыртысы клеткалары және оларға жанасып тұрған клеткалар белсенді бөлнеді, сөйтіп түйнектер түз-еді. Бұршақ, беде сияқты өсімдіктерде түйнектері ұсақ және олар бұтақ-танған тамырларды ораналасады; ал үрмебұршақ, бөрібұршақ (люпин) сияқты өсімдіктерде түйнектері ірі болады және негізгі тамырда сүйелді өсінді түрінде орналасады.
Материалдар мен құрал–жабдықтар: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің фиксацияланған тамыр жүйелері, фиксацияланған түйнектер, ботаникалық ұстара, фуксиннің суды ерітіндісі, метилен көгі, заттық, жабын шынылар, пинцет, ине, микроскоп, микробиологиялы ілмешек, Петри таб-ақшасы, бұршақты агары бар пробиркалар, бюкстер, сулеманың 0,1%-ті ерітіндісі, 96%-ті спирт, стерильді дистельдендірілген су, Дригаль шпате-льдері, қиғаш бұршақ агары бар пробиркалар.
Жұмыс барысы:
Фиксацияланған әртүрлі бұршақ тұымдас өсімдіктердің (бұршақ, үрмебұршақ, беде) тамырларынан түйнек бактерияларын көру және суреттерін салу.
Түйнек бактерияларының құрылысын зерттеу үшін түйнек арқылы өткір ботаникалық ұстарамен жқа кесінді дайындайды. Кесіндіні заттық шыныдағы 1 тамшы суға салады, фуксинменнемесе метилен көгімен бояйды және микроскоппен (окуляр 15Х, обьектив 40Х) ұлғайтып қарайды. Препараттан түйнектің бактероидты ұлпасы, ал одан түйнек бактериялары массасы көрінеді.
Түйнек бактерияларының морфологиясын өте дәл зерттеу үшін фиксацияланған, боялған жұғынды дайындайды, оны МИ-90 обьективімен қолдана отырып микроскоптайды. Жұғынды дайындау үшін түйнекті кеседі және шырын тамшысын заттық шыныдағы 1 тамшы суға тамызады. Егер түйнектер кішкене болса, оларды шыныға жаксылар жағады. Жұғындыны адеттегідей фиксациялайды және бояйды.
Препараттан әр түрлі формада және мөлшері түйнек бактериялары, яғни ұсақ таяқшалар неғұрлым ірірегі белдеуленген таяқшалар және бактероидтар көрінеді.
Белгілі бір форманың басым болуы түйнектің жасына және бұрша тұқымдас өсімдіктердің даму фазаларына байланысты. Түйнек бактерияларын зерттеу үшін үрмебұршақтың, беденің ірі түйнектерін пайдаланған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет