Таќырыптыќ жоспарлау



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі90 Kb.
#83124
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
колданбалы курс (тригонометрия)
03 Правила обращения с медикаментами высокого риск, колданбалы курс (тригонометрия), ispolzovanie-programmy-geogebra-na-urokah-matematiki-kak-sredstvo-podgotovki-uchashchihsya-k-ege, 1-сынып Цифрлық сауаттылық оқу бағдарламасы, 5 сынып тест, 8 сынып әдебиет 2-тоқсан (3), 10 СЫНЫП 14-18


Павлодар қаласындағы № 20 лицей-мектебі ММ

«Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер»-
атты арнайы курс бағдарламасы
(10 сынып оқушыларына арналған)



Пән мұғалімі: Бисмельдинова Б.М.





2012 -2013 оқу жылы




Түсінік хат
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік- экономикалық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымының түлектеріне жоғары талаптар жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім берудің мақсаты- оқушыны шығармашылық іс- әрекет тәжірибесін меңгерген, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға қабілетті тұлғаны дамыту болып табылады. Сондай- ақ қазіргі кезде қоғамның кәсіптік нақтыланған және жоғары мәдениетті, белсенді мүшелерін дайындау міндеті тұр. Осы міндетті шешу үшін әрбір оқушыны әлеуметтік бағдарланған білім жүйесін қамтамасыз ету керек. Осы бағдарлама оқушыларға ғылыми-жаратылыстану және әлеуметтік-экономика бағытында оқудағы тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерге байланысты сұрақтарды жүйелі түрде оқуға бейімдейді, оларды шешудің әр түрлі тәсілдерімен танысады.
Қолданбалы курс оқушылардың білім-біліктілігін ғана дамытпай, оларға логикалық, эвристикалық ойлау қабілетін дамытуға жағдай туғызады.
Мектептің математикалық оқулықтарында бұл тақырыптардағы есептер жеткіліксіз.
Бұл курстың құндылығы – математика тұрғысынан зерттеу, талдаудағы көзқарастарын нақтылы үрдісінде қалыптастырады. Курстың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру барысында оқытудың мына формаларын қолдануға болады: лекция, семинар, есептер шығару практикумы. Барлық өткізілетін курс сабақтарында проблемалық сипаттамалармен оқушының өз бетінше жұмыс істеуін қамтиды.
Қолданбалы курс мақсаты:
Жалпы логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктілігін дамытуға ықпал ету.
Бағдарламаның міндеттері:

  • Математиканың адам өміріндегі алатын орнын, қажеттілігін дәлелдеу;

  • Алған білімдерін іс – жүзінде пайдалана білуге үйрету;

  • Ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Математикалық білім, білік, дағдының белгілі жүйелерін меңгерту.

Оқушының білімділігі мен біліктілігіне
қойылатын талаптар:
Курс сабақтары нәтижесінде оқушылар мынаны біліп шығуы керек:

  • Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше білуі;

  • Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде келтіру формулаларын қолдана алуы;

  • Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде негізгі тригонометриялық теңбе – теңдіктерді қолдана алуы;

  • Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде қосу формулаларын, қос бұрыш формулаларын қолдануы;

  • Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде қосынды мен айырманы көбейтіндіге түрлендіре білуі және кері түрлендіруді орындай алуы;

  • Күрделі түрлендірулерді орындай білуі.

  • Кері тригонометриялық теңдеулерді шеше білуі;

  • Тригонометриялық теңсіздіктерді шеше білуі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет