Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының



бет3/9
Дата08.02.2022
өлшемі52,75 Kb.
#118553
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-4 5-6 7-8 тусиник хат ДУРЫСЫ
Титульный для КТП
Түсінік хат

2021-2022 оқу жылында 5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады 5-9 сыныптардағы «Информатика» пәнін оқыту білім алушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталаған


Тақырыптық-күнтізбелік жоспар «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы нормативтік құқықтық актілерін пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін ескере отырып құрылған.
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрық);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығына (6 қосымша), 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістермен мен толықтырулар енгізу туралы (6 қосымша) бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары;
7-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
«Ақпаратты өлшеу және компьютер жады». Ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыру. Компьютердің жады түрлері (жедел сақтау құрылғысы, тұрақты сақтау құрылғысы, сыртқы сақтау құрылғысы, кэш – жады). Бірдей ақпарат сақталған әртүрлі пішімдегі файлдардың көлемін салыстыру. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Мұрағаттарды құру және мұрағаттан шығару;
«Жүйелер және қауіпсіздік». Қызметі, компьютерлік желілердің жіктелуі (масштаб, топология, тиістілігіне қарай). Компьютерді зиянды программалардан қорғау;
«Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу». Мәтіндік процессорда кестелерді құру, өңдеу, пішімдеу. Электронды кестелер, электронды кестелердің негізгі ұғымдары. Мәліметтерді енгізу, өңдеу мен пішімдеу, толтыру маркері. Мәлімет типтері. Формулаларды енгізу. Шартты пішімдеу. Диаграммаларды құру;
«Шешімдерді программалау (С/С++, Python, Delphi, Lazarus тілдерінің бірінде)». Программалау жүйесі. Программалау тілдері. Мәлімет типтері. Жобаның интерфейсі. Сызықтық алгоритмдерді программалау. Тармақталу алгоритмдерін программалау. Кірістірілген және құрамды шарттарды программалау; «Нысандар мен оқиғаларды модельдеу». Үшөлшемді нысандар, 3D – редакторлар. Редакторға кірістірілген нысандар. Нысандардың үшөлшемді модельдері. Оқиғалардың үшөлшемді модельдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет