Тақырыптық-күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының



бет9/9
Дата08.02.2022
өлшемі52,75 Kb.
#118553
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3-4 5-6 7-8 тусиник хат ДУРЫСЫ
Титульный для КТП
Түсінік хат

2021-2022 оқу жылында 5-9 сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған Информатика пәнінен жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы» (№9 қосымша) бойынша жүзеге асырылады 5-9 сыныптардағы «Информатика» пәнін оқыту білім алушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды практикада тиімді пайдалану үшін компьютерлік жүйелер, ақпараттық процестер, компьютерлік ойлау саласындағы базалық біліммен және дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталаған


Тақырыптық-күнтізбелік жоспар «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы нормативтік құқықтық актілерін пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесін ескере отырып құрылған.
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрық);
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
«ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығына (6 қосымша), 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістермен мен толықтырулар енгізу туралы (6 қосымша) бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары;
9-сыныпқа арналған "Информатика" оқу пәнінің базалық білім мазмұны:
Білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру;
Ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту; Білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсінуін қамтамасыз ету;
Талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту; Білім алушылардың бойынша жалпылау және ұқсастық, есепті құрамдас бөліктерге бөлу және жалпы заңдылықтарды айқындау, қойылған міндеттерді шешудің тиімді және ұтымды тәсілдерін іздеу қабілеттілігін қамтитын логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ есептеу ойлауын дамыту;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет