Талас Омарбеков Зобалаң Орындаған : Құқықтану 102



бет3/4
Дата13.12.2021
өлшемі0,88 Mb.
#100271
1   2   3   4
Байланысты:
Қарақұм наразылығы
9-срс « аза стан Республикасыны леуметтік ба дарламаларын іске
Қарақұм наразылығы

Сарбаздар (Ырғыз) көтерілісін басуға жіберілген РСФСР-дың Еділ бойы әскери окруrінің 8-атты әскер дивизиясының ерекше оперативтік топтарының командирі Евсеев өзінің бастықтарына берген мәлімдемесінде 23 наурызда (1930 жылы) әскери штаб пен округ белгілеп берген аймактағы "контрреволюциялық қозғалыстың" басып-жанышталғанын және Актөбе мен Қостанай округтарында жасаған әскерлер отрядтарын біртіндеп әрекет Орынбор- Орск бағытына қайтара бастағанын айтты.

Иә, карусыз, карапайым халықтың қанан судай шашқан тағы бір сойқан әскери операция шынында да кайғылы аяқталған еді. "Қорлық өмірден ерлік өлім артық" деген талай сарбаздар ат жалын құшты. Бірақ, Евсеев ойлағандай, әскер соққысынан қазақ даласы тыныштала коймады.

Қарақұмдағы соғыс қимылдарын қалай өткізген жөн деген мәселенің төңірегінде өзара ақылдасқан әскерилер өздерінің алғашқы пікірлерін Қазақстанның ОГПУ – іне мәлім етті . Ол төмендегі құжаттан да көрінеді .
    • “ Жария болып кетпесін. ОГПУ кезекшісі арқылы Жосалы ст . және Самара ОГПУ – нің жауапты кезекшісін шақыру арқылы Қазақстан ПП ОГПУ-ның орынбасары Ж . Альшанскийге- Жосалы , 27. 3. 30. 2 – 00 .

Біріншіден , Торғай — Ырғыз ауданындағы өзендердің және көлдердің , Шалқар — Теңіз көлінің , Жылаш өзенінің ашылып кетулеріне байланысты бандалар солтүстікке кете де , бара да алмайды ,

Екіншіден , бандылар туралы мәліметтер дәл емес , және 120—150—500—1300 салт аттылар шамасын жорамалдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет