Физика-химиялық әдістер – заттармен химиялық реакция жүргізіп, олардың реакция өнімінің физикалық қасиеті бойынша немесе реакцияның эквивалент нүктесін физикалық индикация бойынша анықтау. Ол аналитикалық сигналды аспаптың қабылдауы болып табылады. Осы өлшенетін физикалық көрсеткіштерге сай физика-химиялық әдістер келесі негізгі әдістер топтарына жіктеледі:
Хроматографиялық
Спектроскопиялық
Электрохимиялық
Қазіргі кезде кез-келген өндіріс орындарының аналитикалық зертханасыз жұмыс жасауын елестету мүмкін емес. Бұл қазіргі заманғы өнеркәсіп бастапқы шикізаттың, органикалық заттардың химиялық технологиясы өнімдерінің және басқа да өнеркәсіп түрлерінің, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің құрамын шапшаң және дәл анықтауға салиқалы талаптар қоюында.
Көмірсутек шикізаттары мен басқа да органикалық химия өнімдерінің сапасын арттыру бойынша шаралар кешеніндегі маңызды звено мекемелердегі бақылауды жетілдіру, әдістер мен тәсілдерді жақсарту, сонымен қатар технологиялық процестердің режимдерін стандарттарға сәйкес қатаң сақтау болып табылады.
Хроматографиялық әдістер - заттарды бөлу (айыру), ашу және анықтау әдісі, ол екі араласпайтын фазалар жүйесіндегі заттардың тәртібінің айырмашылықтарына негізделген.
Спектральдық және фотометрлік әдістер талданатын заттардың монохроматты сәулелену жарығын сіңіруін өлшеуге негізделген.
Электрохимиялық әдістер – талданатын жүйенің электрохимиялық қасиеттерін өлшеуге негізделген.
3. ТФХӘ-да қолданатын негізгі тәсілдерге тура өлшеу әдістері және титрлеу әдістері (жанама) жатады.
Тура әдістерде аналитикалық сигнал болып табылатын заттардың физика-химиялық қасиеттерінің талданатын заттар табиғатына және оның концентрациясына тәуелділігін қолданады. Осы әдістің ішінде ең кең қолданылатыны физика-химиялық өлшеулердің көмегімен тура сандық өлшеу:
Градуирлеу графигі әдісі
Молярлық қасиет әдістері
Үстемелеу әдісі.
Титрлеу әдістерінде талданатын ерітінді концентрациясы белгілі ерітінділермен тирленеді. Титрлеу кезінде аналитикалық сигнал интенсивтігі өзгереді және титрлеу қисығында эквивалент нүктесін табады.
Физика-химиялық талдау әдістерінің қолдану аумағына келесілер жатады: химиялық өнеркәсіп, геология және минералогия, экология, медицина және фармацевтика, медициналық экспертиза және криминалистика, тағам өнеркәсібі, биология, биогеохимия, космохимия, астрофизика, құрылыс өнеркәсібі, тұрмыстық химия ауыл шаруашылығы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |