Талқылау Тақырыбы: «Билік саяси феномен ретінде»


Биліктің қызметтері және жіктелуі



бет2/4
Дата05.05.2020
өлшемі21,97 Kb.
#65815
1   2   3   4
Байланысты:
срс №10
срс №2
Биліктің қызметтері және жіктелуі
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау – дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей; 2) ортабуынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін - өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.

Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің «субъектісі» және «иелік етуші» деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.

Субъект деп іс - әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, «иелік етуші» болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті «иелік етушілер» арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке «иелік етушілерді» биліктің өзімен шатастырады немесе «иелік етушілерді» билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс - әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.

Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т. б. жатады делік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632 – 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 – 1753) болды.

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.

Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке ттәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет