Талқылау Тақырыбы: «Билік саяси феномен ретінде»



бет4/4
Дата05.05.2020
өлшемі21,97 Kb.
#65815
1   2   3   4
Байланысты:
срс №10
срс №2
Биліктің түрлері
Биліктің жүзеге асырылуы тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.

Басқару түрі жоғары өкімет билігі жеке – дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).

Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі бегілі дәрежеде заң шығарған билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болып және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония және т. б. елдерде сақталған.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

Республика президенттік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент не халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны «парламенттік президент» дейді. Ол – салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер – министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.

Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор.

АҚШ – та президент 4 жылға сайланады. Онда премьер – министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты) басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды.

Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасызетеді және т. б.

Қазіргі кезде көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады. Феодалдық мемлекеттерде ол елдің өкілдігін үйлестіруге мүмкіндік берді. АҚШ – та, Францияда оны үстемдік етуші топтар заңгерлерді «шектен тыс демократияландыруға» жібермеу үшін парламент ішінде қосымша тежеу факторы ретінде пайдаланады.

Төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Жоғарғы палатаның қүрылуы әр түрлі болады. Мысалы, Англияда парламенттің жоғарғы палатасына (Лордтар палатасы) мұрагерлікпен өмір бойыболатын пэрлер (жоғарғы аристократтық атақ), ондай құқығы жоқ пэрлер және Англия шіркеуінің жоғарғы шенділері кіреді. АҚШ – та сенатқа (Конгрестің жоғарғы палатасы) әр штаттан (халық санына байланысты емес) екі өкілден сайланады. Германияда жоғарғы палатаның депутаттарын әр жердің үкіметі тағайындайды.

Республиканың үшінші түріне аралас (оны жартылай президенттік немесе президенттік – парламенттік деп те атайды) республика жатады. Мұнда президенттік те, Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Үкіметке екі жақты (Президенттің алдында да жіне парламенттің алдында да) жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық ондай түріне Франция жатады.

Билік басқару түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді. Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үшке бөлінеді.

Унитарлық(латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, ондай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Швеция және т. б. жатады.

Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу(заң шығарушы, сот, атқарушы) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай федеративтік мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия; Германия; Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей және т. б. жатады.



Конфедерация деп өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т. с. с. ) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпы одақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778 – 1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1981 – 1989 жылдары Сенегамбияда болды. Қазір конфедераицяға ұқсас құрылымды Еуропалық одақ құрмақ ойы бар.

Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Бірақ біз ол жөнінде «Қоғамның саяси жүйесін» талдағанда қараған болатынбыз. Сондықтан оған қазір тоқтамаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет