Таным процестері


Доминанта Сонымен доминанта



бет2/8
Дата02.11.2023
өлшемі0,66 Mb.
#189053
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция зейн туйсик кабылдау 4f60c06166088ef3c52ab2d69d0ca866
талдау бжб, Биология КМЖ 8 сынып (1), 1. Ýëåìåíòàðëû? òàëäàó a çåðòòåéò³í ?îñïàäà?û æåêå êîìïîíåíòòå 3, есептер жинағы
Доминанта
Сонымен доминанта деп бір уақытта адам санасына әсер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен беруінің басқаларға үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомский зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті әсер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталығы пайда болады. Бұл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик Ухтомский оны доминанта деп атаған еді.
Доминанта бар кезінде қозудың басқа орталықтары (әлсіз тітіркендіргіштер-«субдоминанталар») көп жағдайда жоғалып кетпейді. Олар доминантамен бірігіп кетеді, оны күшейтеді немесе доминантаға қарсы күреседі. Осы күрестің нәтижесінде субдоминанталар өздері доминанта болуы мүмкін, ал бұрынғы доминанта субдоминантаға айналады. Доминанта қозудың үстемдік орталығы ретінде біздің зейініміздің белгілі бір затқа бағытталуы мен жинақталуының физиологиялық негізі болып табылады.
Ырықты зейін
Ырықсыз зейін
Үйреншікті зейін
Шәкірттің сабақты түсіне алмауы, есінде дұрыс сақтамауы, қате жіберуі, адамның үйренген бір кәсібін меңгере алмауы оған жөнді зейін қоймауынан. Осыған орай адам зейіні үшке бөлінеді.Олар:

Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлануы, көлемі бөлінуі мен ауысуы. Зейін тұрақтылығы: Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады. Зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы деп атайды. Зейін шоғырлануы: оның белгілі бір объектіге бағытталып, онда топталу күші мен дәрежесі, яғни психикалық немесе саналы іс-әркеттің толығымен қажетті нүктеге шөгуі.

Зейіннің бөлінуі: Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекеттерді атқара білу мүмкіндігі. Зейін көлемі – бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара байланыспаған заттар саны. Зейін ауысуы – зейіннің бір объектіден екіншісіне саналы және байыпты өтуін білдіреді , яғни бір объектіден екінші объектіге назарды көшіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет