Танымдық процестер және тұлға психологиясы


Тақырып. Адам қабілетінің табиғаты



бет3/3
Дата08.06.2018
өлшемі0,53 Mb.
#42124
1   2   3

Тақырып. Адам қабілетінің табиғаты.

Адамның  қабілеті  жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.

Қабілет  қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың  қабілеттері  де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.

Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады.

Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте  қабілет  болмағаны.

Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды.  Қабілет  әр кезде де жеее адам қасиеттерінің синтезі.

Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Қабілеттердің  құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді.  Қабілеттердің  дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі.  Қабілет  дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер, өндіріс, ғылым саласында бұрын-соңды болмаған, соны жаңалықтар ашады. Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды.

Таланттылық даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар творчестволық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы  қабілеттерді  зерттейді.

Қабілет негізінен екіге бөлінеді:

1. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Мысалы; ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық және т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

2. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнайы қабілет деп атаймыз.Мысалы, суретшінің, музыканттың, актердің қабілеттерін жатқызуға болады.

Жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан д.а.

Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атаймыз.

Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Себебі адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құшарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында.

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болады, мұны психологияда мотив не түрткі д.а. Кез-келген түрткі сан-қилы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі- оның қажеттіліктері. Адам өз қажеттеріне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Осы мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Осының салдарынан қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамның қимыл-қозғалыстарын екі топқа бөлеміз: еріксіз қозғалыстар (көздің жұмылуы, жөтелу, түшкіру).

Тақырып. Еріктің табиғаты.

Ерік-бұл адамның мақсат қоя отырып жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы немесе ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті. Ерік өмірдің ауыртпалық түскен жағдайларда белсенділік көтеріп, өзін-өзі реттеудің көзі бола отырып, сана басқарымында болады. Осыған орай ерік саналы өзіндік басқарумен бірге белсенділік арттыру немесе ынталандыру және реттеу қызметтерін атқарады.

Мақсатқа жетуде қандай да қиыншылықтарды жеңу сол мақсаттың мән-мағынасына терең түсіне білуге және адамнаң өз борышын саналы байыптауына тәуелді. Мақсат неғұрлым маңызды болса, адам солғұрлым қандай да кедергіден қаймықпайды.

Идеалистер ерікті ми қызметімен де, қоршаған ортамен де байланысы жоқ рухани күш деп санайды. Олар ерікті біздің санамыздың нұсқаушылық, қызмет атқаратын жоғары агенті деп санайды. Ерік ешкімге және ешнәрсеге де бағынбайды. Ол еркін. Олардың пікірінше, адам кез келген жағдайда ешкіммен есептеспей-ақ өзінің ойына келгенін істей алады. Ол еркін әрекет етеді. Басқаша айтқанда, адам не тілесе соны істейді, қалауына қарай қылық жасайды. Бәрі оның ерікті еркіне байланысты.


Ерік еркіндігінің идеалистік концепциясы философиялық және этикалық көзқарас тұрғысынан да жалған. Идеалистердің ойынша рух бостандығы әрекет бостандығына алып келеді. Бірақ қоғам мүшелерінің мүдделерімен санаспайтын жеке адам мінез-құлқы мораль және заң нормаларын менсінбеу, кейде оны бұзу болып табылады.

Материалистік ұғым – ерік табиғаты жөніндегі бірден-бір дұрыс түсінік. Онда психиканың басқа жақтарымен бірге еріктің де нервтік ми процестері түрідегі негізі болады. Ерікті материядан, мидан бөліп алу мүмкін емес. Материалистер адам қоршаған ортамен өте тығыз байланыста болады деп қарайды. Тиісті сыртқы жағдайлар болмаса, ол өмірін сақтай да, жалғастыра алмайды. Ерік сананың басқа да түрі тәрізді объективтік шындықты мидың бейнелендіруі. 


Ерік табиғаты жөніндегі материалистік көзқарасты баяндай және оны идеалистік көзқарасқа қарсы қоя отырып, Ф. Энгельс: «Еркіндік табиғат заңдарына ой жоруындағы тәуелсіздікте емес, еркіндік сол заңдарды білуде және сол білудің негізіде табиғат заңдарын жоспарлы түрде белгілі мақсаттар үшін қызмет етуге көндіру мүмкіндігенде» - деп жазды және онан соң: «Олай болса, ерік еркіндігі – істі жете біліп, қортынды жасай алуда, одан басқа еш нәрседе емес деді.

Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік табиғатын материалистік түсіну әрекеттер мен қылықтардың қозғаушы күштері адамның өзіде емес, сыртқы ортада жатады деген жайтты сөзсіз мойындаудан көрінеді.


Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория. Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интелектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді. Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оға алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады. Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы, екіншісі – ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Бұл пікір бойынша ерік өздігінен пайда болады, ол өзінен-өзі еріксіз жүзеге асып отырады. Адам ерікті әрекет ету үшін өзінің бұрынғы көрген-білгенін елестетуі керек, сол елестеудің нәтижесінде адамның ерікті әрекеттері пайда болады. Мұндай көзқарас адамның ерік- жігерін белсенді түрде өзінің әрекеті ретінде қарастырмайды, өздігінен ассоциация заңдары бойынша пайда болатын әрекеттер деп түсінеді.
Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады. Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды.       
қалады.
З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде «ерік адам қылықтарына дем беруші» ерекше қуат деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ, «либидо» (махаббат) жыныстық құмарлықтың психо-сексуальды энергиясы. Мұндай тұжырымдаумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни «либидоның» «мәдениеттестірілген» алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дүниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екнін түсіндіріп бақты.

Еріктің физиологиялық негіздері. Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал И.П.Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.


И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді.
И.М.Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек». «Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады» деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.

Тақырып . Эмоция және сезімдердің арақатынасы.



3.1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ

Семинар сабағы. Түйсік

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Түйсіктің психофизикалық, физиологиялық негіздері.

  2. Түйсіктің түрлері.

  3. Түйсік түрлерінің өзіндік қасиеттері. Сезім мүшелерінің адаптация, сенсибилизация және синестезиясы.

  4. Түйсіктің абсолюттік және салыстырмалы табалдырығының өзгермелілігі (Вебер-Фехнер заңдары).

Әдістемелік нұсқау:

Түйсіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіріріңіз. Өмір сүру ортасындағы адам үшін маңызды болып табылатын көптеген қасиеттердің бейнеленуі және түйсіктің көптүрлілігін дәлелдеңіз. Түйсіктің сандық өлшем бірліктерін анықтап, түйсіктің түрлі моделдегі табалдырық мағыналаларына мысалдар келтіріңіз.

Әдебиеттер:


  1. Лурия А.Р. Ощущения и восприятие. – М., 1975

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004

  4. Хрестоматия по ощущению и восприятию. – М., 1975

Семинар сабағы. Қабылдау

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Қабылдаудың табиғаты.

  2. Негізгі қасиеттері және оларды анықтайтын факторлар.

  3. Кеңістік пен уақытты,форма мен қозғалыс, көлемді қабылдау ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау:

Қабылдаудың негізгі қасиеттеріне талдау жасай отырып, қабылдаудың түйсіктен айырмашылығын анықтаңыз. Оларды анықтайтын негізгі факторларды көрсетіңіз. Тұлғаның даму ерекшелігіне байланысты қабылдау ерекшеліктерінің өзгеру ерекшеліктерін зерделеңіз.

Әдебиеттер:


  1. Лурия А.Р. Ощущения и восприятие. – М., 1975

  2. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  3. Сатиева Ш.С.Психология С. 2007

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004

  5. Хрестоматия по ощущению и восприятию. – М., 1975

Семинар сабағы. Ес процесі

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Ес процестері:есте сақтау, есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

  2. Ес заңдылықтары мен теориялары:естің ассоциативтік теориясы, гештальттеория, психоанализдік теория, ақпараттық- кибернетикалық теория.

  3. Естің түрлері және ерекшеліктері. Оларды классификациялаудың негіздері.

Әдістемелік нұсқау:

Естің адам өмірінде, іс-әрекетіндегі маңызын мысалдар келтіру арқылы дәлелдеңіз. Ес заңдылықтары мен теорияларының айырмашылықтарына, әсіресе ес түрлерінің өзара байланысына көңіл аудару қажет. Есте сақтау және қайта жаңғыртуды қалыптастыру жолдарына байланысты әдістемелерді қарастырыңыз.

Әдебиеттер:


  1. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

  2. Зинц Р. Обучение и память. – Минск, 1984

  3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  4. Рамендик Д.М., Солонкина О.В. Психология и психологический практикум для гуманитарных специальностей. – М., 1989

  5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов-на Дону, 1996

Семинар сабағы. Ойлау – күрделі танымдық поцесс ретінде.

Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Белсенді таным процесі ретінде теориялық және практикалық ойлаудың түрлері.

  2. Ойлау формалары, ойлау тәсілдері.

  3. Ойлау теорияларының типтері. Бихевиоризм, гештальтпсихология, ассоциативті теориядағы ойлау туралы қағидалар.

  4. Ойлаудың логикалық теориясы(С.Л.Рубинштейн, іс-әрекеттік теория П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов).

  5. Интеллектуалдық даму көрсеткіштерінің тұрақтылығы және ауытқымалылығы.

Әдістемелік нұсқау:

Жаңа білімді меңгеру мен міндеттерді шешуді ойлау процесімен байланыстырыңыз. Ойлауды – шындықты бейнелеудің, өзгертудің белсенді және шығармашылық формасы екенінін дәлелдеңіз. Ойлауды дамытуға байланысты түрлі концепцияларды топтастырып, оларға талдау жасау қажет. Адамның ойлау түрлерінің дамуын жеделдетін немесе бөгет болатын факторларға талдау жасай отырып, интеллект коэффиценті ұғымын ашыңыз.

Әдебиеттер:


  1. Выготский Л.С. Собрание сочинений: В6т. – Т.2. – М., 1982

  2. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

  3. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  4. Рамендик Д.М., Солонкина О.В. Психология и психологический практикум для гуманитарных специальностей. – М., 1989

  5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб., 2004

  6. Хрестоматия по общей психологии. Психология мышления. – М., 1981

  7. Тихомиров О.К. Психология мышления. – М., 1984

Семинар сабағы. Қиял

Талқылауға арналған сұрақтар:


  1. Қиялдың физиологиялық негіздері.

  2. Оның түрлері және ерекшеліктері, негізгі функциялары.

  3. Шығармашылық фантазияның нақты және абстрактілі түрлері.

Әдістемелік нұсқау:

Қиялдың адам өміріндегі ролін ашу: эмоционалды-қажеттілік кейіпті басқару, көрнекі-бейнелі ойлауды жандандыру, таным процестерін шартты түрде реттеу, әрекеттің ішкі жоспарын реттеу, әрекет-қылықты бағдарлау. Шығармашылық қиял түрлерін салыстыра отырып, ұлы шығармашылық туындаларға психологиялық сараптама жасаңыз. Күрделі танымдық міндеттерді шешудің қиялға тәуелді екендігін дәлелдеңіз.

Әдебиеттер:


  1. Выготский Л.С. Собрание сочинений: В6т. – Т.2. – М., 1982

  2. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998

  3. Жарықбаев Қ. Психология. –А., 2001

  4. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т1.(Общие основы психологии) – М.,2003

  5. Никифирова О.И. Исследование по психологии художественного творчества. – М., 1972

  6. Рамендик Д.М., Солонкина О.В. Психология и психологический практикум для гуманитарных специальностей. – М., 1989

  7. Столяренко Л.Д. Основы психологии. – Ростов-на Дону, 1996



4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

4.1 СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.



Берілген тақырыпты конспектілеу

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.






Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет