Тапсырма-1 Мәдениеттанулық зерттеулердің негізгі бағыттары (кесте жасау). Мәдениет тілінің мәні, оны түсіну ерекшеліктері мен негізгі формалары (мәдениеттанулық талдау). Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері



бет6/8
Дата08.02.2022
өлшемі40,05 Kb.
#119214
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-тапсырма

5. Қорытынды: Қорыта алғанда, бұл шағын рефератымда көшпелі номадалардың басты мәдени ерекшеліктерін жіпке тізген моншақтай қып айта алмасам да, болашақ тіл маманы, әдебиет пен мәдениет жанашыры ретінде өзім үшін біраз таным – түсінігіме сіңдіре алдым деп ойлаймын. Қалай айтсақ та, көшпелі мәдениеттің ерекшеліктерін айтып тауыса алмаспын. Дегенмен, күллі Еуропаны аузына қаратқан шексіз құрлықтың еркін тайпалары қалдырып, жүріп өткен жолдары біздерге үлкен мұра. Олардың жүріп өткен әрбір бір ізі өмірдің «Тарих» дейтін ұлы кітабының әрбір парағы мен әр жолында сайрап жатыр. Қазіргі өркениетті қоғамға аяқ басқан дәуірде осындай құндылықтарымызды ескеру, тану, білу – мәдени дамуымызға одан әрі үлкен үлес қосады. Ұлы далаға жан берген көшпелілердің байырғы рухы әлі күнге дейін Шығыс пен Батысты жалғап, еркін дала төсінде тарихтың шерлі керуенімен бірге көшіп жүргендей көрінеді маған!Көшпелі номадалардың ұрпағына күллі Еуропа таң қалатындай биік беделі бар. Осындай асқақ бабалардан тараған ұрпақтар, мына біздерге қалдырылған мәдени мұралармыз бен тарихымыз, тіліміз бен дініміз, әдебиетіміз бен мәдениетіміз жанарымызға жалын, жүректермізге рух береді деп санаймын!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет