Тапсырма-1 Мәдениеттанулық зерттеулердің негізгі бағыттары (кесте жасау). Мәдениет тілінің мәні, оны түсіну ерекшеліктері мен негізгі формалары (мәдениеттанулық талдау). Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері



бет4/8
Дата08.02.2022
өлшемі40,05 Kb.
#119214
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-тапсырма

3.Номадалар жайында
Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі империя біздің дəуірімізге дейінгі III ғасырдың соңында құрылды. Ол сюнну (хунну, ғұндар) империясы еді. Ол көп ұзамай-ақ Байкал сыртынан Тибетке дейінгі, Орта Азиядан Хуанхэге дейінгі аймақты басып алып, өзінің дүркін-дүркін басакөктеп кіріп баратын шабуылымен ежелгі Қытай мемлекетін жарты мың жыл бойы қалтыратқан үрейлі қорқынышта ұстады. Біздің дəуіріміздің IV— V ғасырларында ғұндардың Европа мен Батыс Азияға жасаған шабуылдары туралы жылнамалар хабарлайды деген Нұсұлтан Әбішұлы «Тарих толқынында». Бұл не деген сөз? Яғни, біздің арғы бабаларымыз Ғұн тайпасы, Күн Шығыс Айдаһар елі Қытайды да қорқынышта ұстаған ұлы көшпелі номадалардың арғы тегі. Біле – білсек, Ұлы Қытай Қорғанының салынуы да осы Ғұн тайпасының ықпалынан қорыққандықтан болатын.
Қаншама ғасырлар бойы Еуразияның тамырына қан жүгіртіп, өз тіршілігін көшпелілікпен байланыстырып, көшпелі мәдениеттің негізін жасаған көшпелі халықтарды - номадалар деп атаймыз.
Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Евразияның этностық жəне мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті.Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Евразияның этностық жəне мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті. “Алғашқы кезде көшпелі өмір салты көшпелілердің (номадтардың) табиғи дене бітімінің жетілгендігі жəне психологиялық жинакылықпен жұмылғыштығы арқасында серпінді қаркынмен жедел дамудың маңызды факторына айналды. Сол заманның бізге дейін жеткен корымқорғандарынан табылған аңдардың ширыққан бейнелері, шайқас пентекетірес көріністері ілгері дамудың нысаны болғаны тіпті де тегін емес. Техникалық тұрғыдан жетілудің жаңа деңгейі байланыс жасау саласында шын мəнінде соны серпіліс жасауға мүмкіндік берді. Дүние көкжиегінің шекарасы кеңейе түсті, орасан зор аумақтарда жаңа үлгілер мен өлшемдер көзді ашып-жұмғанша дерлік тез таралатын болды” (Массон В. М. (Ленинград)... “Номады и древние цивилизации: динамика и типология взаимодействия” — “Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций” кітабынан. Алматы, “Ғылым” баспасы, 1989, 88- бет).
«Көшпелі» - ұғымы кезінде Еуропацентристік (яғни, барлық жаңа дүниелер мен ғылым, мәдениет Еуропадан ғана бастау алады, жаңалықтарың центрі Еуропа ғана деген пікір) көзқарас өршіп тұрған кезде көшпелі номадалар «жабайы» деген пікірді ұстанды. Осы сөзіме дәлел Тұңғыш президентіміздің мына сөзінен алғым келіп отыр: «Сондай-ақ, европацентристердің жəне олардың сойылын сокқан кеңестік насихат пен ғылымның көшпелілер тарихын саналы түрде кемсітуі, көшпелілерді бейғам, жалқау, ынта-жігерсіз, жартылай жабайы тірлік құрушы халық етіп көрсетуі қазақтың ұлттық сана-сезімін күйретіп құртатын рөл атқарды.» Алайда, олар көшпелі халықтардың мәдени өмірінің қандай бай, әрі ауқатты екенін білмеді.
Осы киелі құрлықты мекен еткен біздің ата бабаларымыз, Еуропа үшін көшпелі мәдениеттің не екендігін көрсеткен, рухы өр, қайсарлық пен намыстан жаралған ержүрек бабаларымыз – сақтардан бастау алып, номадалар мәдениеті қалыптаса бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет