Тапсырма Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат



Дата12.03.2017
өлшемі16,64 Kb.
#11516
түріСабақ
  • 2015-2016 оқу жылы

Мақсат:

  • Мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау. Оқушылардың көңіл- күйіне, сабақтағы іс -әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.

Тапсырма

Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат:

  • Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.

Кері байланыс...

  • Оқуды оқыту жағдайына
  • қарай түрі мен мазмұнын
  • әдісі мен тәсілін
  • бейімдейді, тиімді оқытады.
  • Үйреншікті оқыту
  • түрін өзгертпейді,
  • оқытуда бір ғана әдіспен
  • оқыту түрін пайдаланады.
  • Кері байланысты мұғалім
  • Кері байланыссыз мұғалім

Кері байланыс

  • Мақсаты
  • Мазмұны
  • Жасалу
  • түрі
  • Өткізу
  • әдіс-тәсілі
  • Сабақ
  • үлгісі
  • Бақылау, түйінді
  • Сауалнама, сұрақ-жауап, кесте, сурет
  • Эмоциялық күйді,
  • іс-әрекетті, материалды, мазмұны
  • Жазбаша, ауызша
  • Жеке, топтық

Кері байланыстың әдіс-тәсілдер

  • «Табыс
  • сатысы»
  • «Таңдау»
  • “Синквейн”
  • “Аяқталмаған
  • сөйлемдер”
  • «Плюс, минус,
  • қызықты»
  • Көңіл-күй мен
  • эмоциялық жағдайды
  • анықтауға арналған
  • «Ауа райы»,
  • «Бағдаршам»
  • «Алма ағашы»
  • «Бір сөзбен»
  • Сабақтағы
  • іс - әрекетке
  • Оқу
  • материалының мазмұны

Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған

  • «Ауа райы»
  • «Бағдаршам»
  • «Алма ағашы» Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
  • «Бір сөзбен» Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады. *Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт, *Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.
  • Коучинг: "Оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы кері байланыс"

Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.

  • «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
  • 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН,
  • 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН,
  • 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
  • «Таңдау» әдісі.
  • 1. Маған сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
  • 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
  • 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
  • 4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым
  • 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
  • Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.

Оқу материалы мазмұнының кері байланысы

  • “Синквейн” әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс – әрекетін анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің
  • арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді.
  • “Аяқталмаған сөйлемдер”
  • * Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.
  • *..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.
  • * Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім
  • *Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.
  • *................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым
  • * Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді
  • «Плюс, минус, қызықты» Эдвард де Боно (1968 ж)
  • «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
  • «Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
  • «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады

Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды ойлау білуге үйрету . Эдисон

«5 саусақ» әдісі

  • Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық
  • Балан үйрек – маған түсініксіз болды
  • Ортан терек – маған жеткілікті болмады
  • Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім
  • Кішкене бөбек – менің ұсынысым

Кері байланыс

Көңіл-күйді салу

  • Оқушылар көңіл-күйді қарындаш,маркер,фломастер, акварель бояумен салады. Олардың суреті смайлик, жапырақ, гүл, өсімдік, жануар, геометриялық фигуралар, күн, немесе бұлт түрінде болуы мүмкін.
  • Суреттерді топ ішінде шеңбер бойынша жіберіп, толықтыруға болады. Оны автор тарапынан топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа түсіндіріледі. Суреттерді талқылаудан кейін қабырғаға іліп қойған орынды.
  • Суреттерде қолданылған түстер бойынша оқушылардың көңіл-күйі мен өздерін қалай сезінгендіктерін анықтауға болады. Макс Лютердің түстерге берген мінездемесін қолдануды ұсынады.

Көңіл-күйді салу

  • Қанық қызыл, алқызыл түс – агрессия, ашу, толқығанды білдіреді;
  • Жұмсақ қызыл түс (раушан, апельсин түсті) – қуаныш пен шаттықты білдіреді;
  • Көк түс – мұңлы, бәсең көңіл-күй, шаршау, дем алғысы келетінді меңзейді;
  • Жасыл түс белсенділік, сонымен бірге бұл түсті тым көп қолданса, баланың қорғансыздығын көрсетеді, оның қорғаныш іздейтіндігін білдіреді;
  • Сары түс – сабырлық түсі (қуаныш түсі) алайда бұл түске тым көп көңіл бөлу баланың бәсең бола бастағанын көрсетеді;
  • Күлгін түс – алаңдаушылықты білдіреді, көңіл-күйі түсіңкі;
  • Бозғылт түс – бала өз мүмкіншіліктерін ашпайды, оны бір нәрсе шектейді, қобалжуды тоқтады;
  • Қара түс – көңілі пәс, бәрін де жоққа шығару, жұмыс жасауға құлықсыз, өзін аса бағалайды, немесе жақтырмайды деп ойлайды;
  • Қоңыр түс – бәсең, алаңдаушылық пен өзіне-өзі сенбеушілікті көрсетеді.

«Кемпірқосақ»

  • Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерді желімдейді. Олар ең төменгі күлгін түстен ең жоғары орналасқан қызыл түске стикерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

  • тілек

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі

  • Қандай ой пайда болды?
  • Не сезіндім?
  • Не ұнады?
  • Не қиын болды?

«Күн көзі»

  • Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтада салынған күннің суретіне барып жапсырады. Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалады.

«Шеңбердегі доп»

  • Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады
  • (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады).
  • Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
  • Ақ қалпақ – ақпараттар, фактілер
  • Қызыл қалпақ – ішкі сезім
  • Қара қалпақ – логикалық негативті ойлау
  • Сары қалпақ – логикалық позитивті ойлау
  • Жасыл қалапақ – шығармашылық ойлау
  • Көк қалпақ – ойлау процесін басқару
  • 6 ойлау қалпағы

Қорытынды

  • Оқу/оқыту мен үйренудің/ үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді
  • Оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады
  • Дұрыс жауап немесе бағыт таңдалып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады.
  • Қатысқандарыңызға
  • рахмет!

Каталог: uploads -> doc -> 079e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
079e -> Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы «Оқуды бағалау» атты апталық материалдарының жинағы ащысай, 2016 жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет