Тапсырмалары



бет22/24
Дата06.02.2022
өлшемі242,5 Kb.
#80067
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ОСОЖ

14 апта
14 тақырып. Тіршілік металдары.
Есеп
Есеп №1.
Массасы 18 г темір пластинкасы мыстың (ІІ) сульфатының ерітіндісіне батырылды. Оның беті мыспен қапталған соң, оның массасы 20 г болды. Темірдің қандай массасы ерітіндіге өтті?
Есеп шешуі: Металдардың стандартты электродты потенциалдар мәнін пайдаланып реакция теңдеуін жазамыз.
Fe + CuSO4 = FeSO+ Cu
Егер v (Cu) мәні x моль болса, ерітіндіге өткен теміірдің массасы мына мәнге тең болады,
m=v ·M
m (Fe) = 56 ·x г..,
ал пластинканың бетінде бөлінген мыстың массасы, сәйкесінше 64x г..,
Ерітіндіге өткен темірдің массасын, мыстың массасын ескере отырып, пластинканың бетіне қонған массаны ескере отырып, реакция теңдеуін құрамыз:
18 -56 ·x + 64 = 20
X= 0,25
m (Fe) = v ·Mm (Fe) = 56 ·0,25= 14(г)


Есеп №2. Құрамы 80% магнитті темірден тұратын әрбір тонна темір рудасынан құрамында 95% Ғе бар 570кг шойын алуға болады. Теориямен салыстырғанда шыққан темірдің массалық үлесінің шығымын анықтаңдар. Есеп талқыланғаннан кейін, оның шарты жазылады. Жоспар құрылады.
Берілгені: Есепті шығару үшін шығымға байланысты
m (руда) =1т анықтамаларды еске түсіреді. Оны анықтайтын 
m (шойын) = 570кг формуланы жазады.
ω(Ғе) = 0,95
ω(Ғе3О4) = 0,8 η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе)
η(Ғе)-?
Практика жүзінде алынған темірдің массасын шойынның массасы мен ондағы темірдің проценттік мөлшерімен анықтайды. Сонан кейін бір тонна рудадағы темірдің массасын табу үшін алдымен бір тоннадағы Ғе3О4 массасын табады. Сосын химиялық формула арқылы Ғе3Ожәне оның молярлық массасы арқылы рудадағы Ғе массасын табуға болады. Осындай талқылаудан кейін барып, есептің шығару жоспары құрылады.
1. Шойындағы темірдің массасын табу.
m = 570 · 0,95 = 541,5 кг.
2. Бір тонна рудадағы Ғе3О4 массасын табу.
m (Ғе3О3) = 0,8· 1000 кг = 800 кг
3. Ғе3Оқұрамындағы темірдің массасын табу (теориялық масса)
800 ----------------------- х 
232 ----------------------- 168
х = 800 ·168 / 232 = 579
4. Темірдің массалық үлесінің шығымын анықтау.
η = mпрак(Ғе) / mтеор (Ғе) = 541,5 / 579 = 0,94 = 94 %
 
Есеп №3. 1,2 г Mg қышқылымен Н2әрекеттесіп 5,5 г тұз алынады. Алынған өнімнің шығымының массалық үлесін табыңдар.
Шешуі:
m(Mg) =1,2г 1,2г
m MgSО4) =5,5г Мg + Н24 ═ МgSО+ Н2
ή =? 24г 120
1 моль 1 моль
Теңдеу бойынша 1 моль Мg 1 моль қышқылмен әрекеттескен, 1,2г < 24г 20 есе, олай болса m ( MgSО4) массасы 20 есе аз болу керек, яғни mтеор ( MgSО4) =120 : 20 = 6 г.
Бұл алынған мәліметті формулаға қоямыз.
ή = 5,5 г : 6 г = 0,92 = 92 %
Жауабы: 92%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет