Тараған ауылдар, көрші туысқандары бар, барлығы қырық шамалы ауыл осы



бет3/5
Дата24.02.2022
өлшемі30,12 Kb.
#133071
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өрде
Эссе 23
 
181 
Әсіресе, қиыны: келген мен кеткен де, есіктен қарағандар да, жабықтан 
сығалағандар да, мынау жағалай отырған қыз-келіншек те қайта-қайта Абайға 
қарасып, көздерін алмайды. 
- Күйеу көрікті ме екен? 
- Баламызға сай ма екен? 
- Қайтіп отыр екен? - деген, ылғи бір бөтен, қадалғыш көздер. 
Жігітті жігіт емес, келін еткендей, елден ала бөтен киім киіндіріп қойып, 
көлденең тартып: «Міне, мынаны көріңдер!» деген сияқты. 
Күйеулер үйі аз отырып шай ішкенше, оншалық жазылып жадыраса 
алмады. Жұмағұл, Ерболдар үй ішіне түгел жететін калжың, әзіл айтпай, тек, 
өзді-өз қасындағы қыздармен ғана ақырын, сыпайы түрде тіл қатысып отыр. 
Абай бағана үйге кіргеннен бері өзінің жоғары жағында отырған екі-үш 
сәнді, сұлу қыздардың пішініне көз салып, бір нәрсеге қайран болды. Бұл 
қыздардың пішіні соншалық аппақ, беттерінің ұшы да дымырақ ашық қызыл 
реңденіп тұр. 
Абай бұл жақтың әдетін білмеуші еді. Қарқаралы маңындағы Бошанның 
ержеткен қыздары беттеріне опадалап жағатын. 
Шайдан кейін күйеулер үйіне Тәкежан, Мырзахан сияқты, бағана бөлініп 
кеткен үлкенірек жігіттер келді. Солармен бірге әншілер, сауықшы жолдастар 
және осы ауылдың өз жастары да қоршалай кеп қалды. Үй іші бұл топтар 
келісімен күле жайнап, даурыға көбейіп, әзілі, күлкісі молайып, жанданып кетті. 
Кұйеуді қоршаған қыз-келіншекте сан жок. Бірақ осындай шат-шадыман 
думанның тап ортасында боларлық кісі - қалыңдық болса, Ділдә болса, ол әлі 
көрінбеді. 
Абайдың бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре 
келу, қол ұстау деп те аталады. Ең алдымен алғашқы келіс осы. Өзге 
келістердей емес, күйеу бұл жолы алғашқы күндерде талай нәрсеге көндіге білу 
керек. Сол өзгешеліктің үлкені - қалыңдықты оңай көрсетпеу. 
Екі жақтан табысқан ата-ана әуелі осы келудің үлкен тойын жасау керек. 
Той оңай емес. Көп қиын қаммен, асықпай істеледі. Сол тойдың артынан барып 
қана қол ұстау кеші болады. 
Сүйтіп, Абай алғашқы күн ғана емес, тағы екі күн өткенше де өз 
қалыңдығы қандай екенін, кім екенін көре алған жоқ, білген жоқ. 
Бұлар келген күннің ертеңінде Ербол ғана барып, Ділдәмен амандасып, жүз 
көрісіп қайтты. Қалыңдықтың түсін, отырысын Ербол айтқысы кеп еді. Ол өзі 
Ділдәнің ажарына қатты ырза боп, сүйсініп келген. Бірақ Абай айтқызбады. 
Сөзді басқа жаққа бұрып кетті. 
Жастарды күттірген той Абайлар келген соң үшінші күнде болды. Бұл күні 
Абай отырған үйге келіп кеткен қатындардың саны айтып болғысыз, мол еді. 
Таңертеңнен бері әлденеше топ бәйбішелер, қыз-келіншектер, ұрысқақ, тентек 
жеңгелер өтті. Бәріне сызылып сәлем етуге Жұмағұл мен Ербол жалыққан жоқ. 
Абайды үнемі, қайта-қайта: 
- Ал тұр! 
Ал, келіп қалды! 
- Ойбай ана кісілерді қара! - деп, ылғи үркітіп тұрғызып, тәжім еткізумен 
болды. 

 
182 
Күйеу үйі бұл күні үздіксіз шырқаған ән, мәз-майрам күлкі, дамылсыз 
шашу. Тоқтамай әкелініп жатқан кымыз, шай, жиюсыз дастарқан болатын. 
Мезгіл түске тақай беріп, жастар еттерін жеп болған кезде, тыстан: 
- Той! Той басталды! 
- Атқа, атқа қоныңдар! - дескен үндер келді. 
Абай мен барлық осы үйдегі еркектер тысқа шығысты. Күйеулердің аттары 
тегіс ерттеулі, кермеде екен. Ат үсті ойын-сауықты көп жұртпен бірге көру 
күйеуге де рұхсат етілетін. Қыз-келіншектер ауылда қалып, Абай өз 
жолдастарымен, он-он бес кісі боп бөлек аттанып, әрлі-берлі жүрген қалың 
топтан оқшауырак шығысты. 
Күйеулер мен құдалар жағы ерте сайланып, ерте аттанған екен. Абай 
Алшынбай аулынан сыртқарырақ шыға беріп, Ерболмен бірге оңашарақ тоқтап, 
мынау кең жазықтағы ауылдардың қонақ күткен көрінісін тамаша қылды. 
Бұл той Алшынбайдың үлкен той етем деген бір мерекесі екен. Жиылған 
қонақтардың аттары топ-топ. Үйірім-үйірім қара нөпір боп көрінеді. Жалғыз 
сол аттардың өзі де бір қос жылқыдай. Әсіресе, үлкен белгі, тойға тігілген 
үйлер. Солар саны елу-алпыс. Алшынбай аулынан бір шақырымдай жоғары, 
қалың көк шалғынның ортасына ұзыннан-ұзақ екі қатар боп тігіліпті. Ас 
пісірген жер ол үйлердің маңында емес, жаңа Абайлар шыққан ауылдың 
шетінде. Қазір сол ас басынан анау алыстағы қонақ үйлерге қарай күтушілер 
жосылып жатыр. Күтушінің бәрі де ат үстінде. Бастарын ақ шытпен керте 
байлап алған аспазшылар жиырма шақты жігіт. 
Бір өзге салтанаты: осы жігіттердің бәрі де жорға мініпті. Аттары қан сорпа 
болған, өңшең желқайықтай жылмаңдаған жараулар. Сол жиырма кісілік 
күтуші қонақ үйлерге қарай Алшынбай аулынан ағыза жөнеліседі. Қолдарына 
қос табақ алған жігіттер тізгіндерін ауыздарына тістеп алыпты. Арттарында 
егде тартқан жай шапқыншы сияқты үлкен күтушілер бар. 
Олар табақшылардың атын қамшылап айдап, қуып отырады. Ыңғайлы, 
шапшаң табақшылар ат үстінен көсілтіп кеп, табақтарының сорпа-тұздығын 
төкпестен ұсынып, қонақ үйлердің алды-алдына тұра-тұра қалысады. Үй 
алдында тұрған нағыз күтуші ақсақал, қара-сақалдар сол табақтарды шапшаң 
алып, үй ішіне сүңгітіп жатыр. 
Сөйтіп қазаннан жаңа түскен ет, бір қолдан бір қолға лып-лып етіп, 
салқындамай, тоңазымай лезде жетіп тұр. 
Қонақ үйлер дағды бойынша көп жеді. Сол үйлер мен ас үй арасында 
жиырма табақшы бір емес, екі емес талай рет жорғаларын асыға тайпалтқан еді. 
Бұл сыйдың басы Абайлар тысқа шықпай тұрып басталса, енді бұлар тыста көп 
уақыт тосып тұрған кезде де аяқтамай, бітпей жатты. 
Қонақ үйлердің ішінде әр жерге орнатылған емізіктеген сабаларды бұрап 
болып, жаңағы табақтарды құрғатқан кезде ғана тойшы халық аттарына міне 
бастады. 
Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру - 
баршасы да осы күні болды. Ойын бітіп, күн бата тарқар кезде, Алшынбайдың 
тойынан қайтқан кәрілер: 
- Тойы той-ақ болды! 
- Әкелген қалыңмалына сай Алшынбай да көл-көсір қылды! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет