Тарау: Қазақ тілі Тақырып: «Менің бай өлкем» Мақсаты



бет2/2
Дата12.10.2020
өлшемі20,82 Kb.
#65399
1   2
Сөздік жұмысы: геометрическая фигура.

Алдын-ала жұмыс: Слайд бойынша «Отан», «Туған өлке» туралы әңгімелеу

Жабдықтар: Қазақстанның байлықтары туралы бейне материал, Қазақстан картасы, тақырыптық суреттер, слайд, суретті мақал- мәтелдер, сызбалар, жұлдызшалар.

Қызметтің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті



Балалардың

іс-әрекеті

Мақсатты түрткі

Болғыш

Шаттық шеңбері:


  • Балалар,мына күннің шуақтары жоқ екен, сендер маған күннің шуақтарын табуға көмектесесіңдер ме?

Олай болса, тапсырмаларды орындау қажет.

Әр дұрыс жауапқа күн шуағы ілінеді.




  • Сонымен Отан деген не?

Тақпақ: Отан деген атамекен.

Отан деген туған жер.

Отан- ана, отан үлкен,

Қазақстан- туған жер.



Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық.


Балалар хормен айтады.

Іздестіру-ұйымдастыру

Ұйымдастыру кезеңі:

1- тапсырма: Слайд бойынша Қазақстан туралы әңгімелеу.

  • Біздің Отанымыз?

  • Елбасы кім?

  • Елорда қай қала?

  • Астана қандай қала?

Мұғалім: -Дұрыс күннің бір шуағын таптық.
2- тапсырма: Қазақстан рәміздері туралы

  • Қазақстан рәміздерін ата.

  • Тудың түсі қандай?

  • Туда не бейнеленген?

  • Елтаңбада не бейнеленген?

  • Мемлекеттік тіл қай тіл?

  • Рәміздер туралы кім тақпақ біледі?

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрамыз,

Уықтарды құрамыз

Айналамыз , айналамыз,

Киіз үйді құрамыз.
3- тапсырма: мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Сызба бойынша мақал- мәтелдерді айту.


Ойын: «Шаңырақ»

Тақпақ:

Менің елім Қазақстан
Бар ғой онда бәрі де:
Өзен де бар, көл де бар,
Орман да бар, тау да бар,
Жайнаған сансыз қаласы бар,
Жайқалған жомарт даласы бар.

4- тапсырма: Сурет бойынша Қазақстанның табиғаты туралы әңгімелеу.

Мәтін: Қазақстанның көптеген қалалары бар.Олар: Астана, Көкшетау, Алматы, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Шымкент т.б.

Табиғаты өте әдемі. Өзен, көллдер, таулар, ормандар бар. Алуан түрлі аңдар, құстар мекендейді. Табиғи қазбалар бар. Бай өлке.
5- тапсырма: Балаларға көмір, бидай, алма, мұнай, күріш, мақта суреттерін картадағы қалалардың тұстарына орналастыру.

Шымкентте- мақта,

Қызылордада- күріш,

Ақтауда- мұнай,

Қарағандыда- көмір,

Көкшетауда-бидай,

Алматыда- алма.

6- тапсырма

- Қазақстан қалаларын атаңдар ?


- Астана , Алматы , Көкшетау , Қарағанды , Семей ,Өскемен , Ақтау , Атырау ,Орал т.б
- Мыс , жез , түсті металдар шығатын қаланы ата?
- Жезқазған.
- Алтын шығатын қала ?
- Көкшетау.
- Тас көмір өндіретін қалалар ?
- Қарағанды , Екібастұз.

Сергіту сәті : балалар , енді бойымызды сергітіп алайық. « қатты ,сұйық газ тектес » ойынның шарты : мен « қатты » дегенде шеңбер жасап тұрамыз , « сұйық » дегенде ағып жатқан өзен сияқты қимыл – қозғалыс жасаймыз , « газ , тектес » дегенде жан –жаққа қашамыз 

Балалар слайд бойынша сұрақтарды түсініп, дұрыс жауап береді.


Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелейді.

Қызыға қимылды жасайды.


Сызба бойынша мақал- мәтелдерді айтады.

Ойынды қызыға ойнайды.

Балалар хормен, жеке өлеңді мәнерлеп айтады.

Суретке назар аударып, тыңдайды.

Хормен қайталайды.

Сұрақтарға белсенді жауап айтады.



Сергіту сәтін қызыға жасайды.

Рефлексті-дәлелдеу



- Қазақстан несімен бай?

  • Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

Қорытынды: Белсенді қатысқан балалардың еңбектерін бағалап, жұлдызша беру

Бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді .
- Еліміз тыныш болсын !
- Аспанымыз ашық болсын !
- Жеріміз бай болсын!
- Дастарханымыз бай болсын !
- Отанымыз жайнай берсін ! 


Күтілетін нәтіже:

Нені біледі: Қазақстанның байлықтарын.

Қандай түсініктерді игерді: байлықты қадірлей , қорғай білуді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз туған жерінің байлығы туралы әңгімелей , сөйлем құрастыра білуі.

Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет