Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері



бет158/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be
Шынайы патриот тұлға – жалпы адамзаттық құндылықтардың негізін салушы және таратушы (С.Л.Рубинштейн).

Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.

Адамгершілік тәрбиесі – тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімдід амытудың сара жолы

Ақыл-ой тәрбиесі – адамның таным қабілетін дамытып, ержетіп, есеюіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Оқушының оқып білім алудағы іс әрекеттері оның сана-сезімі мен ой-өрісінің кеңею талабына сай бағытталады.

Әлеуметтік тәрбие – тәрбиені әлеуметтік заңдылықтарға байланысты зерттейтін ғылым. Тәрбие әрқашан белгілі әлеуметтік-экономикалық қоғамда, қоғамның өндірістік-объективтік жағдайына сай жүреді.

Дене тәрбиесі – жасұрпаққа білім және тәрбие беру ісінде олардың дене және рухани күштерін жан-жақтыдамыту, жетілдіру, шынықтырумен қатар, еңбекке баули отырып, Отан қорғауға даярлығын қалыптастыру, ерік-жігерін шыңдау тәрбие бағдарламасы

Еңбек тәрбиесі– қоғамда жас өспірімдер мен жастардың еңбекке қатынасын қалыптастыратын, белгілі мақсатқа бағытталған үрдіс. Е.т. – тәрбиенің біртұтас бөлігі. Е.т-нің міндеті – жасөспірімдерді еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетіне үйрету және олардың еңбек етуге дағдыларын қалыптастыру

Ерлік тәрбиесі – ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрі негізінде оқушылардың ерік-жігерін, табандылық, батылдық қасиеттерімен бірге, ұлттық сана, парыз, намысты қалыптастыра отырып, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Құқықтық тәрбие – бүкіл халық мүддесін, өз мүддесін қорғау, өндірістік және саясибелсенділігін арттыру, азаматтардың демократиялық құқықтығымен бостандығын қорғау.

Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын, қоғамдық тәрбие мен ұштасатын отбасындағы бала тәрбиесі. О.т. өміріндегі туысқандық қарым-қатынастармен тұрмыс жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады.

Өзіндік тәрбие – өзінде адамгершілік қасиеттерін баулып, теріс қылықтарды жоюға бағытталған, адамның жүйелі және саналы әрекеті. Ө.т. – жеке өз міндеттерін және ұжым талаптарына негізделген міндеттерді ерікті түрде орындау, қабілетін нығайту және дамытуды әрі моральдық сезімдерді, қажетті тәртіп дағдыларын, ерік қасиеттерін қалыптастыруды талап етеді.

Эстетикалық тәрбие – ақиқат дүниедегі сұлулықты, табиғаттағы, еңбектегі, өнердегі, т.б. дұрыс түсініп және дұрыс қабылдау қабілетін тәрбиелеу.



Патриотизм – халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігімен қатар, әлемдік дамудың тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсауға ұмтылу,Отан үшін қызмет етуге дайын, шын берілген, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеті. Патриотизм - ең жоғарғы сезім, өзгермейтін құндылық және таусылмайтын бастау.

Ұлтжандылық – ұлттық патриотизм. Ұлтжандылық дегеніміз – елі мен жері, халқының бостандығы және мемлекет ретінде жер бетінде сақталуы үшін, ұлт намысын жоғары дәрежеде ұстау үшін күресу. Ұлтжандылықты қазақ патриотизмі деп те қарастыруымызға болады. Ұлтжандылық - ұлт бостандығы, елі мен жерінің тәуелсіздігі, білім мен ғылым, мәдениет, спортта әлем сатыларының биік шыңынан көрінуі негізгі ұстаным болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   165




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет