«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №29 Ю. Гагарин атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»



Дата14.04.2020
өлшемі43,35 Kb.
#62527
Байланысты:
Өркениет

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №29 Ю.Гагарин атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Әдістемелік кеңестің

шешімімен бекітілген

Хаттама №____

«__»________201_ж.


Мектеп директоры

___________Сламов Г.Т.



«Өркениет:даму ерекшеліктері»

10 сыныпқа арналған қолданбалы курс жоспары
Құрастырған: Сапахова Н.Ж.

жоғары санатты тарих пәні мұғалімі

Тараз, 2018 жыл
Түсінік хат


Қазақстан тарихы пәнінен 10 - сыныптарға арналған қоғамдық -
гуманитарлық бағыт бойынша «Өркениет:даму ерекшеліктері» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасы «Қазақстан Республикасында жалпы білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» негізінде және Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, мектеп және мектепке дейінгі білім институты даярлаған тарих пәнінің оқу бағдарламаларына сүйене отырып дайындалды.

«Өркениет:даму ерекшеліктері» курсында қазақ халқының отандық және дүние жүзілік мәдениет қазынасына қосқан үлесін көрсету арқылы егеменді Қазақстан Республикасының дамуына белсене қатысатын, ізгі, өзі жетілдіріп отыруға ұмтылатын, тәуелсіз мемлекеттің қуаты мен бейбітшілікті нығайтуға деген жауапкершілік сезімі бар жас адамның жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосуға міндетті екендіктерін көрсету негізделеді.



Бағдарлама 34 сағатқа жасалған.
Төмендегі тараулардан тұрады:

  1. Өркениет: даму ерекшеліктері

  2. Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер

  3. Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы

  4. Мәдениет, білім және ғылымның дамуы










Курстың мақсаты:

ХХ ғ. бірінші ширегін қоса алғанда сонау қола дәуірінен бергі кезеңдердің және сақтардан бастау алатын қазақ халқының қалыптастырған көшпелілік өркениетін арнайы қарастыру және оны оқу процесінің маңызды бір объектісіне айналдыру.



Курстың міндеттері:

  • Жалпы адамзаттың өркениеттің ерекше бөлігі болып табылатын-көшпенділік өркениетін, оның қалыптасу, даму эволюциясын, кезеңдерін, ерекшеліктерін оның теориясын оқушыларға жеткізу және оны олардың білімдерінің құрамдас бөлігіне айналдыру.
  • Оқушылардың отандық тарих мәселелеріне байланысты ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін игеруі.

  • Қазақстан тарихын оқудың теориялық, нақты тарихи, деректік және тарихнамалық аспектілерін ескеруді білу.



Оқушылардың білімдік деңгейіне қойылатын талаптар:

Білуі тиіс:

Қазақстан жеріндегі тарихи дамудың ерекшеліктері туралы ғылыми түсініктердің ғылыми негізінің болуы;

Тарихи деректер жұмыс жасау;

Болып жатқан тарихи оқиғаларды терең түсініп қорытындылар жасау;



Орындай алуы тиіс:

Әлемдік тарихи процесте Қазақстанның орнын, оның өркениеті, мәдениеті және саяси өмірі туралы тың деректемелер негізінде жасалған жаңа ізденістерді игеру;

Қоғамның дамуы туралы: әлемдік тарихи процесте Қазақстанның орны, әлеуметтік (сынақ) қабілет түрі, өркениет, мәдениет әр түрлілігі туралы білімді;

Дағдысының болуы тиіс :

Қазақстан тарихының деректемелері және зерттеу әдебиетімен жаңа деңгейде жұмыс істеуге дағдылану;

Аталынған курсты оқу барысында алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру;

Салыстырмалы талдау жасау;

Деректік материалдарға сараптама жасай білу;

Құзыретті болуы тиіс:

Қазақстанның бірнеше ғасырға созылған дипломатия тарихы мен халықаралық қатынастары туралы мағлұмат алу;

Тарихи даму үрдісін оқушыларға ғылыми негізде түсіндіру;

Ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдеу;



10 сыныпқа арналған «Өркениет:даму ерекшеліктері» қолданбалы курстың жоспары



Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі




Кіріспе

1

5.09




Көшпелілік және материалдық өндіріс






1

  1. Көшпенділік және өмір сүру ортасы.

1

12.09

2

  1. Көшпенділердің өмір сүру орнының типі.

1

19.09

3

  1. Көшпенділік нысанының сипаттамасы.

1

26.09

4

  1. Көшпенділіктің типтері.

1

3.10

5

Көшпенділіктің генезисі және дамуы.

1

10.10




Өндірістік қатынастар

11c.




6

  1. Материалдық өндіріс саласы

1

17.10

7

  1. Дәстүрлі шаруашылықтың құрылымы.

1

24.10

8

  1. Көшпелі шаруашылықтың типологиясы.

1

7.11

9

  1. Көшпелі материалдық мәдениет.

1

14.11

10

  1. Қоғамдық қатынастар жүйесі

1

21.11

11

Қауым және аумақтық-қауымдық ұйым.

1

28.11

12

Патронимикалық және әлеуметтік-потестарлық ұйым

1

5.12

13

Өндіріс құралына меншіктік қатынас

1

12.12

14

Көшпенділік социумының әлеуметтік-экономикалық құрылымы.

1

19.12

15

Көшпелі қоғамдағы мемлекет

1

26.12

16

Көшпенділіктің рухани ортасы

1

16.01




Көшпелілер мәдениеті және тұрмысы

16c.




17

Үйсін, қаңлы, қимақ, қыпшақтардың дәстүрлері, табынулары, нанымы.

2

23-30

18

Көшпелілердің ерте сақ кезеңіндегі ескерткіштері.

1

6.02

19

Қорған әлемдік ескерткіш ретінде.

1

13.02

20

Түрік және монғол қағанаттарының өнері мен мәдениеті

1

20.02

21

Мемлекеттік-әкімшілік және заңнамалық қызмет.

1

27.02

22

Көшпелілік пен отырықшылық әлемдерінің бірігу мәселесі.

1

6.03

23

Түрік - монғол конфессиялық - идеологиялық доктрина.

1

13.03

24

Ұлы Жібек жолы – отырықшы және көшпелі өркениетті жалғайтын көпір.

1

20.03

25

VІ-ХІІ ғғ. Қазақстанда философиялық ойлаудағы адам проблемасы.

1

3.04

26

Дәстүрлі қазақ мәдениеті

1

10.04

27

Тіл, жазу, тарихи мәдениет.

1

17.04

28

Халық поэзиясының нысандары.

1

24.04

29

Қазақтардың әскери өнері.

1

8.05

30

Қазақтардың құқықтық мәдениеті.

1

8.05

31

Дәстүрлер және мейрамдар.

1

15.05

32

Қорытынды сабақ

1

22.05

«Өркениет:даму ерекшеліктері» атты қолданбалы курсының мазмұны



10 сынып

(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)



1.Өркениет: даму ерекшеліктері (8 сағат)

Орталық Азия өркениеттері:саналуандылығы және мәдени ортақтығы. «Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық аспектілері. Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы. Орталық Азия өркениеттері пайда болуының факторлары.

Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктері.



Ұлы Дала өркениеті. «Ұлы Дала» ұғымының тарихи-географиялық

сипаттамасы. Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының

ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі). Қазақстан аумағындағы ежелгі

археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері. Ерте көшпенділер дәуіріндегі

Ұлы Дала өркениеті. Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығы және

өзара байланысы. Ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына әсері.



Орталық Азия және әлемдік өркениет. Орталық Азия халықтарының

әлемдік материалдық мәдениеттің дамуына қосқан үлесі. Орталық Азия

халықтарының әлемдік рухани мәдениеттің дамуына қосқан үлесі.

Зерттеу жұмысы: Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала.



2.Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер (8 сағат)

Қазақ халқының шығу тегі. «Антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдары. Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер. Қазақ этносының қалыптасуы – көп

ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі. Мәдени-генетикалық код -ұлттың негізі.



Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік

ұйымдасуы. Қазақтарда ру-тайпалық құрылым қалыптасуының тарихи

шарттары. Қазақтардың ру-тайпалық құрылымының эволюциясы. Туыстық

принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызы. «Ауызша

тарихнама», «шежіре», «ру», «тайпа», «ата-жұрт», «атамекен», «ел» ұғымы.

Қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасыуының біріктіруші рөлі.

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі. «Ақсүйек»,

«қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдары. Дәстүрлі қазақ

қоғамындағы әлеуметтік институттардың қызметі.

Зерттеу жұмысы: Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы.

3.Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы (10 сағат)

Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттер. Қазақстан аумағындағы ерте мемлекеттердің саяси ұйымдасуы. «Мемлекет», «билік », «саяси ұйым» ұғымдары.

Ұлы Дала көшпенділерінің империялары. Түркі империясы -

көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Ұлы Түрік қағанатының

қалыптасуы мен дамуы. Түркі империясының мұрагерлері. Мемлекеттік

құрылым түрлерінің сабақтастығы. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі

мемлекеттерінің геосаяси белсенділігі. Түркі әлемінің қалыптасуы мен

дамуындағы түркі империясының рөлі.

Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері. Шыңғысханның әлем

тарихындағы рөлі. Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуы. XIII-XV

ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігі және олардың Еуразиядағы

тарихи процестердің барысына әсер етуі.



Қазақ хандығы – Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет. Ақ

Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығы. Қазақ хандығының

құрылуы – Қазақстан аумағындағы тарихи процестердің заңды нәтижесі. Қазақ

хандарының Қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен нығайуындағы рөлі. Қазақ

хандығының саяси институттары. Мемлекеттік құрылым түрлерінің

сабақтастығы. Бабаларымыздың ұлан-ғайыр аумақты қорғап сақтаудағы рөлі.



Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы.

Қазақстанның мемлекеттік егемендігінен айрылуы. Қазақ халқының

мемлекеттік егемендікті қалпына келтіру үшін жүргізген ұлт-азаттық күресі.

Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясы түрінде мемлекеттік егемендіктің

қалпына келтірілуі. Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі. «Автономдық кеңес

республикасы», «Кеңес одағы республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдары.

Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен

қайшылықтары.

Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы. Ұлттық мемлекеттіліктің

жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның

мемлекеттік тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі – тарихи процестердің заңды

нәтижесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стратегиялары мен

бағдарламалары.

Зерттеу жұмысы: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.



4.Мәдениет, білім және ғылымның дамуы (8 сағат)

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы. Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы қолөнері. «Мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдары.

Қазақстандағы тарихи-этнографиялық процестердің эволюциясы және сабақтастығы.

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. «Әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-

дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдары. Қазақ халқының рухани-адамгершілік

құндылықтары: әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер. Туған жерге, оның

мәдениеті мен салт-дәстүріне құрмет көрсету - шынайы патриотизмнің көрінісі.

Дала өркениеті тарихы мен мәдениетінің ескерткіштері. Тарихи және

мәдени ескерткіштердің классификациясы. Қазақстанның рухани құндылықтары – ұлттық бірегейліктің негізі.

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы: бастауы, дәстүрі, қазіргі уақыттағы дамуы.

Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның мәдениеті. Кеңестік кезеңдегі

мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Жаңа бағыттар мен

жанрлар.

Ұлттық жаңғыру кезеңіндегі мәдениет. Қазақстандық мәдениеттің

дамуы. Жаңа бағыттар мен жанрлар. Халықаралық мәдени кеңістікке кірігу

процесі.

Зерттеу жұмысы: Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.



Пәнаралық байланыс:
1.Дүниежүзі тарихы

2.Қазақ әдебиеті

3.Орыс әдебиеті

4.География

5.Бейнелеу өнері

6.Музыка



Пәндік оқу-әдістемелік құралдар:


1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1 том - А., 1996; 2 том – А., 1998; 3 том – А., 2002; 4-5 томдар - А., 2010.

2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк) А., 1994

3.Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 3 том А., 1979.

4.Қазіргі Қазақстан тарихы. А., «Раритет», 2010.

5.Қазіргі Қазақстан тарихы. Хрестоматия. А., «Раритет», 2010.

6.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы». Астана, 2007.

7.Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995.

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі:

1.Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана А., 1982

2.Байпаков К.М., Нуржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан А.,1992

3.Каримов М. Қ., Асылбеков М. Қ. Әбілпейіз. Қарағанды, 2014.

4.Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы А., 1982

5.Гумилев Л.Н. Хунну М.,1960

6.Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т. Көне мәдениет жазбалары. А., 1991.

7.А. Аманжолов. Түркі филологиясы және жазу тарихы А., 1996

8.Сөнбес жұлдыздар А., 1989

9.Махмуд Кашқари. Тұбі бір түркі тілі А., 1993

10.Қожа Ахмет Иасауи. Диуани Кихмет А., 1993

11.Мұхамед Хайдар Дулати //Ұмытылмас есімдер А., 1994

12.Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 2 том А., 1983

13.Гумилев Л.Н. Қиял патшасын іздеу А., 1991

14.Кәрімов М.К. Қабанбай батыр //Семей-2000

15.Кәрімов М.К. Қаракерей Қабанбай батыр қайда жерленген //Қазақстан тарихы, 1995, № 5

16.Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы А., 1957.

17.Қойшығыра Салғарин Қазақты қилы тарихы А., 1982.

18.Абылай хан Тарихи жырлар 1 том. А., 1993.

19.Х. Әбішев Аспан сыры. А., 1966.

20.Бес ғасыр жырлайды А., 1986.

21.Ахмет Кенесарин. Кенесары және Сыздық сұлтандар А., 1992.

22.Бес ғасыр жырлайды 1-2 томдар А., 1989.

23.Жұбанов А. Замана бұлтұлдары А., 1974.

24.Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. А., 1977
Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

1.Шоқан Уалиханов Тандамалы А., 1985.

2.К. Аллаберген Отарлау саясатының ойраңдры. А., 1993.

3.Рысқулов Т. 1916 ж. көтеріліс //Ақиқат, 1991, № 1-2.

4.Қойгельдиев М. Алаш қозғалысы А., 1995.

5.Муқаметқанов Қ. Алаш сиезінің ақиқаты //Жас алаш, 17 сәуір 1992.

6.Берденева К.Ә., Кубаев Қ.Е. Кәрібай А.Ш. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Оқу құралы А., 1998.

7.Х. Әбжанов. Мәдени құрылыс ақтаңдақтары //Қазақ тарихы, 1993, ғ 3.

8.Балакаев Т.Б., Алдажуманов Х.С. Қазақстан еңбекшілері – майданға А., 1979.

9.Берденева К.А., Кубаев К.Е., Кәрібаев А.Ш. Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономикалық даму негіздері. Оқу құралы А., 1998.

10.Коммунар Табей Мұзда жанған алау. Көкшетау-Алматы, 1993.

11.Қабышұлы И. Қазақ қауымы. А., 1997.

12.Қабышұлы И. Керейлер керуені Өлгий, 1978.

13.Қазақтар Түркияға қайдан барған //Егемен Қазақстан, 21 желтоқсан, 1991.

14.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында А, 1996.

15.Қозыбаев М. Ақтаңбақтар ақиқаты А., 1992.

16.Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы. А., 1998

17.Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процесстер және ұлт саясаты. Семей 1995.




Интернет-ресурстар


1.http://www.kazneb.kz – Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы

2.www.adilet.zan.kz - «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе

3.http://www.gumer.info - Гумер кітапханасы

4.http://science.rambler.ru - ғылыми сеть



5.http://www.elibrary.ru - ғылыми электронды кітапханасы LIBRARY.RU

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет