Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сарамандық және зертханалыққа арналған жұмыс


Оқушының аты-жөні___________________Күні_______Сыныбы



бет5/16
Дата15.12.2023
өлшемі0,71 Mb.
#197076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
1537095311 (1)
bibliofond-79903, 10сынып бжб, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар Информатика 10
Оқушының аты-жөні___________________Күні_______Сыныбы _____


Тақырып 7.1. Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстарыы
Сарамандық жұмыс № 3
Тақырыбы: Аммиактың алынуы,аммиактың сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.
Мақсаты:_________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Құрал-жабдықтар мен реактивтер:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ҚТ ережелерімен таныстым________________


Жұмыстың барысы.

Орындау бойынша нұсқаулық

1-тәжірибе.Аммиактың алынуы және оның суда еруі.
Қағазға немесе шыны ыдысқа 1қасық кальций гидроксидін және 2 қасық құрғақ аммонийхлоридін салып араластырыңдар.Алынған қоспаны тұрғыға бекітілген құрғақ сынауыққа салыңдар және сынауықты газөткізгіш түтігі бар тығынмен жауып,жанарғымен қыздырыңдар.Түзілген газды төңкерілген сынауыққа жинаңдар.Жиналған аммиакты өзіне тән өткір иісінен оңай білуге болады.Аммиак жиналған сынауықты газөткізгіш түтіктен абайлап төмен қаратып тұрып босатыңдар.Тез арада сынауықтың аузын бас бармақпен жауып, суы бар ыдысқа төңкеріп салыңдар.Судың тез жоғары көтерілетіндігіне назар аударыңдар.
Судың астында сынауықтың аузын саусақпен жауып,кірген суымен бірге шығарып алып,фенолфталейнмен сынаңдар.
Неге тәжірибе жүргізгенде барлық ыдыстар құрғақ болуы керек?
Неге жинағыш сынауықтың аузын төмен қаратып ұстау керек?
Аммиактың алыну және еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
Фенлфталейн қандай түске боялады?Неліктен қышқыл қосқан кезде түсі өзгереді?Неге сынауықтағы судың деңгейі көтерілді?Сендерге белгілі өткір иісті газдарды айтыңдар.Аммиак ерітісінде лакмустың түсі қандай болуы керек?
2-тәжірибе.Аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу.
1.Аммоний хлоридін сублимациялау.Сынауыққа құрғақ аммоний хлоридінің аз мөлшерін салыңдар.Сынауықтың шетіне дымқыл фенолфталейн қағазын қойыңдар.Фенолфталейнннің түсінің өзгеріп,қайтадан оның жойылуына назар аударыңдар.
Сынауық қабырғасында пайда болған ақ дақ бар ма және сынауық түбінде салынған тұз қалды ма?Қараңдар.
Неге басында фенолфталейннің түсі өзгеріп,одан кейін жоғалды?Сынауық қабырғасындағы ақ дақтың құрамы қандай?Сынауық түбіндегі тұз неге жоғалды?
Сынауықта химиялық реакция жүрді ме?Егер жүрсе,реакция теңдеуін жазыңдар.Аммоний хлоридін және йодидін Сублимациялаудың айырмашылығы мен ұқсасатығы неде?
2.Аммоний карбонатының термиялық айырылуы.
Сынауыққа құрғақ аммоний карбонатының аз мөлшерін салып,жанарғы жалынында 2-3минут сынауықтағы тұздың барлығы жоғалғанша қыздырыңдар.
Тұз неге жоқ болады?Жүрген реакцияның өнімі қандай?Оның теңдеуін жазыңдар.
3.Аммоний тұздарының гидролизі.Көк лакмус қағазына аммоний хлориді ерітіндісінің тамшысын тамызыңдар.Ерітінді ортасының реакциясы қандай?Неге?Жауаптарыңды реакция теңдеулерімен түсіндіріңдер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет