Тараз қаласы



бет6/8
Дата04.05.2023
өлшемі2,24 Mb.
#176065
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
www.zharar.com-astana-off
10 тақырып, Қалынды Абдужалил С Нақыб Ә, Устойчивость к антибиотикам 2, Презентация, 14

Экономикасы

  • Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.
  • 2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.
  • Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.
  • Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.

Экономикасы

  • Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.
  • Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет