Тараз қаласы



Дата12.03.2023
өлшемі1,81 Mb.
#171946
Байланысты:
www zharar com-aktau
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э

Тақырыбы: Ақтау қаласы Орындаған: Ешмухамбетова Аружан Тексерген: Елшибекова Аспет

Ақтау қаласы

Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.

Географиясы

  • Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.
  • Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.

Әкімшілік құрылымы

  • Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.

Экономикасы

  • Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі.
  • Қалада теміржол вокзалы жоқ. Поездар Маңғышылақ станциясына келіп тоқтайды. Қала мен станция арасында №105 автобусы мен таксилер қатынайды, автобустардың бағасы 35 теңге, таксилердің бағасы шамамен 200теңге ара қашықтығы – 20 км.
  • Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады.

Тарихы

  • Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған және жаңадан барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Атамбай-Сарытөбе, Оймаша, Комсомол, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Толқын, Арман және Дұңған сияқты мұнай-газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды.
  • Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілді

Мәдениеті

Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар, түнгі клубтар бар. Теңіз жағасында ойын-сауық орталықтары, спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары жетерлік. Жастар мен отбасыларға немесе немерекелік және банкеттік кездесулерді ұйымдастырарлық көңіл көтеру және ойын-сауық кешендеріне мысалыға "Ақтау", "Ардагер", "Бәйтерек" және табы басқа шағын кешендерді келтіруге болады. Жаз мезгілінде елді мекен тұрғындарына және қонақтарға арнайы жекешелендірілген жағажайлар бар: "Достар", "Nur Plaza", "Манила". Осыған қоса жеке меншік ретінде саналатын қала сыртында демалыс лагерьлері мен орындары халықтың демалысы мен уақытының жақсы өтуіне өзіндік әсерін етуде.

Табиғаты

Климаты – шұғыл континенттік, жазы ыстық, шөлді, орташа температурасы: қаңтарда −4 °C (минус 15 градус температура мен күшті жел кезінде мектептегі сабақтар тоқтатылады), шілдеде +30 °C. Жазда ауа температурасы +45 °C дейін жетеді. Жердің беті күн түскен кезде +70° дейін қызады. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Сумен қамтамасыз ету үшін МАЭК су тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда теңіз суының өндірістік дистилляты мен «Құйлыс» көзінен келетін қатты минералданған жерасты суы дайындалып, араластырылады. Қала маңында табиғи ауыз су көзі жоқ.

Халқы

  • Қазақтардан басқа көптеген этнос өкілдері де тұрады. Ұлттық құрамы — қазақтар, орыстар, украиндар.

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті. Оған еңбегі сіңген ардагерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары, жастар көшбасшылары, спортшылар, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Елбасы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін дамытуды көздейтін міндеттердің ауқымды екендігін айтты. Қазақстан Президенті тәуелсіздік жылдарында Маңғыстаудың ел өнеркәсібіндегі үлесінің артқанына тоқталды.

Түнгі Ақтау суреті

Теніз жағалауы

Қос мұнаралы орталық мешіт

Каспий теңізіңдегі күннің бату сәті

Теңіз жағалауында тіршілік ететін құс – фауна



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет