Тараз мемлекеттік педагогикалық институты



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі0,57 Mb.
#26903
1   2   3

5. Оқу және ғылыми базалары

Кафедраға бекітілген оқу аудиториялары: 5-312 ауд. (С.Смайлов атындағы «Таным» орталығы (көлемі 90 м²); 6-314 ауд. - «Психологиялық пәндерді оқыту әдістемесі»; 310 ауд. - «Эксперименттік психология»; 316 ауд. - «Жалпы психология және этнопсихология» (көлемі 90 м²); 313 ауд. - «Психология және акмеология» кафедрасы (көлемі 60 м²); Білімгерлер үйінде «Жан сыры» психологиялық орталығы.



2015-2016 оқу жылында «Психология» мамандығының мамандандырылған аккредитациядан өтуіне дайындық жұмыстары жүргізілді: 6-шы корпустағы фое стендтері, ауд. маңдайшалары жаңартылды; «Психологиялык-педагогикалык инновациялар» ресурстык орталығы құрылды – 6-309, сондай-ақ, 6-311-312 аудиториялары заманауи талаптарды қамтитын «Акмеология, СӨЖ, Инновациялық технологияға» негізделген жаңа стендтер, оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдар, оқу әдебиеті, сабақтардың электрондық өнімдерімен және т.б. жабдықталды.
6. Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры

Институт сапалы білім қызметін жақсарту мақсатында жаңа заманғы материалдық-техникалық базаны үнемі жаңартып, институттың миссиясы, мақсаты мен міндетіне сәйкес жетілдіріп отырады (соның бір айғағы ретінде 6-корпустағы компьютерлік классты айтуға болады).

Оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры келтірілген білімгерлер контингентіне сәйкес, бір білімгерге шаққанда, соның ішінде қазақ тілінде (басқа тіл) «Психология», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша 6.1 кестеде берілген:

Кесте 6.1

Оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қоры


Мамандық

Жалпы кітапхана қоры

Кітаппен қамтамасыз етілуі

Қазақ тіліндегі кітап қоры

Қамтамасыз етілуі

5В010300- Педагогика және психология

35844

248

14121

78

5В050300- Психология

24797

141,7

11217

78


7. Кәсіптік тәжірибе

Кафедраның 05050300-«Психология», 05010300-«Педагогика және психология» мамандықтарында оқитын білімгерлердің педагогикалық практикалары кәсіптік практикаларға арналған типтік бағдарламалары (Абай атындағы педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 11.05.2006 жылғы №289 бұйрығымен бекітілген) негізінде өткізіледі. Кәсіптік практикаларын өткізу іс-шаралары ТарМПИ-дың практика туралы ережелеріне және әдістемелік нұсқауына негізделген (ТарМПИ, СМЖ ЕЕ 2/036 - 2012ж. ). 2014-2015 оқу жылына ПИП, ПСХ мамандықтарына 1-4курс бойынша ПРОӘК толықтырылды.

Білімгерлердің кәсіби практиканы өту деңгейі орта мектептер, бала бақшалар, №5513 әскери бөлімі, №2 Қарттар үйі, Қазақстан психологтар ассоциациясы тарапынан жоғары бағаланған. Бірнеше алғыс хаттар, сонымен қатар тренингтер өткізуге қатысқандықтарын дәлелдейтін сертификаттар бар.

Практика түрлеріне тоқталып өтсек, 5В050300 - «Психология» мамандығы: 1 курс «Кәсіби іс-әрекетке кіріспе» атты үздіксіз педагогикалық практика; 2 курс «Психологиялық-педагогикалық» педагогикалық практика; 3курс «Педагогикалық» практика; 4 курс «Өндірістік» практика; «Дипломалды» практика.



5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығы: 2 курс «Ғылыми-зерттеу әдістемесі» атты педагогикалық практика; 3курс «Психологиялық-педагогикалық-әлеуметтік» практика; 4 курс «Өндірістік» практика; «Дипломалды» практика.

Кәсіптік практикаларды өткізуде білім беру және т.б. мекемелермен, атап айтсақ: 8-балалар бақшасы, 10 мектеп және гимназиялар, Ән-Нұр-Фат білім беру орталығымен, Жамбыл ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемесі, Абай атындағы гуманитарлық колледжі, «Астана» гуманитарлық-техникалық колледжі және «Парасат», «Білім», «Тараз-Ғасыр», «Болашақ» колледждерімен, Қарттар үйі және т.б. келісімшарттар жасалған. Кафедра филиалдары: ҚР ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімі, Ән-Нұр-Фат білім беру орталығымен біріккен семинар-тренингтер жоспарлы түрде ұйымдастырылады.



2013-2014 оқу жылы 79 түлек (олардың ішінде 60-ы жұмысқа орналасқан, 19 белгілі бір себептерге б/ты жұмысқа орналаспаған) оқуды тәмамдады. 2014-2015 оқу жылы кафедра мамандықтары бойынша барлығы 129 (олардың ішінде 50-і жұмысқа сұраныс бойынша орналасатындар, 20 нәрестелі және 59 белгілі бір себептерге б/ты жұмысқа орналаспаған), бұл мәлімет кесте 7.1 берілген.

Кесте 7.1

Бітірушілерді жұмыспен қамту бойынша мәліметтер


Оқу жылы

Мамандық атауы,

шифры


Бітірушілер саны

Жұмыс

пен қамтыл

ғаны

%


Бітіріп шығарылған

дар


Жұмысқа өз еріктерімен орналасуына құқық берілгендер

Жұмысқа бағдарланып жіберілген

дер


Жұмыспен қамтылған

дар


2013-2014

оқу жылы


5В010300-Педагогика және психология


47

-

7 (ауыл квотасы бойынша)

40

85,1%

5В050300-Психология

32

12

-

20

62,5%

2014-2015

оқу жылы


5В010300-Педагогика және психология


86

-

5 (ауыл квотасы бойынша)

40

46%

5В050300-Психология

43

-

-

10

33%

Кафедра бойынша барлығы


2013-2014

оқу жылы


79

12

7

60

75,9%

2014-2015

оқу жылы


129

-

5

50

79%

Практика барысында көптеген білімгер-практиканттар сұраныстарға ие болды. Атап айтсақ: 2013-2014 оқу жылының бітірушісі Пип 10-1 тобының білімгері Г.Далиева Ән-Нур-Фат білім беру орталығына, Псх 10-1 А. Қалабаева №25 орта мектепке, 2014-2015 оқу жылының бітірушісі М.Аман №13 орта мектепке, Н.Мұрат «Білім» колледжіне практика нәтижесі бойынша психолог ретінде жұмысқа қабылданды және т.б.


8. Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрада ғылыми жұмыстар «Заманауи педагог-психологтардың акмеологиялық бағыттылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша жүргізіледі. ПОҚ-ның білімгерлермен бірге ғылыми мақалалар жариялауы дұрыс жолға қойылған. 2014-2015 оқу жылында барлығы 56 мақала, оның ішінде Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, ТарМПИ Хабаршысында студенттермен бірлесіп 33 мақала жарияланды, импакт-факторы бар ғылыми басылымда 1-мақала (Сматова К.), шетелдік басылымда 11-мақала (Оразбаева А., Макашкулова Г., Сейдалиева Г.Ш., Стыбаева А.Ш. және т.б) жарық көрді.

Ғылыми жұмыстарға келетін болсақ, «Жас талап-2014» ғылыми конференциясына 14 білімгер қатысып, 1 орынға – ПСХ 12-1 тобының білімгері Еламан М., 4 орынға ПиП 12-1 тобының білімгері Асқарбек А. және ПиП(с)-12-1тобының білімгері Өксікбаева Н., 5 орынға ПСХ 12-1 тобының білімгері Алтынханқызы Ж. ие болды.

«Жас талап-2014» нәтижесі бойынша ПСХ 12-1 тобының білімгері Еламан М. «Әлеуметтік ортада тастанды бала дамуының психологиялық аспектілері» атты тақырыптағы ғылыми жұмысы Республика деңгейіндегі ғылыми жобалар конкурсына жіберілді.

Кафедрада «Инсайт», «Relax» үйірмелері, «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету орталығы студенттердің теориялық білімдерін практикада жетілдіру мақсатында жұмыстарын жүргізеді.

Мамандық білімгерлері «Психология» пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға 2010 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып, 2-3 орындарды иеленіп келеді. 2015ж. сәуір айында Алматы қ. әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де Психологиядан тест және ғылыми жобаларды қорғау сайысы бойынша өткен пәндік олимпиадаға мамандықтың 2-студенті (Еламан М., Дыбыс А.) қатысып, Қазақстанның өзге аймақтарынан келген 44-студенттің ішінде «Білімдегі іскерлік дағдысы» номинациясын иеленді.

Кафедра оқытушысы Карабекова А.Ж. мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде шығармашыл жастарға қолдау көрсету, олардың кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында қала әкімдігі тарапынан тағайындалған «Белсенді жас ғалым» конкурсына қатысты.

2014-2015 оқу жылында М.Оспанбаевамен халықаралық байланыстар бойынша келесі шетелдік ЖОО-мен келісімшарттар жасалды: Евразийский Союз Академического и Международного Сотрудничества (Eurasijský Svaz Vzdělávacích Aktivit a Mezinárodní Spolupráce, EURASS). Чешская респуб., Прага. 2015 ж.; Алтайский государственный педагогический университет. РФ, Барнаул. 2015ж.; Высший технический университет Порто. Португалия, Порто. 2015ж.


9.Тәрбие жұмысы

Кафедра жоспарына сай құқықтық тәрбиеге байланысты келесі тақырыптарда сабақтар жоспарланып, іске асырылды: Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы; Конституция – Қазақстан Республикасының Ата заңы; Стратегия 2030: бүгіні мен болашағы; Дін – ортақ тіл табысу құралы және т.б.

Кафедрада 2014-2015 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының жоспары, ашық тәрбие сағаттары кафедра мәжілісінде талданып, (институт, факультет, кафедра көлемінде) бекітілген.

«Психология және акмеология» кафедрасының 2014-2015 оқу жылына жоспарланған тәрбие жұмысының мазмұны болашақ мамандарды жан-жақты ұлттық сана сезімді, рухани ойлау дәрежесі биік мәдениетті, парасатты еңбекқор, өз халының тарихын, салт-дәстүрін білетін, шығармашыл тұлға ретінде тәрбиелеу деген мақсатты көздейді.

Спорт, ән-би, мәнерлеп оқу секцияларына қатысатын студенттер бар. «Жан сыры» психологиялық көмек көрсету орталығында сессия барысында білімгерлермен тақырып көлемінде кездесулер ұйымдастырылып, пікір-таластар мен тренингтік жаттығулар жүргізілді. Кафедра оқытушысы Б.Ү. Есентаева мен ПиП-11.1 тобының білімгерлері Алшынбай А., Гульмурзаева К., Аман М.; ПиП-11,3 тобының білімгерлері Молжігіт Қ., Жақсымұратова А. «Жан сыры» психологиялық көмек көрсету орталығында білімгерлер үйінде тұратын І курс білімгерлеріне «Жағымды эмоция» «Стресстен арылу жолдары» атты тренинг, әңгіме сұхбат жүргізді және т.б.
10.Кемшіліктер мен ескертулер

- Білім беру үдерісінде ПОҚ-ның инновациялық технологияларды қолдануы жеткіліксіз;

- Сабақтарда рефлексияны қолдану тетіктері әлсіз;

- Дуалды білім беру мәселесі бойынша жүргізілетін жұмыстар әлсіз;

- Кафедра оқытушыларының гранттық және қаржыландыру конкурстарына қатысу белсенділігі төмен;
11.Қорытынды мен ұсыныстар

- ПОҚ-ның инновациялық технологияларды қолдануы бойынша шеберлік сыныптар, тренингтер (он-лайн) өткізуді жетілдіру;

- ПОҚ-ның біліктілік курстары бойынша жинақталған білімдері мен дағдыларын оқу үдерісінде кеңінен пайдалану;

- Дуалды білім беруді жетілдеруде білім беру және т.б. мекемелермен келісімшарттар жасау;



- Студенттер, жас мамандар, және басқа да сала мамандарымен (өзекті тақырыптар аясында) бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуді дамыту арқылы ПОҚ-ның гранттық және қаржыландыру конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету;

- Бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сыртқы бағалауға дайындық жұмыстарын белсендіру.



12. Кафедраның болашақ бағдары

- Психология салалары бойынша компьютерлік диагностикалық әдістемелер базасын құру және оларды тәжірибеде қолдануға баулу арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру;

- Назарбаев зияткерлік мектебімен байланыс құрып (келісімшарттар жасау) «Психология» мамандығы білімгерлерінің өндірістік практикадан өтуін қамтамасыз ету;

- Білім берудегі инновацияларды және критериалды бағалауды енгізу жұмыстарын жоспарлау, кезеңдік жүйеде жүзеге асыру;

- Импакт-факторлы халықаралық журналдарда ғылыми мақалаларды жариялау бойынша тәжірибе алмасу үшін ҚР ЖОО жетекші ғалымдарымен он-лайн семинарлар, вебинарлар ұйымдастыру;

- «Қазақ психологиялық қоғамының» миссиясы (Этномәдени құндылықтарды негізге ала отырып, қазақ психологиясын дамыту) аясында облыс және қала психологтарымен психологиялық қызмет бағыттары бойынша кеңес беру, семинар-тренингтер және т.б. ұйымдастыру. ПОҚ-ның кәсіби іс-әрекетінің аясын кеңейту (түрлі салалар бойынша жұмыс), тәжірибеге бағдарланған оқытуды жетілдіру.



Кафедра меңгерушісі Сматова К.Б.


Каталог: download -> glav
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
glav -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/2-14-7-019
glav -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/2-9-1
glav -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006
glav -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/1-3-011


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет