Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет25/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   203
К 32
75(574)
«СУРЕТ САЛУ ЖӘНЕ БОЯУМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ӘДІСТЕРІ»


Керімбеков С.М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Сурет салу өнері – білімгерлердің қабілеті мен талантын шыңдайды. Сурет салу өнері бойынша екінші «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын дамыту мақсатында:



  • Білімгерлердің теориялық білімін жетілдіріп, дамытуға;

  • Әртүрлі нобайда сурет салуға;

  • Көру, қабылдау, бейнелі ойлауды жетілдіруге;

  • шығармашылық қабілетін дамытуға;

  • заттардың сипаттық ерекшеліктерін еркін қабылдауға;

  • болмысты тұтас аңғаруға;

  • сурет салу жабдықтарын қолдана білуге;

  • сурет салатын графит карандаштарды : - (6т, 5т, 4т, 3т, 2т, т, тм, м, 2м, 3м, 6м) пайдалана білуге үйрету;

  • Сурет салынатын қағазды планшетке керіп бекіту үшін сызба (архитектура) кнопкасын қолдана білуге;

  • Суреттегі керексіз сызықтарды өшіру үшін қолданылатын өшіргіштерді тиімді пайдалануға;

  • Сурет салғанда қолды дұрыс ұстау тәсілін;

  • Сурет салуда көмір таяқшаларын пайдалануға;

  • Сызықтар мен штрих жүргізу тәсілін;

  • Сурет салу композициясының алғашқы тәсілдері;

  • Суреттің шекараларын анықтауға үйрету;

  • Сурет салуда неден бастап, қалай істеу керек деген күрделі мәселелер түсіндіріледі. [7]

Бейнелеу өнерін оқыту барысында сурет салудың жоғарыда көрсетілген мәселелердің бәрін жақсылап ой елегінен өткізіп алғаннан кейін ғана оны жүзеге асыру тапсырылады.
Білімгерлердің болашақ сурет жөніндегі негізгі ой қалыптасқаннан кейін сурет салушы шығарманың жоспарын жасайды. Бұл жоспар бәрі үйлесімді, қисынды, әбден дұрыс болып шыққанша сан рет түзетіліп, толықтырылып, өзгертіліп отырады. Жоспарды жетілдіру үстінде толып жатқан эскиздер жасауға тура келеді.
Алдын – ала орындалатын жұмыстарды жоспарлау яғни суретті үйлестіру тәсілі (компановка) білімділік пен шеберлікті қажет етеді. Компановканың түпкі мақсаты – бейненің жеке бөліктерін біріктіріп, олардың біртұтас болып шығуына негіз қалайды. Сурет салудың басты міндеттері:

  • Суреті салынатын нәрселерді кеңістікте өзара орналасуын дұрыс белгілеу;

  • Қағаз ортасын кесіп өтетін вертикаль (тік), горизонталь (көлденең) сызықтар (координаталар, осьтер) жүргізу;

  • Бұл сызықтар (симетриялы осьтерінен басқалары) нәрселердің (заттардың) көлбеу бұрыштарын анықтау үшін пайдаланып, соңынан өшіріліп тастау ескеріледі;

  • Визирлеу әдісі кезінде сурет салушы қолын алға созып, қарындашты көзінің деңгейінде ұстап отырып, қашықтықта тұрған объектінің биіктігін анықтап, оны басқа заттардың көлемдерімен салыстыруға мүмкіндік береді;

  • Нәрсе бөліктерінің прапорцияларын визирлеу арқылы тексеру, суреті салмай тұрып емес, салынып біткенен кейін істеледі;

  • Сурет салғанда заттың өзіне тән ерекшеліктерін, оның прапорцияларын: биіктігінің көлденеңіне, бір бөлігінің екінші бөлігіне шама қатынасын анықтап алу қажет;

  • Сурет саларда алдымен кескіннің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағдайда тым көп ашық орын қалмауын ойластырып алады;

  • Сурет салып ұдайы жаттығу арқылы көзбен мөлшерлеу күшті дамыған болса визирлеп өлшеуге қарағанда, көзбен мөлшерлеу дәлірек болып шығады;

  • Бейнеленетін объектінің жарық және көлеңке жақтарын анықтау қажет;

  • Адамның жеке суретін салуға машықтанады;

  • Сурет пәні бойынша «Бейнелеу өнері» мамандығына баулудың алғы шарттары түсіндіріліп, үйретіледі.

Зерттеуші әрі суретші И.С. Болатинаның натюрморт туралы айтқан құнды пікірлеріне сүйене отырып, білімгерлерге наюрморт жайлы жан – жақты түсінік бере отырып, натюрморт кескінін салу үшін алдын – ала дайындықтар жүргізіледі.
1. Натюрморт туралы түсінік беру;
2. Натюрморт ретінде салатын затты дайындау;
3. Натюрморт кескінін айқындау (алыс – жақынын, жарық пен көлеңке жағын айқындау);
4. Натюрморттың композициялық кескінін қағазға түсіру;
5. Натюрморттың түсін, түрін айқындау;
6. Натюрмортқа лайықты бояуларды таңдау;
7. Натюрморт салатын заттарды алдын – ала даярлау (кист, бояу, планшет, плакат, қағаз, қалам т.б.);
8. Натюрморт кескінін айқындай отырып, суретін салуға кірісу.
Натюрморт салу үшін «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» туралы әдістемелік құралды (Б. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, - Алматы «Мектеп» 1987) басшылыққа ала отырып, сурет салу жабдықтары, сурет салудың техникасын білуді, сурет салу композициясының алғашқы тәсілдерін меңгеруді, эскиз және нобайын қағазға түсіруді, натюрмортқа лайықты әртүрлі заттар мен адамның суретін салуды, акварель мен майлы бояулы живопись арқылы түрлі материалдармен жұмыс жасауға арналған қағаздарды таңдау білу мақсатында «Натюрморт салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралға Б. Әлмұхамбетов пен Ж. Балкеновтың «Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері» (А, 1987ж) қосымша ендіріледі. Білімгерлерді мамандыққа үйрету үшін – көмекші құрал бойынша А.С. Щипановтың «Әуеқой жас суретшілері мен мүсіншілерге» (А, 1981) деген еңбегіндегі натюрморт жайлы суреттерімен И.С. Болатинаның натюрморт проблемасы жайындағы пікірлері де қосымша берілді.
Мектепте сурет көрмесін ұйымдастыру ойластырылуда. Мектеп мұражайына оқушылардың салған суреттерін жинақтап, суретті альбом жасау жоспарларын, іске асырылуда.
«Суретшілер» үйірмесінің мүшелерін мектеп ішін безендіру жұмысына қамту арқылы көптеген жұмыстар іске асырылды.
1. Мектеп залын безендіру ісіне көмектесу ұйымдастырылды;
2. Әдістемелік оқу бөлмесін жабдықтау іске асырылып келеді;
3. Мектеп мұражайына қажетті суреттер даярлануда;
4. Ұстаздардың көрнекті құралдарын салуға көмектер берілді;
5. Олимпиада жүлдегерлерін даярлау мақсатында сурет өнеріне баулу міндеттері іске асырылды.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   203




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет