Тарих, экономика және қҰҚЫҚ факультеті


Машықкер: Б.Е.Бисенғалиев



бет3/5
Дата10.05.2023
өлшемі331,19 Kb.
#176347
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Борантай практика 2023
stud.kz 6056, stud.kz 6056, stud.kz 6056, stud.kz 6056, 1556536603, Отчет
Машықкер: Б.Е.Бисенғалиев

26 жалпы орта білім беретін мектебінің 8«а» - сынып оқушысы Киікбай Саянға



МІНЕЗДЕМЕ
Киікбай Саян 2009 жылы 17 наурызда дүниеге келген. Оқу озаты. Оқушы талапты, ізденгіш, өз бетімен жұмыс істеу қабілеті өте жоғары. Жұмысты істеуге дағдыланған. Мектепте барлық пәндерді сүйіп оқиды. Мұның дәлелі Саян пәнаралық олимпиадаларға қатысып,жүлделі орындар иеленді. Оқушының білім алуына ата-анасы үнемі көңіл бөліп отырады. Саяноқумен қатар мектептің қоғамдық өмірінен де қол үзбейді.
Саян сонымен қатар апталықтарда да өз белсенділігін жоғары деңгейде көрсетті. Мектепте бірнеше сайыстарға қатысып белсенділігін көрсете алды. Қазақстан тарихы пәнінен мектепішілік олимпиаданың бірінші 1-орын иегері. Бос уақытында кітап оқып, өзін дамытуға арнайды.
Ақжарқын, кішіпейіл Саян сыныптастарының арасында беделді оқушы. Топта ойын терапиясы және тренингтер өткізу барысында оқушының: белсенділік, жігерлілік, мақсаттылық деңгейін, мақсатқа жетудегі табандылығын; көңіл-күй қозғыштығы және күйзелістерге төзімділігін; ерік сапалары: шешімділік, ұстамдылық, өзін өзі басқаруын ; мінезіндегі менмендік, тәкапапарлық, өзін өзі шектен тыс жоғары бағалаушылық, өзгелердің мәселелеріне немқұрайды қараушылық байқалмайтынын; жанашырлығы: өзге адамдарды және олардың әрекеттерінің себебін түсіне және қабылдай білуі, өзгелерді тыңдай алатынын; зейінінің, еске сақтау қабілетінің, ойлауының, соның ішінде ақыл-ойының даму дәрежесінің жоғары екендігін;әлеуметтік бейімделу қабілеті жоғары екенін, анықтай алдым.
Болашақта Саян елімізде адал қызмет атқара алатын,өз мойына жүктелген жауапкершілікті толық орындай алатын, Отанымызды қорғап оны сүйе білетін адамгершілігі мол азамат шығады деп үміттенемін.


Машықкер: Б.Е.Бисенғалиев

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Тарих, экономика және құқық факультетінің 6В01601-«Тарих» мамандығының 4 курс студенті Бисенғалиев Борантайға


МІНЕЗДЕМЕ


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінін 4 курс студенті, машықкер Бисенғалиев Борантай Ерболұлы 2023 жылдың 23 каңтары мен 6 мамыр аралығында Орал каласындағы №26 жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекеттік педагогикалық сараманнан өтті. 8 «а» сыныбына сабақ берумен қатар сынып жетекшiлiк кызметiн атқарды.
Алғашқы күннен бастап өз iсiне тиянақтылықпен, жауапкершілікпен кiрiстi. Оқушылармен тез тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орната бiлдi. Практиканын бiрiншi аптасында бақылау жұмыстарын жүргізді. Яғни, оқушыларды бақылады, мұғалімдердің сабақтарына, жұмыстарына катысты. Сыныптан тыс мектептiң iшкi тәртiбiне бағынып, мектеп әкiмшiлiгi мен әдіскер мұғалiмнiң талабын, өзіне жүктелген жұмыс түрлерiн уақытылы, жауапкершілікпен орындады.Бисенғалиев Борантай Ерболұлы 8 «а» сыныбына жетекшілік ете отырып әр түрлі іс – шаралар өткізіп, мектеп гигиенасымен таныстырып, оқушыларына болашақ таңдайтын мамандығына бағыт беру мақсатында кәсiптiк бағдар беру жұмыстарын жургiздi.
Сыныптан тыс өткен шаралар оқушылар көңiлiнен шықты, өйткенi машыккер әрбiр жұмыска тиянақты дайындалып, кызығушылығын арттыру максатында жүйелi жұмыстана білді. Оқушылардың болашақта Бисенғалиев Борантай Ерболұлы сияқты білікті де, білімді, үлгiлi, адал қызмет ететін азамат болатынына, жас ұрпакка сапалы білім беріп, жаксы маман иесі болатындыгына сенiмдiмiн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет