Тарих indd


Тарих айрықша және дара құбылыстар туралы ғылым ретінде



бет10/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Тарих айрықша және дара құбылыстар туралы ғылым ретінде


Тарих – адамзат қоғамын даму аясында зерттейтін ғылым. Зерттеу пәніне байланысты ол әлеуметтік ғылымдардың қатарына жатады әрі онда айрықша орын алады. Адам туралы басқа ғылымдардан тарихтың айырмашылығын көр- сететін негізгі екі ерекшелік бар. Біріншісі – тарих айрықша және қайталанбас оқиғалармен, нақты құбылыстармен айналасуы керек. Шындығында, Александр Македонскийдың жорықтары, Ұлы француз революциясы, Екінші дүниежүзі- лік соғыс пен өзге де көптеген өткеннің оқиғалары мен құбылыстары қалпына келтірілуі мүмкін емес және олар дара фактілер болып қала береді. Тарихтың мақсаты – осындай фактілерді табу, олардың себептері мен салдарын анықтау. нақты және дара құбылыстар тарихшының ой қорытуына материал беріп қана қоймайды, оларды зерттеу тарихшы жұмысының негізін құрайды. Осының бәрі тарихты эмпирикалық ғылым деп санауға мүмкіндік береді, яғни тарих – өткен- нің фактілерін толықтыратын, анықтайтын, жіктейтін және сипаттайтын пән. Тарихтың тағы бір ерекшелігі – оның зерттеу ауқымының шамадан тыс кеңдігі. Тарихтың фактісі және зерттеу пәні адамзат қызметінің кез келген көрінісі бо- луы мүмкін. Тарихшының басқа әлеуметтік ғылымдардың мамандарынан айыр- машылығы – әртүрлі құбылыстармен айналысуында:
28 БіРінШі ТАРАу




    • экономикалық құбылыстармен – адамдардың шаруашылық өмірінің факті- лерімен;

    • әлеуметтік құбылыстармен – қоғамның топтары және жіктерінің, олардың арасындағы өзара байланыстың принциптерімен, әлеуметтік институттар- мен, негізгі мекемелер және тұрақты ережелерге сәйкес қоғамдық өмірді рет- теумен;

    • психологиялық құбылыстармен – адамдар мен ірі қауымдастықтардың эмо- цияларымен және сезімдерімен;

    • саяси әрі құқықтық құбылыстармен – қоғамның дамуы барысында қалыптас- қан саяси оқиғалармен, мемлекет пен басқару ұйымдарының формаларымен, әлеуметтік мінез-құлықтың құқықтық нормалары және ережелерімен;

    • мәдени құбылыстармен – әдебиет, өнер, ғылыми білім саласында адамзат рухы тудырған құбылыстармен, сонымен қатар нақты қоғамға тән дүниета- ныммен.

Зерттеу пәні тарихшыны экономика, құқық, әлеуметтану, әдебиеттану және өнер тарихы саласындағы мамандармен жақындастырады. Тарих барлық әлеу- меттік ғылымдардың ішіндегі әмбебабы болып саналады. Себебі олардың бар- лығы тамырлас әрі адамзат қоғамының өзінің өткеніне деген қызығушылығы- нан туындайды.
Кейінгі тарихтың айқын мысалдарының бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс. Бұл оқиға өзінің формалды өлшемдерімен саяси тарихқа жатқызылуы мүмкін. Көптеген еңбектерде соғыс қимылдарының барысы, соғыстың қарсаңындағы және барысындағы дипломатиялық шаралар жан-жақты қарастырылған. Алайда Еуропаның әлеуметтік өмірінің соғыс өртін тұтандыруға алып келгенін немесе сол соғыстан туған құбылыстардың ауқымды кешеніне назар аудармай, бұл оқи- ғаның мәні мен тарихи маңызын түсіну мүмкін емес.
Соңғы жылдары пайда болған көп зерттеулер тарихтың барысына ықпал еткен гитлер, Сталин мен Черчилльдің және басқа да саяси көшбасшылардың іс-әрекеттері, сондай-ақ ірі әскери қимылдар мен дипломатиялық келіссөздер миллиондаған адамды қамтыған ірі тарихи оқиғаларды үстіртін ғана көрсете- тіні туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Еуропаның бірқатар елдерін- де ұлтшыл-социалистер мен фашистердің билік басына келуі кездейсоқ жайт емес, ол еуропалық қоғамның экономикасын, саяси әрі құқықтық институтта- рын, ұлттық және әлеуметтік сана сияқты түрлі салаларындағы күрделі, әртүрлі мәні бар процестерді қамтыды. Әлеуметтік сана мен мінез-құлық саяси инсти- туттардың және құқықтық нормалардың ықпалымен ғана қалыптаспайды. Ол барлық халықтарды ғасырлар бойы дамып келген ақылға қайшы құндылықтар- дың мәні мен жүйесіне негізделген идеологияның құрбанына айналдыратын бұқаралық психологияға, иррационал сезім мен түсініктерге тәуелді. Бір қара- ғанда, саяси жетекшілер мен партиялардың іс-әрекетінен бастау алатын оқи- ғалар уақыт өте келе сан алуан және әртүрлі мәндегі фактілерді ескере отырып түсіндірілуі мүмкін.
Тарихшы өткенді зерттеу барысында оның әртүрлілігін ескеріп, өзге де әлеу- меттік ғылымдар қалыптастырған идеяларды, ұғымдар мен нәтижелерді назар- ға ала отырып қолдануы қажет. Кез келген тарихи фактінің көптеген өлшемдері
ТАРих дЕгЕн нЕ? 29

мен мағыналары бар, сонымен қатар ол қоғамның даму процесінде өзінің орны бар дара оқиға ретінде қызығушылық тудырады. Тарихшы үшін шаруашылық өмірдің тарихы экономиканың қызмет ету заңдылықтарын анықтауға қажет- ті материал емес, ол, ең алдымен, белгілі бір кезеңдегі адамдардың өмір сүру аспектілерінің бірі ретінде маңызды. Әлеуметтік ұжымдар мен тұтастай бір ха- лықтардың жекелеген белгілі бір жағдайлардағы мінез-құлықтары бұқаралық психология заңдылықтары туралы ілімнің қалыптасуындағы негіз болып қана саналмайды. нақты бір кезеңнің әлеуметтік топтары мен таптарын, оларды ажыратқан және біріктірген қақтығыстар мен ынтымақтастықтарды зерттеу та- рихшы тарапынан қоғамның әлеуметтік құрылымының жалпы теориясын жасау үшін жүзеге асырылмайды. Тарихшыға күрделі теориялық схемаларды құрасты- руға айтарлықтай шектеу қоятын материалдармен жұмыс жасауға тура келеді.


Әлеуметтану, философия, психология салалары тарихшының өз зерттеуле- рінде қолдана алатын теориялар мен ұғымдарды жасайды, ал зерттеуші оларға заңдарды жалпылау әрі анықтау үшін «өңделген шикізатты» ұсынады. Тарихтың эмпирикалық сипаты туралы пікірдің анағұрлым жағымсыз салдары бар. Яғни тарихшыны тарихи оқиғаларды түсіну мәселесі қызықтырмауы керек, оның міндеті – оқиғалардың шынайылығын анықтау мен дәлдікпен сипаттау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет