Тарих indd


Тарихи биография және «жаңа биографиялық тарих»



бет62/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
Байланысты:
репина док
Методуказ. к практич.занятиям( 2 сем), Кафедра Стандартизация и сертификация 08.07.21г, 123, ДОКТОРАНТУРА Пререквизиты 2021-2022 универ, История кафедры СиС -2020, на сайт гот, педагогика дайындық, Фак. ФиП қаз, ТГО-2020, Педагогика точно келетін, тарих дайындалу, Презентация, Документ, 2 5195069807040404956

Тарихи биография және «жаңа биографиялық тарих»


Плутархтың заманынан белгілі тарихи биография, уақыт өте келе жағдайы- ның өзгергеніне қарамастан, еуропалық тарихнаманың ажырамас бөлігі болып қала берді. Қасиетті адамдардың биографиясы ретіндегі ортағасырлық инкар- нацияда ұзақмерзімді «тоқыраудан» кейін Қайта өрлеу дәуірінде биография қайта жанданды, жаңа кезеңде көптеген формаға ие болып, тарихи кезеңнің ең танымал жанрына айналды. XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында ол дәстүрлі саяси тарихта кеңінен қолданылды, оның маңызды бөлігі мемлекет қайраткерлерінің биографияларынан тұрды. дегенмен мұндай биографиялар- да кейіпкерлердің қоғамдық жұмыстарына ғана емес, біртіндеп жеке және ішкі өміріне де көбірек көңіл бөліне бастады.
Әртүрлі тараптардың жиі айтылған сынына қарамастан, тарихи-биография- лық жанр (әсіресе енді ғана аяқталған хх ғасырда) өзін-өзі танытуға (кем де- генде кейіпкерді таңдауда) барынша мүмкіндік берген кәсіби тарихшылар мен көпшілік оқырман қауымның арасында елеулі табысқа жетті. Өткен дәуірлердің танымал адамдарының пір тұтқан немесе «сырын ашқан» моральдық өсиет не- месе ерліктің жиынтығы, адвокаттық сөз, яки айыптаушы үкімдер, марапаттар тізімі немесе психиатрдың қорытындысы түріндегі биографиялары әрқашан айна (оның «қисық» деңгейі туралы мәселе үнемі талқыланады) ретінде қызмет атқарды, оқырман оған қарап өзі туралы көптеген нәрсені біле алады.
Әлбетте, кәсіби тарихшы қауымдастық нормаларға сүйене отырып, кейіпкер- ді оның өмір сүрген дәуірінің контексінде қарастырып, барынша түсінуге ты- рысады. Тарихи зерттеулер жанры ретінде биографияның талқыланған әдісна- малық мәселелерінің бірі осы екі субъектілердің өзара әрекеттесуі болып қала бермек: бір жағынан, «өз заманына етене жақын және сол уақытпен тығыз бай- ланысты биография кейіпкері, екінші жағынан, өзінің дәуіріне, өз уақытына сон- шалықты тәуелді автор, биограф. Биография жанрының өзіндік ерекшелігін осы диалектілік қайшылық анықтайды. Басқа жанрдағыдай емес, биографияда автор өзін зерттеу нысаны болған кейіпкер арқылы көрсетеді, ал өзі арқылы дәуірінің ерекшеліктерін, талаптарын және мәнін түсіндіреді».27
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 215



Мамандардың зерделеуінше, тарихи биография тек тарихи тұлғаның биогра- фиясы ғана емес, сонымен бірге тарихи зерттеудің жанры болып саналады: бұл тарихи тұлға арқылы көрсетілетін оқиға. Бірақ толық мағынасындағы биогра- фияға қайталанбайтын және жеке тұлғаның дамуына, оның ішкі дүниесін ашуға бағытталатын өмірбаян жатады.
Осыған байланысты тарихи тұлғаның өзіне емес, тарихи оқиғалардағы олар- дың рөліне байланысты зерттеуге бағытталған әлеуметтік биография деп атал- ған еңбектердің жанрлық айқындылық мәселесі пайымдалады.
демек, толық мағынасындағы биография көрнекті тұлғаның (оның психо- логиялық өлшемін қоса алғанда) өмірін зерттеу мен сипаттауға арналады және тарихи-биографиялық канонға толығымен сай келеді. Тарихи биографияға мы- надай классикалық анықтама берілген: «Адамзат тарихында бір кездері пайда болған, кейін ғасырлар, мыңдаған жылдар бойы дәуірлер мен ұрпақтардың ауы- суына байланысты жадыда сақталатын тұлғалар болады. Мұндай адамдар – шын мәнінде, адамзаттың «мәңгілік серіктері»… Сөз саяси және мемлекеттік қайрат- керлер, ғылым, мәдениет және өнер өкілдері жайында болуы мүмкін. Бұл мағы- нада ешқандай шектеулер мен шарттар жоқ. нақтырақ айтсақ, шарт тек біреу ғана: адамзат қоғамының оның материалдық әрі рухани болмысының дамуына қосқан елеулі үлесі». 28
Алайда хх ғасырдың соңғы ширегінде биографиялық әдісті қолдану аясы едәуір кеңейді әрі өзінің конфигурациясын өзгертіп отырды: ұжымдық биогра- фиялармен қатар, көрнекті тарихи қайраткерлер ретінде атай алмайтын адам- дардың жеке өмірбаяндары да көбейді. Көп жағдайда бұл адамның жеке қа- сиеттеріне деген көзқарастың жалпы өзгеруіне және тарих пәнін дербестендіру тенденциясына байланысты болды. Сонымен қатар айрықша үлесі жоқ адамдар- дың биографиялары бай құжаттық қорға негізделсе, өткен кезеңнің зерттелме- ген қырларын ашуға жәрдемін тигізді.

  1. ғасырдың соңғы он жылдығында әлемдік тарихнаманың әдіснамалық ізденістері микротарихқа шоғырланды. дәл осы жеке тұлға тарихы мен «жаңа биографиялық тарихта» микро және макроанализдің үйлесімділігі мен арақа- тынасының негізгі әдіснамалық мәселесі көтерілді. Егер тарихи антропология соңғы уақытқа дейін адамның өзін-өзі тану, жеке мүдде, мақсат-мұраты, жеке рационал таңдау мен бастамашылдық мәселесін назардан тыс қалдырып келсе, ендігі кезекте мұрагерлік мәдени дәстүрлер, әдет-ғұрыптар мен идеялар нақты тарихи жағдайлардағы адамдардың мінез-құлқын (тұтастай оқиғалар мен олар- дың салдарын) қалайша анықтайды деген сұрақтың жауабы жеке сананы, тәжі- рибе мен іс-әрекетті талдауды талап етті.

Тарихшылардың қызығушылығының белгілі бір жеке тұлғаға аударылуының әдіснамалық тұрғыдан айтарлықтай салдары болды: қазіргі заманғы микроқұ- рылымдық көзқарас тұрғысынан алғанда, тарихи-биографиялық зерттеулердің сыртқы түрі жаңа мазмұнмен толықты. Ол қазіргі уақытта осы саладағы айқын тенденциялар белгілі бір зерттеу міндеттері мен өзіндік тәртіптері бар жаңа бағыттың пайда болғанын көрсетеді. Бұл жеке адам тарихының негізгі зерт- теу нысаны – жеке мәтіндер, ал оның зерттеу тақырыбы – бірегей әрі толық- қанды өмірдің тарихы. Белгілі бір әдіснамалық эклектизміне, әртүрлі зерттеу стратегиясына (рационал таңдау моделінен мәдени және гендерлік бірегейлік
216 ТОҒЫЗЫнШЫ ТАРАу

теориясына немесе психотарихқа дейін) бағдарлануына қарамастан, бұл бағыт- тың жалпы мақсаты – белгілі бір тарихи тұлғалардың жеке өмірі мен қайталан- бас тағдырын қалпына келтіру, олардың ішкі әлемінің қалыптасуы мен дамуын, олардан қалған «іздерді» пайымдау, олар өмір сүрген, қуанған әрі қайғырған, ой- ланған, әрекет еткен тарихи қоғамды танып білу.


Ресейдің көрнекті тарихшысы Ю.Л. Бессмертный аталған мәселелер төңіре- гінде міндеттер мен принциптерді былайша түсіндіреді: «...Біздің ізденісіміз- дің жоспарында белгілі бір адам, оның жеке мінез-құлқы мен өз таңдауы тұр. Біз бұл сюжеттерді адамның іс-әрекеттерінің типтік (немесе типтік емес) еке- нін білу үшін ғана зерттемейміз. Керісінше, ол бізді қызықтырғандықтан оны түсіну үшін зерделейміз. Бұл адам тіпті зерделеуге тұрмаса да, біз оны зерттеуге лайықты деп танимыз. Өйткені оның бірегейлігі оның дәуірінің бірегейлігінен хабар беріп, өз заманының көрсеткіші ретінде құпияны ашатын болады».29
Бұл жеке адам мен оның тағдырына ерекше назар аударуға, сонымен қатар әлеуметтік кеңістіктің әртүрлі деңгейлерінің ерекшелігі мен нұсқалығын, жеке тұлғаның осы мәдени-тарихи контекстегі мүмкіндіктерінің толық спектрі мен шегін анықтауға қатысты бастапқы принципті айқындайды. Мұндай зерттеу- лерде тек екі танымдық стратегиялардың өзара үйлесімі бар. Бір жағынан, олар мәдени мәжбүрлеу деп аталатын, сондай-ақ адамдар өздерінің әлемін бейнелей- тін әрі түсінетін тұжырымдамаларына назар аударады. Екінші жағынан, оларда тарихтағы тұлғалардың белсенді рөлі дәйекті түрде анықталады. Сонымен қатар бұл әр қоғам үшін ерекше, тарихи жеке тұлға толық бақылай алмайтын жағдай- ларда, тіпті егер бұл іс-әрекеттің нәтижесі әрдайым оның мақсатына толығымен сәйкес келмесе де, «өз тарихын» жасайды дегенді білдіреді.
Әрине, дербес мәтіндерді талдауға немесе тұлғалардың жеке тәжірибесі мен эмоциялық сезімін бейнелейтін дереккөздерді зерделеуге ерекше назар ауда- рылады. Бірақ «жаңа биографиялық тарих» немесе дербес тарих, жеке сипаттағы пікірлер (хаттар, күнделіктер, естеліктер, автобиографиялар), сондай-ақ сыртқы көріністі тіркейтін жанама мәліметтерді немесе объективті ақпарат деп атала- тын әртүрлі материалдарды дереккөз ретінде пайдаланады. Әлбетте, ежелгі және орта ғасырға арналған биографиялық еңбектерге, элитаның аздаған өкілдеріне қатысты құжаттардан өзге жеке сипаттағы құжаттардың болмауы биографиялық еңбектерге біраз шектеулер қояды. Мұндай мәтіндердің аздығы зерттеушілерге оларды оқып, түсінудегі қиындықтарға қарағанда әлдеқайда көп кедергілер ту- ғызады. Мұндағы өз даусынан (және визуалды бейнесінен) айырылып қалған та- рихи кейіпкер өзінің сипатын көрсете алмай, дәуірдің аясындағы көмескіленген бейне ретінде әрекет етеді. Сондықтан тарихшылардың жеке архивтердің әртүр- лі материалдарына және Қайта өрлеу мен Ағарту дәуірінің көптеген әдеби ес- керткіштеріне қызығушылық танытқаны түсінікті әрі заңды, дегенмен мұнда ға- лымдар, негізінен, мәдени элитаның аз ғана өкілдеріне жүгінуге мәжбүр болады. Адамның ішкі әлемі, оның эмоциялық өмірі, ақыл-ой мен рухтың ізденісте- рі, отбасындағы туыстарымен және одан басқа жақындарымен қарым-қатынас жасауы әрдайым биографиялық зерттеулердің назарында болады. Сонымен бірге индивид қызмет субъектісі ретінде, отбасылық-туыстық топ және олар- дың жақындары, ресми әрі бейресми қауымдастықтар, әлеуметтік институттар мен түрлі деңгейдегі билік құрылымдары тарапынан бақылау объектісі ретінде
МЫңЖЫЛдЫҚТАР ТОҒЫСЫндА: ЖАңА МӘСЕЛЕЛЕР МЕн ЖАңА ТӘСіЛдЕР 217

де әрекет етеді. Зерттеушілердің көпшілігін дәстүрлі нормалар мен әлеуметтік тұрғыдан мойындалған альтернативтік модельдердің шегінен шығып кететін қалыпты емес мінез-құлық, саналы таңдау жағдайындағы субъектінің жігерлі шешімін қажет ететін әрекеттер қызықтырады.


Ең дұрысы, зерттеушінің ойлау әрекеті жеке әрі айрықша фактіні, яғни инди- видті зерделеуден басталады. дегенмен оның қазіргі уақыт пен болашаққа ғана емес, сондай-ақ өзінің өткен дәуіріне де қатысы бар, тіпті оның өзін өткен өмі- ріндегі жеке тәжірибесі, сондай-ақ мәдениетте көрініс табатын ұжымдық, әлеу- меттік-тарихи жады қалыптастырады.
Сондықтан «жаңа биографиялық тарих» әртүрлі құжаттардың автобиогра- фиялық құрамдас бөліктерін анықтауға, өмірбаяндағы жеке өмір тарихын тал- дауға ерекше мән береді.
Жалпы алғанда, қазіргі тарихи биография туралы айтар болсақ, барлық та- биғи шектеулермен және күрделі эпистемологиялық қиындықтарға қарамастан, жаңартылған әрі микротарихтың принциптерімен байытылған биографиялық әдіс тиімді болуы мүмкін. Мұндай дербес тәсілдің артықшылықтарының бірі – зерттеушінің қазіргі тарихнамалық жағдайды алдына қоятын, күрделі теория- лық мәселелерді тәжірибелік тұрғыдан шешуге барынша бейімделген экспери- менттік алаңда «жұмыс істеуі». негізгі сұрақтарға жауап берудің қажеттігі: не себеп болды, немен шектелді, шешімдерді таңдауға қалай бағытталды, оның ішкі себептері мен негіздемелері қандай болды? Жалпы стереотиптер мен жеке тұлғаның нақты іс-әрекеттері қалай сәйкес келді, олардың арасындағы алшақ- тық қалай қабылданды, сыртқы факторлар мен ішкі импульстер қаншалықты күшті әрі тұрақты болды – осының барлығы тарихшыны микроанализдің қалып- тасқан дағдысынан макротарихтың зерттеу кеңістігіне қарай «итермелейді».
Әлбетте, кез келген биографияның негізгі нысаны – жеке адамның туғаннан қайтыс болғанға дейінгі өмір жолы. Алайда биографиялық талдау әртүрлі зерттеу міндеттеріне сәйкес жіктеледі. Автордың кейіпкер әлемін психологиялық тұр- ғыдан зерделеп, оны әлеуметтік талдаумен ұштастырған осындай тарихи био- графияның тартымдылығына қарамастан, зерттеушінің әдіснамалық таңдауы әдетте әртүрлі болып келеді. Егер дихотомиялық тұрғыдан зерделесе, онда био- графтың негізгі зерттеу нысаны психологиялық әлем, оның динамикасы, адам- ның бірегей экзистенциялық тәжірибесі (экзистенциялық биография) немесе сипатталған өмірге тарихи мән-мағына беретін әлеуметтік және мәдени жағдай («жаңа биографиялық тарих») болуы мүмкін. Бірақ эксперименттер үшін ашық кеңістікте осы екі полюстің арасында көптеген қызықты дүниелер анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет