Тарих кафедрасы



бет9/12
Дата26.06.2018
өлшемі243,76 Kb.
#44403
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бақылау сұрақтары


1.Конфуций ілімін дін деп атауға болады ма?

2.Даосизм деген не?

Әдебиеттер:

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Васильев Л.С. Культы, религии и традиции в Китае. М., 1970.

Дао и даосизм в Китае. М., 1989.

Древнекитайская философия. Собрание текстов. В 2-х т. Переводы. М., 1972-1973.

Конфуцианство в Китае: проблемы теории и практики /Под ред. Л.П. Делюсина М., 1982 .



Малявин В.В. Конфуций. М., 1992 .

Переломов Л.С. Конфуций: жизнь, учение, судьба. М., 1993.

Тақырып 12. Синтоизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Тақырыпты оқыту әдістемесі Синтоизм.

1.Жапониядағы буддизм және синтоизм. Аматэрасу құдайына сенім.

2. Синто шіркеулері мен ғибадатханалары. Ұрыс жүріс-тұрыстың 5 принциптері.

3.Синтоизмнің ары қарай дамуындағы буддизмнің рөлі.

4.Дзэн- буддизм – жауынгерлер діні.

Жапонияда орныққан дін жүйесін европалық ғылым синтоизм деп атайды. Бірақ, бұл дәл атау емес. Синто – жапон діни нанымдарының қытайша жиынтық атауы. Жапондықтардың өздері оны каминомити (“құдайлар жолы”) деп атайды.

Жапондықтардың діни сенімдері ҮІІІ ғасырда Кодзики және Никонги деген жинақтарға біріктіріліп, біздің заманымызға өзінің бастапқы үлгісінде жеткен мифологияға негізделеді. Оларда барша әлемді жаратушы құдайлар түсінігі жоқ. Көне мифтердегі нами құдайларын әлем жаратылғаннан кейін келіп, жер-дүниені тәртіпке келтіруші жалпылама сипаттағы бейнелер десе болады. Жер бетіне шығатын батпақ құдайы, оның қарындасы – құм құдай, т.б. құдайлар туралы мифтерді жапондықтардың өздері мекен ететін аралықтардың пайда болуы жөніндегі қияли түсініктері тұрғысынан қарастырған дұрысырақ тәрізді.

Жапон мифологиясындағы тұңғыш антроморфтың (адам бейнесіндегі) құдайлар – Идзанаки мен Идзанами. Кейде оларды Адам-Ата мен Хауа-Анамен салыстырып, Жапонияда пайда болған бірінші адамдар ретінде де қарастырады. Аңыз бойынша олар көпірдің үстінде тұрып, найзаларының ұшын мұхитқа батырып, қайта тартып алғанда ілесе шыққан тамшылар қайтып, құрлыққа айналған. Осылай жапон аралдары пайда болған. Олардан жел, ағаш, тау, тұман құдайлары, тағы басқа құдайлар туған. Идзамани өлген соң қара ниетті күштерді бейнелейтін жер астындағы ажал патшалығы құдайына айналған. Ал Идзанакидің сол көзін жуған судың бір тамшысынан күн құдайы Аматэрасу, оң көзін шайған судың тамшысынан түн құдайы Цукуеми, мұрнынан тамған тамшыдан тентектігімен белгілі су құдайы Сусаноо жаралған.

Жапондықтардың ең сүйікті құдайы – барлық жасампаздық игі істердің бастауы, көркем Аматэрасу. Синтоизм пантеонында бұдан өзге мыңға жуық құдай бар. Тіптен оларды құдай дегеннен гөрі рух немесе ие деген орынды.

Синтоистер табиғат күштерінің бәрінен, тау-тастан, орман-тоғайлардан құдай сипатын көреді, олардың әрқайсысының өз ками, яғни рухы немесе құдайы бар деп сенеді. Кейбір ағаш түрлері мен өсімдіктерді, жәндіктер мен құстарды қасиетті деп ерекше құрметтейді. Мәселен, қораз Аматэрасу құдайының құсы саналса, егеуқұйрық молшылық символы есептеледі. Фудзияма тауын құдайлар мекенінің бірінен санайды.

Синтоизмнің басты элементі – императорларды құдай дәрежесіне дейін көтеріп, қастерлеу. Жапонияның тұңғыш императоры Дзимму Нинигидің шөбересі саналады. Аңыз бойынша ол біздің жыл санауымызға дейінгі 660 жылы 11 ақпанда таққа отырған. 1868 жылы осы Дзимму императордың билікке келген күнінен басталатын жапон жыл санау жүйесі енгізілді.

Императордың тақ мұрагерін сайлау және оның үйленуі – бәрі синтоизм ережелеріне сай ұйымдастырылды. 1989 жылы алпыс үш жыл таққа отырған Хирохито өлген соң, оның орнына қазіргі император Акихито отырды. Жапондықтар өздерінің ұлттығы мен мемлекеттігінің іргетасы болып саналатын діни нанымдарын бүгінге дейін берік ұстанады. Олардың өзге халықтардан ерекшелігі – көнедегі діни нанымдарына негізделетін дәстүрлі мәдениеті мен қазіргі заманғы өркениет үлгілерінің керемет үйлесімін таба білгендігі.

Жапондықтар адам өлімін сырт көзге бей-жай, салқынқандылықпен қабылдайды, қатты қиналып, аз тұтпайды. Әр адам туысының (ата-анасының) өлімін тек өз басының ғана қайғысы деп санайды.

Синтоизм храмдары сыртқы дарбазадан соң үш қатар қоршалған үлкен алаң болып келеді. Оның ішінде жуынып, тазалану үшін хауыз жабдықталады, садақа үлестіру салтына нұсқайтын өрім-өрім қағаздар байланған бамбук таяқшалар шаншылады. Құлшлық рәсімін атқаратын басты орын – үшінші қоршаудың ішінде. Онда Аматэрасу құдайлардың белгілері ретінде қылыш, айна және яшмадан жасалған әшекей сақталады. Олар даналық, адалдық және қайрымдылық символдары болып саналады. Елде осы тәрізді ондаған мың храмдар тұрғызылған. Олар қатарынан бірнеше камиге (құдайларға) немесе сол жерде ерекше құрметтелетін біреуіне арналады. Синтоистік храмдарды жиі қайтадан салып, жөндеп отыру салты орныққан. Бас храм Исэ қаласында. Ол ҮІІ ғасырда тұрғызылған.

Синто дін қызметшілері сегіз сатыға бөлінеді. Олар әдетте діни орынға мұрагерлік жолымен ие болады, үйленуге, діни қызметті өздері қалаған уақытта тастап жүре беруге хұқылы. Храмдарда кейде дін қызметшісінің өз атынан, кейде әлдебір ками атынан уағыз айтылады. Бұл жағынан, синтоизмнің христиандықпен шамалы ұқсастығын аңғаруға болады.

Храмдарда әншілер, музыканттар мен бишілер қызмет етеді. Түрлі музыкалық аспаптар пайдаланылады. Синтоизмде көне салт-дәстүрлер берік сақталады. Әсіресе тазалану рәсіміне көп көңіл бөлінеді. Діни түсінкте қан, өлім, ауру, шіріп бүлінетіннің бәрі лас болып саналады. Олардан храмдардағы хауызға барып, аяқ-қолды, ауызды шаю арқылы тазаруға болады. Ласталған заттарды тұзбен тазартуға болады деп есептеледі.

Синто дініндегілер мереке қарсаңында ұзақ ораза тұтады. Бұл уақытта олар мүрдеге жоламайды, науқастардан айналып жүреді және өздері де ауырмауға ұмтылады, зиратқа бармайды, музыка аспаптарында ойнамайды және кейбір тағамдардан тартынады. Осылай тән және рух тазалығын сақтайды. Мейрамдарда храмға ас және ішімдік (күріштен жасалған сакэ арағы) әкеледі. Оны көбіне жерге көміп кетеді.

Синтоизмнің басты мерамдары – желтоқсанның соңғы екі күніндегі “арылу” мерамдары. Жаңа жыл салтанатпен қарсы алынады. Көктемде және қараша айында күріш мерамдары тойланады. Бұл күндері храмдарға адамдар ерекше жиналады. Бірақ, жапондықтардың басым көбі діни рәсімдерді дәстүр ретінде қабылдайды. Осыдан, мерекелерде құдайға құлшылық ойын-сауықпен ұштасып жатады.

Снтоизмнің догматикасы мейлінше қарапайым және көбіне буддизмнен келген. Мұнда құдай жөнінде айқын, орнықты түсінік деген жоқ. Олар адамдармен бірге, адамдардың ортасында “өмір сүреді”. Күнә, жаза, о дүние туралы ілімдер соғылған. Барлығы осы дүниедегі үйлесімділік пен жарастыққа негізделеді.

Синтоизмнің тағы бір ерекшелігі – онда этикалық ілім дамытылмаған. Сусанооның қияңқылықтарын еске түсіретін істерге – суландыру жүйелерін бұзуға, қасиетті жерлерді ластауға, жануарларды азаптауға тыйым салынады. Өзгедей дін жолымен қатаң тыйым салынған нәрселер жоқ. Адамшылық нормалары көбіне конфуцийлік қағидаларымен реттеледі және ғасырлар бойына салт болып қалыптасқан көнбістік, үлкенді сыйлау, борышты сезіну мен қатаң тәртіп сияқтыларға негізделеді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет