Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз



бет5/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Кенесары Қасымұлы
Ал XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі болып есептеледі. Қазақстанның Ресейге түпкілікті қосылу дәуіріндегі ұлтазаттық қозғалыстарға К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістерді жатқызуға болады. Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның қоғамдық өмірінде үнемі дағдарыстық құбылыстар туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың табанды қарсылығын тудырды. Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды. XVIII—XIX ғасырлардағы қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсы күрес ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің, екі этностық жүйенің арасындағы қақтығыс еді. Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері. Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі ұзаққа созылып, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын қамтыды.
Сырым Датұлы
Халық бұқарасының алғашқы әрі тегеурінді әрекеттерінің бірі — Сырым Датұлының қолбасшылығымен болған қозғалыс. Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтардың "ішкі жаққа", Жайық сыртына өтуіне тыйым салуы, қазақ билеушілерінің бір бөлігінің құқықтарымен санаспауы негізгі себеп болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да "жақсы ханға" деген сенім тән еді. Сырым билердің қазақ қоғамындағы рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен қатар хандық билікті келтіруге де өз келісімін берді. Дегенмен қозғалыстың отаршылдыққа және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге дейін сақталды. 1836—1838 жылдардағы старшын Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс халық бұқарасының отаршыл билікке, сондай-ақ сол билікке сүйенген Жәңгір хан бастаған феодалдар тобына қарсы ашу-ызасының сыртқа шығуы еді. Бұл ретте Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс қазақ топырағындағы ашық әлеуметтік-таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды. 1836—1838 жылдардағы көтеріліс оған дейінгі қозғалыстардан ерекшелеу болатын. Бұл уақытта қазақ жерінің негізгі бөлігі Ресейдің қол астына еріксіз еніп, отаршылдық саясат барған сайын өктем сипат ала түскен еді. Хандық биліктің жойылуы, жаңа әкімшілік басқару жүйесінің енгізілуі, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы, міне, осының бәрі көтерілістің патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытын айқындап берді. Бұл стихиялы көтеріліс бола тұра, көтеріліс басшысы мен оның ақтастарының Ақбұлақ түбіндегі шайқасқа дейін табандылықпен күрескенін атап өту қажет. Сөйтіп, ол өзінің алдына қойған мақсатты күресінің идеясына, қатардағы көшпелілер алдында адалдығын дәлелдеді. Ал көтеріліске қатысқан кейбір билер тобының тұрақсыз әрекеттері, жазалаушы күштердің басымдылығы көтерілістің жеңіліске ұшырауын жылдамдатты. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы жағынан ең ірісі — 1837—1847 жылдардағы көтеріліс. Көтерілістің басталған уақыты патшалық Ресейдің қазақ жеріне тереңдей еніп, әкімшілік-әскери шараларымен әлі де болса дербестігін сақтап тұрған аудандарға жеткен кезеңіне тұспа-тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 жыл бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің басым бөлігінің Ресейдің қол астына еріксіз кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді. Кенесары Қасымұлы бастаған козғалыс жеңіліске ұшырағаннан кейін ғана Орта жүз толығымен Ресейдің құрамына енген. Патша үкіметі Ұлы жүз иеліктеріне ауыз салуға мүмкіндік алды. Көтеріліс өлі де толығымен Ресейдің құрамына кіре коймаған аудандарды, ауқымы жағынан бүкіл үш жүзді қамтыды. Кенесары қозғалысы әлі де дербестігін сақтап қалған жерлерде орыс отаршылдығының тереңдей түсуіне қарсы бағытталды. Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі уақыттағы азаттық козғалысын қозғаушы күштер мен күрес тәсілдеріне байланысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең — XVIII ғасырдың соңы және XIX ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Қазақ қоғамындағы қалың бұқара атсалысқан азаттық қозғалыстың бұл алғашқы кезеңінде белгілі объективті себептерге байланысты билеуші әлеуметтік топ жетекші рөл атқарды. Сырым Датұлы (1783—1797 жылдары), Исатай Тайманұлы (1836—1838 жылдары), Кенесары Қасымұлы (1837—1847 жылдары), Есет Көтібарұлы (1847—1858 жылдары) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856—1857 жылдары) бастаған көтерілістер, ең алдымен, орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын. Ақбұлақ соғысы.jpg Ұлттың саяси белсенді тобы ұлттық тәуелсіздікті қорғау ісінде орасан зор табандылық танытқанымен, қазақ қоғамының шектеулі экономикалық мүмкіншілігінен асып кете алмады, қару күші, экономикалық қуаты мен отарлау әдіс-айласы басым империялық жүйе дегеніне жетті, халықтың қарсылығын күшпен басты. Ендігі уақытта сұлтан, батыр мен би сияқты әлеуметтік топтардан тұрған басқарушы элита жалпыұлттық мәселелерді шешу ісінде өз рөлін жоғалта бастайды. Ұлт-азаттық козғалыстың келесі екінші кезеңі — зиялылар тобының қызметімен байланысты. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы қазақ қоғамында дербестіктің ізін де қалдырмады, ал 1886 жылы (Түркістан уалаяты бойынша) және 1891 жылы күшіне енген Ережелер қазақ жерін орыс мемлекетінің меншігі деп жариялады. Столыпиннің аграрлық реформасы тұсында жүргізілген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп жаппай қоныстандыру шаралары қазақ қоғамының дәстүрлік құрылымына әсер етпей қоймайды. Міне, осындай жағдайда ұлт тағдыры мен оның табиғи сұраныс-тілектерін, сондай-ақ ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын заман талабына сай қабілетті әлеуметтік күш өзін көрсете бастайды. Ол ұлт зиялылары еді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция ретінде өмірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл сыртқы экспансияға қарсы және оны тоқтатуды көздейтін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қорғау және оларды жаңғырту ұстанымындағы ұлтшылдық болатын. Ұлттық күрестің негізгі идеялық тіректері қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру сияқты ұғымдардан тұрды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет