Тарихи шындыққа,нақтылы деректерге



Дата20.10.2023
өлшемі31,2 Kb.
#187176
Байланысты:
sro(20221780-58655)
Рубежный контроль по философии, пед мамандыкка кириспе, «Педагогикалық менеджмент – басқару қызметінің мәдениетін дамыту және мектепішілік басқаруды жетілдіру факторы», Талапкер сауалнамасы, прак1, Metodicheskie-rekomendatsii-po-oformleniyu-referatov-Operator-DPU-v-HP, file-3798, ЖББ, Шәкәрім атындағ, 33768, лекция 5, лекция 6, презентация Дария Нуржан, эссе, Презентация Что такое тренинг

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

БӨЖ
Тақырыбы:Аңыз әңгіме және әпсана


КЯЛ 203
Орындаған: Қобыланова Зәуре
Тексерген:Гүлдерайым Сағындыққызы
2023-2024 оқу жылы

Жоспар:



  1. Аңыз әңгіме- жайлы түсінік

  2. Жинақталған аңыз әңгімелер ,түрлері,зерттеуші ғалымдар

  3. Әпсана мен аңыздың айырмашылығы

Оқиғаның реалистік болмыстан,шындық өмірден алынып ауызша шығарған қазақ халықының көркем шығармаларының елеулі бір саласы-аңыз әңгімелер.Аңыз –әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісіні мен ,өмірін әңгімелеу түрінде туған.Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып,халық намысын қорғағаны ,бұл жолда жасаған әр алуан істері ел аузында аңыз-әңгімеге айналып,ұрпақтан –ұрпаққа жеткен.Олардың аты ,ісі ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген ,тек халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған.Сондықтан да әуелі басында тарихи шындыққа ,нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейіннен халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған.Cондықтан да әуелі басында тарихи шындыққа ,нақтылы деректерге негізделіп туған әңгімелер кейінен халықтың ауызша айтатын аңыздардың айналған. «Аңыздардың әңгімесі тарихта болып өткен адамдар жайынан алынады дегенді біз шартты түрде айтамыз .Өйткені қазақтың аңыздардың аталатын Алдар көсе ,Асан қайғы ,Жиренше туралы тарихи деректерден гөрі аңыз –әңгімелер


көп.»М.Ғабдуллин осы пікірден шығатын түйін аты аталған аталмаш кейіпкерлердің тарихы жайлы емес әңгімелері ауыз екі түрінде
айтылғандары көбірек айтылып,бізге жеткен.Одан бөлек кейіннен зерттеліп жүрген аңыз әңгімелердің де қарасы көп.Мысалы үшін
К.Әзірбаев Аңыздар сыры кітабынан « Жалғыз қыз»әңгімесін де жатқызуға болады.
Аңыз-әңгімені төрт түрге бөлеміз.
• Топономикалық аңыздар- жер-су аттарына байланысты аңыздар болып есептеледі. Мұндай аңыздарға Бурабай, Баянауыл, Қарағанды, Жекебатыр, Шайтанкөл, Екібастұз т.с.с. жер аттарымен байланысты аңыздар жатқызылады.
• Махаббат хикаялар- аңыздарда ғашықтар сезімі жайлы жазылған. Мұндай аңыздар көбінесе ғашықтардың қайғысымен, өлімі немесе айрылысуымен аяқталат. Махаббат хикаяларына Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткерген уақиғалары жатады.
• Батырлар туралы аңыздар-бұл аңыздар елдін батыр ерлері, олардың ерліктері жайлы. Осы аңыздар қатарына сақ патшайымы Томирис, Отанын қорғау жолына өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз.
• Тарихи аңыздар-тарих бетінде өшпес із қалдырған шынайы аңыздар тобы.Күй туралы аңыздар «Сепін» «Бозайғыр» т.б
Қазақтың ғұлама ғалымдары А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин т.б. әдеби мұраларды игеру, зерттеу, жинақтау, жариялау мәселесін көтерді. Ауыз әдебиеті—тәрбие көзі, өнеге, өсиет кені. Ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда халықтық тәрбиенің құрамды бөліктерінің маңызына тоқтала отырып, оның мәнін жан-жақты ашып көрсеткен ғалымдар М.Ғабдуллин, Қ.Жарықбав, С.Қалиев еңбектерін атауға болады. Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиеті үлгілері, оның ішінде аңыз әңгімелердің үлгі өнегелері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екенін дәлелдеп келді. М.Ж.Көпеевтің қазақтың фольклорын жинау, жүйелеу жөніндегі еңбегі зор. Оның ел аузынан жинаған «Мес» атты еңбегінде ауыз әдебиетінің бірнеше түріне, әсіресе «Аңыздар» бөлімін зерттеудегі маңызы ұшан-теңіз.
Әпсана – халықтың наным-сенімінен, арман-қиялынан туған прозалық жанрдың бірі, шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи оқиға немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында көркемдей баяндайтын әңгімелер. Әпсанадан аңызға да, мифке де, ертегілерге де тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым көне, архаикалық сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдарды діттейтін сюжеттік-композициясын шарттылықтың басымдылығы, көп нұсқалық - әпсананың негізгі ерекшеліктері әпсана шартты түрде тарихи-мекендік, діни-кітаби, әлеуметтік-утопиялық деп үшке бөлінеді. Тарихи-мекендік әпсана есте жоқ ескі дәуірде өткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір Зұлқарнайын, Қызыр, Қорқыт туралы әпсана).

Халық прозасының бұл жанры үш түрге бөлінеді:


а)mapuxu-мекендік әпсаналар
ә) әлеуметтік-утопиялық әпсаналар
б) діни-кітаби хикаяттар.
Аңыз әңгімелердің мазмұн желісіне уақыт өте арман-қиялдан туған элементтер араласып, әпсанаға айналады. Сондықтан да әпсана кейіпкерлері ерекше жандар ретінде бейнеленіп, небір ғажайып оқиғалардың ортасына түседі. Тарихи-мекендік әпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де тарайды. Жер-су, мекен тарихын баяндайтын әпсаналардың сюжеті коп жағдайда сол тектес аңыздар сюжетіне ұқсатылып, қиялдан туады. Мәселен,«Тоқпанның балалары», «Айнақ көл», «Ыстық көл», «Қара жігіт», «Өгіздің терісі», «Қызылкеніш ордасы» сияқты әпсаналар осы негізде пайда болған. Ертеде, есте жоқ кезенде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болған деп басталатын мұндай әпсаналарда елдің әлеуметтік қиялы, бақытты ғұмыр жөніндегі түсінігі қоғамның бір тарихи кезендерінде жаңғырып отырады да, утопиялық пайымдарға ұласады. Алтын Орда мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста «Жерұйықты іздеген Асанқайғы» туралы, содан соң XVIII ғ.-да Өтегеннің Жиделі Байсынды іздегені жайындағы әпсаналар осының айқын айғағы . Бұл әпсаналарда бас кейіпкер барынша дәріптеліп, құтты қоныс алыста, табылмайтын жұмақ болып бейнеленеді. Әпсананың тақырыптық ерекшеліктерімен өзгешеленетін тағы бір түрі - діни-кітаби хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалып, Құран мен Інжілдің сюжеттері пайдаланылып, пайғамбарлар мен әулиелер жөнінде әңгімеленеді. Мұнда да ескілікті және жаңа исламдық мифологияның белгілері қатар жүреді.
Әпсана мен аңыз-әңгімелердің айырмашылығы мазмұн желісіне уақыт өте арман-қиялдан туған элементтер араласып, әпсанаға айналады. Сондықтан да әпсана кейіпкерлері ерекше жандар ретінде бейнеленіп, небір ғажайып оқиғалардың ортасына түседі. Бұлармен салыстырғанда әлеуметтік-утопиялық әпсаналар болмысты, өмірдің көкейкесті мәселелерін молырақ әрі айқынырақ қамтиды. Мұнда халықтың бақыт туралы, жақсы өмір жайлы арман-аңсары анық көрінеді де, кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі. Ертеде, есте жоқ кезенде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман болған деп басталатын мұндай әпсаналарда елдің әлеуметтік қиялы, бақытты ғұмыр жөніндегі түсінігі қоғамның бір тарихи кезендерінде жаңғырып отырады да, утопиялық пайымдарға ұласады.

Пайдаланылған әдебиеттер


1)Қазақ фольклорының тарихы. Қоңыратбаев Ә. Алматы «АНА ТІЛІ» 1991. – 286 б.


2) Қазақ халқының ауыз әдебиеті.Алматы,Мектеп 1974.-152 б.
3)Аңыздар сыры.К. Әзірбаев Алматы,Өнер 2008- 153 б.
4)Қазақ әдебиеті газеті №15 , 24б.14.04.2023 ж
www.qazaqadebiti.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет