Тарихи түсініктер мен терминдер сөздігі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата05.11.2019
өлшемі423,34 Kb.
#51213
1   2   3
Байланысты:
treatise30312
stud.kz 476173, stud.kz 476173, stud.kz 476173, stud.kz 476173

ЕКІНШІ БӨЛІМ 

 

ТАРИХНАМА ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША  

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР 

 

Тарихнама - ежелгі грек тілінен аударғанда “история”  - тарих және “графия” 

- тарихты сипаттап жазу дегенді білдіреді. Тарихнаманы ең алдымен адамзат 

қоғамын  танудың    аса  маңызды  түрлерінің  бірі  болып  табылатын  тарих 

ғылымының  тарихы  деп  түсінген  жөн.  Сондай-ақ  тарихнама  деп  белгілі  бір 

тақырыпқа    немесе  тарихи  дәуірге  арналған  зерттеулердің  жиынтығын 

атайды. 


Тарихнамалық  зерттеулер  -  белгілі  бір  дәуірде  пайда  болған  тарихи  таным 

бағыттарына  тән  және  әлеуметтік  функциялар  атқаратын  принциптердің 

негізінде  жүргізілетін  ғылыми  ізденістер.  Сонымен  қатар  тарихнамалық 

зерттеулердің  міндеттері  тарих  ғылымының  даму  сұраныстары  мен 

қажеттіліктеріне  байланысты  айқындалады  және  қол  жеткізілген  тарихи 

таным  мен  тарихи  ойдың  деңгейіне,  сондай  -  ақ  зерттеу  әдістеріне  тікелей 

тәуелді болады. 

Тарихнамалық  зерттеудің  міндеттері:  жаңа  теориялық  ұстанымдарды 

орнықтыру, ғылымды жалған, сыңаржақ тұжырымдар мен қорытындылардан 

босату, тарихнамалық тұжырымдарды қалыптастыру,  ғылыми тарихи ойдың  

дамуының сабақтастығын, тоғысуларын қарастыру. 

Методология  көне грек сөзінен аударғанда «методос» - «зерттеу  жолдары», 

«таным  тәсілдері»,  ал  «логос»  ілім  деген  мағына  береді,  яғни    ол  ғылыми 

зерттеу  жолдары,  таным  тәсілдері  туралы  ілім  болып  шығады.  Ғылымда 

методологияның  “тарихи  таным  теориясы”  деген  интерпретациясы    да 

кездеседі.  Методология  -  белгілі  бір  мәселені  зерттеудің  ғылыми 

әдістемелері,  тәсілдері  мен  жолдары.  Тарих  ғылымында  методологияны  1. 

Танымның мазмұнын сипаттайтын дүниетанымдық ережелер мен теориялық 

принциптер. 2. Зерттелуге тиіс мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес әдістемелік 

қолданыстар.  3.  Ғылыми  зерттеуді  дәйектейтін,  оның  барысы  мен 

нәтижелерін  көрсетуде  қолданылатын  тәсілдер  деп  те  атайды.  Методология  

ілімі  ретінде    білімнің  үш  деңгейінен  құралады:  философиялық,  ғылыми-

теориялық және эмпирикалық. 



Ғылыми әдістер - бұл зерттеушінің танымдық қызметіндегі тарихи білімнің 

шынайылығына  жетудегі  саналы  тәсілдер  мен  жолдар.  Әдіс  -  тарихи  

заңдылықтарды  оның  нақты  көріністері  тарихи  фактілер,  фактілерден  жаңа 

білімді шығару жолдарын зерттеудің тәсілі. 



Пәнаралық  -  бұл  заманауи  дамудың  сипатты  көріністерінің  бірі,  білімнің 

әлеуметтік және саяси интеграциясы. Көп жақтылы ұғымда пәнаралылықтың  

бірпәнділіктен  айырмашылығы  оның  әртүрлі  пәндер,  білім  салалары 

арасында  өзара  әрекет  етуі  түрінде  түсіндіріледі.  Оның  дамуы  барысында 



 

25 


идеялар  мен  көзқарастардың,  терминдері  және  зерттеу  тәжірибесінің 

интеграциясы,  айырбасы    жүреді.  Осындай  өзара  ықпал  етудің  нәтижесінде 

ғылыми білімнің өзекті міндеттерін шешудің бағыты қалыптасып, ақырында 

зерттеу объектісінің мазмұны  толығып, байи түседі.  

      Пәнаралықтың  дамуы  білімді  белгілі  бір  ғылым  салаларынан  екінші 

ғылым  салаларына жеткізуден көрінеді. Мұның өзі жаңа сапалы білімге  қол 

жеткізу үшін жасалады. Ғылымның  пәнаралық  сипаты аралас және өзге де 

ғылым 


өкілдерінің 

бірігуін, 

олардың 

зерттеу 


аппараттарының 

интеграциялануын  талап  етеді.  Осындай  бағытта  зерттеу  пәнінің  жаңа 

мүмкіндіктері ашылады. 

Ғылыми зерттеу принциптері -  ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар 

тарихтың объективті заңдарын  оқып-үйренуден туындайды, соның нәтижесі 

ретінде  саналады  және  осы  мағынада    заңдылықтар  іспеттес  болады. 

Принциптер    логикалық    категория,  олар  табиғатта  емес,  адамдардың 

санасында  өмір  сүреді.  Тарих  ғылымында  тарихилық,  шынайылық  және 

әлеуметтік принциптер орын алған. 



Тарихнамалық  заңдылық  - жекелеген тарихшылардың  іргелі еңбектеріндегі 

ой-пікірлерді  зерттеу  жолымен  ғана  емес,  ғылыми  ойдың  тарихнаманың 

дамуының  түрлі  кезеңдеріндегі  қозғалыс  процесін  көрсететін  тарихи 

шығармашылықты талдау нәтижесінде орнатылатын ғылыми ереже. 



Тарихнамалық факті - тарих  ғылымында тарихнамалық заңдылықтарды ашу 

үшін қолданылатын,  тарихи білімдер туралы ақпарат беретін мәлімет. Ол өз 

бойына  дара,  яғни  дербес,  қайталанбас,  жалпы,  кездейсоқ,  қажетті,  тікелей, 

жанама, объективті, субъективті, т.б. қасиеттерді жинақтаған. Фактінің үнемі 

даму  және  баю  қабілеті  бар.  Ол  үнемі  тарихшылардың  еңбектерінен  орын 

алады.  Тарихнамалық фактілер дара, қайталанатын, қайталанбайтын немесе 

эталонды болып бөлінеді. 

Ғылыми  факті  -  деректегі  орын  алған  білім  дәлелденген  және 

қорытындылаушы тарихи білім болып саналатын ерекше түрдегі мәліметтің 

бейнесі.  Мұның  өзі  факті  тарихшының    ғылыми  тұжырымдамасына,  оның 

тарихи  пайымдауларына  сәйкес  өңделеді  дегенді  білдіреді.  Бұған  қоса 

фактілік  білім  болып  ол  шынайы,  ғылыми  проблеманы  шешуге    қызмет 

ететін,  ғылыми  білімнің  логикалық  құрылымы  саналатын,  білім  жүйесіне 

ендірілген кезде ғана табылады. 

Тарихнамалық    деректану  -  тарихнамада  қолданылатын  деректерді  іздеп 

табудың заңдылықтары, оларды өңдеу және пайдалану туралы білім жүйесі. 



Тарихнамалық деректер - тарихнама пәні бойынша анықталатын және тарих 

ғылымындағы  үрдістер  туралы,  оның  жай  -  күйінен  ақпарат  беретін  тарихи 

деректер. Олар  тарихнамалық заңдылықтардың пайда болуын және дамуын 

орнықтыру  үшін  тарихнамалық  фактілермен  қатар  қолданылады.  Мұндай 

пайымдау  үшжақты  ұғымға;  тарихнама  пәнінің  түсінігіне,  тарихнамалық 

фактнің  сипатына,  тарихнамалық  деректі  ұғындыруың    қолданысына 



 

26 


негізделеді. Тарихнамалық деректерге тарихшының еңбектері жатқызылады. 

Тарихнамалық 

деректерге 

 

монографиялар, 



ғылыми 

мақалалар, 

диссертациялық  жұмыстар,  дәрістер  курсының  мәтіндері,  жарияланбаған 

қолжазбалардың 

бастапқы 

нұсқалары, 

күнделіктер, 

заманхаттар, 

өмірбаяндар, сауалнамалар, хаттар, мерзімді және мерзімді емес басылымдар, 

жарияланған  мұрағат  құжаттарының  жинақтары,  оқу  бағдарламалары  және 

тарихнама бойынша оқылған курстардың есебі жатады. 

Дерек    термин  ретінде  бүгінгі  күні  екі  мағынада  қолданылады:  біріншісі, 

дерек  -    хабар-ошар, мәлімет, мағлұмат, екіншісі, дерек көзі  – бұлақ, нақты 

дерек көзі, мәселен, шежіре, дастан, жылнама, т.б. 

Тарихи  деректер  -    адамзат  қоғамының  дамуын  бейнелейтін  және  оны 

ғылыми  тануға  негіз  болатынның  бәрі,  яғни  адамзаттың  іс-әрекетінің 

барысында жасалғанның бәрі. Тарихи деректер заттай және жазба болып екі 

топқа  бөлінеді.  Жазба  деректер  жылнамалар,  заң  актлері,  жеке  актлері,  іс 

қағаздық  құжаттар,  жеке  адамдық  деректер  (хаттар,  күнделіктер, 

заманхаттар), әдеби ескерткіштер, публицистикалық және саяси шығармалар, 

ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар деп бірнеше түрге бөлінеді. Олардың 

жеті типі бар: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, 

фотокино, фоно құжаттар. 

Деректану  -    тарихи  деректер  туралы  ғылым.  Деректану  теориялық  және 

қолданбалы болып екіге бөлінеді. Теориялық деректану – ғылымның  негізгі 

ұғымдары  мен  түсініктерін,  зерттеу  әдістері  және  ұстанымдарын  зерттеу. 

Қолданбалы  деректану  -  әртүрлі    тарихи  кезеңдерге  тән  нақты  деректерді 

тану немесе зерттеу. 

Деректанулық  талдау  -    деректегі  мәліметтің  шынайылық  дәрежесін, 

ғылыми-танымдық  маңызын  анықтау  мақсатында  жүргізілетін  өзара 

байланыстағы іс-әрекет. 

Деректанулық  сын  -  деректегі  мәліметтің  шынайылық  дәрежесін  анықтау 

мақсатында жүргізілетін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. 



Деректі нақты сынау - нақты фактілерді анықтау мақсатында нақты деректі 

сынау.  Деректі  синтетикалық  сынау  -  фактілер  жиынтығын  анықтау 

мақсатында деректер кешенін сынау. 

Деректің  пайда  болу  негіздерін  сынау  –  деректің  сыртқы  ерекшеліктерін: 

авторын,  уақытын,  жерін,  түпнұсқалығын,  өмір  сүру  формасын,  тарихи 

жағдайын,  алғы  шарттарын,  деректі  жасаудағы  әлеуметтік  мақсаты  мен 

міндеттерін, т.б, анықтау тәсілдері. 



Деректерді классификациялау  - деректерді ортақ қасиеттері, ұқсас белгілері 

бойынша категорияларға бөлу. 



Деректерді  түрлік  классификациялау  –  жазба  деректерді  пайда  болуы, 

мазмұны, міндеттерінің бірлігі негізінде, ішкі құрылымдарының ұқсастығына 

сәйкес тарихи қалыптасқан түрлерге бөлу. 

Деректерді  типтік  классификациялау  –  деректерді  мазмұны  мен 


 

27 


формасының  сәйкестік  принципі  негізінде  сыныптау.  Тип  ақпаратты  салу 

және сақтау тәсілдерімен ерекшеленген деректерді біріктіреді. 



Герменевтика – жазба ескерткіш мәтініне түсінік беретін, талдап көрсететін, 

ішкі  мәнін  ашатын,  басқа  ескерткіштермен  өзара  байланысын  анықтайтын 

зерттеу тәсілі. 

Құжат – белгілі бір ақпаратты бойына сақтаған, заңдық немесе заңнамалық 

күші бар ресми мәлімет. 



Құжаттану  -  құжатты  тарихи  дамуы  бойынша  зерттейтін,  оның  құрылу 

заңдылықтарын, құру әдістерін, құжаттау және құжат жүйесін ұйымдастыру 

принциптерін  зерттейтін  ғылыми  пән.  Құжаттану  өз  қызметін,  белгілі  бір 

мақсат  үшін  құжат  құрылғаннан  бастап,  өз  міндетін  атқарғанға  дейін 

атқарады.  Одан  кейін  құжат  оперативті  қызметтен  шығып,  ретроспективті 

(өтіп  кеткен)  ақпаратты  сақтаушыға  айналып,  іске  тігіліп, белгілі  бір  уақыт 

аралығында  архивтік  сақтауға  жіберіледі,  яғни  тарихшылар  мен 

архивтанушылардың зерттеу объектісіне айналады.  



Ұғым  –зерттеушінің  тәжірибелік-эмпирикалық    және  ғылыми-танымдық  іс-

әрекеттерінің  барысында  қалыптасқан,  зерттеудегі  объектілер  мен 

құбылыстардың  мәні  мен  ерекше  белгілерін  тұтас  және  жалпылама  ашатын 

ойлау түрі. 



Терминдер  –  сол  ұғымның  сөздік,  табиғи  тілдік  айтылуы.  Терминдер  бөлек 

сөздерден немесе белгілі бір сөз сәйкестіктерінен тұрады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

  



 

28 


ҮШІНШІ БӨЛІМ 

 

ТАРИХТЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ САЛАСЫНДА  

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР 

 

Тарихтың  философиясы  –  тарихи  процестің  табиғатын  анықтаумен, 

тарихи  болмыстың  бастаулары  мен  іргелі  принциптерін,  тарихтың  мәнін 

іздеумен,  тарихтың  бағыттарын  және  көпөлшемділігін  айқындаумен, 

тарихтағы  объективтілік  пен  субъективтіліктің  арақатынасын  анықтаумен 

айналысатын  философиялық  білімнің  бір  саласы.  «Тарихтың  философиясы 

бүкіл біртұтас тарихи процесс ерекше, арнайы философиялық тұрғыдағы ой-

пікірдің және талдап-түсіндірудің затына айналған кездегі тарихи материалға 

деген  айрықша  көзқарас»  (Е.Б.Рашковский).  Тарихи  процестің  табиғатын 

анықтау,    тарихтың  мәнін  іздеу  –  тарих  философиясының  іргелі 

(фундаментальдық)  мәселесі,    тарихтың  дамуының  философиялық 

концепциялары  осы  сұрақтарға берген жауаптарына орай жіктеледі.  Тарихи 

процесті  түсіндіру  болмыс  пен  сананың,  материалдық  дүние  мен  рухани 

өмірдің,  ұжым  (халық,  топ)  мен  жеке  адамның  тарихтағы  рөлінің,  т.  с.  с. 

арақатынасын анықтаудың қандай философиялық заңдылықтарына сүйенеді 

деген  мәселе,  сонымен  қатар  тарихи  процесс  үнемі  прогресті  түрде 

жоғарылау  жолымен  дами  ма  әлде  оның  дамуында  қалыптасу,  өрлеу, 

құлдырау,  өшу,  қайта  жандану  сияқты  циклдар  бола  ма  деген  сұраққа 

көзқарас тарихи зерттеулердің методологиялық әдісін құрайды.  

Тарихтың  философиясын  екі  салаға  бөледі:  біріншісі  –  тарихтың 

онтологиялық  (субстантивтік)  философиясы;  екіншісі  –  тарихтың  сыни 

(аналитикалық)  философиясы.  Тарихтың  онтологиялық  (субстантивтік) 

философиясы  мынадай  мәселелерді  зерттейді:  1)  тарих  қозғалысының 

табиғаты, ерекшелігі, себептері және факторлары; 2) тарихтағы қажеттіліктер 

мен кездейсоқтықтар; тарихтың бағыттылығы және мәні; 3) тарихи процестің 

қозғаушы  күштері;  тарихи  дамудың  жобалық  модельдері;  4)  тарихтың 

мазмұны 

мен 


ырғағын; 

өткеннің, 

қазіргінің 

және 


болашақтың 

арақатынастарының  сипаты;  5)  тарихи  даму  жолдарын  таңдау  мәселесі. 

Тарихтың  сыни  (аналитикалық)  философиясының  зерттеу  өрісіне  мынадай 

мәселелер  кіреді:  1)  тарихи  танымның  табиғаты  және  ерекшелігі;  тарихи 

сипаттаудың ерекшелігі; 2) тарихты түсіну және түсіндіру;  ғылымға дейінгі 

және  тарихи  ғылыми  білім;  3)  тарихи  білімнің  құндылық  және  мәдени 

маңызы;  4)  тарихи  білімдегі  рационалдық  және  иррационалдық  бастаулар; 

тарихи  білімнің  құрылымы  мен  әдістері;  5)  тарихи  фактілердің  орны  мен 

маңызы;  6)  тарихи  танымдағы  детерминизм,  ерік  күші,  т.б.  мәселелер. 

Аталған  мәселелер  топтамасы  тарихтың  онтологиялық  (субстантивтік) 

философиясының  зерттеу  өрісі  тарихи  болмысқа  қатысты  болса,  тарихтың 

сыни  (аналитикалық)  философиясы  тарихи    санаға,  тарихи  танымның 



 

29 


логикасына  қатысты  екендігін  көрсетеді  (тарихтың  сыни  немесе  аналитика-

лық философиясын гносеологиялық бағыт деп те атайды).   

Тарихтың субстантивтік және аналитикалық философиясы  түсініктерінің 

мәнін  және  тарих  философиясы  мен  тарихтың  арақатынасын  анықтау 

мәселесіне  тоқталайық.  Артур  Данто  тарих  философиясы  мен  тарихтың 

айырмашылығын  былайша  түсіндіреді:  тарих  философиясы  бүкіл  тарихты 

тұтастай  қарастырып,  оның  теориясын  жасайды,  ал  тарих  бүкіл  өткенді 

тұтастай  алып,  оның  толық  бейнесін  жасайды.  А.Данто  «бүкіл  тарих»  ж»не  

«бүкіл өткен» деп екі түрлі түсінік беріп отыр. «Бүкіл тарих» дегені  – тарих 

ғылымы,  демек,  тарихтың  философиясы  тарих  ғылымының  ғылымның 

философиялық  мәселелерін  зерттейді;  ал  «бүкіл  өткен»  дегені  –  адамзат 

тарихында  болған  барлық  тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстар.  (Осы  жерде 

«тарих» түсінігінің өзі екі мағынада қолданылатынын еске түсірейік: 1) тарих 

–  адамзат  тарихында  болған  барлық  оқиғалармен  құбылыстар;  2)  тарих  – 

адмазат  тарихын  зерттейтін  ғылым).  Тарихтың  теориялық  мәселелерін 

А.Данто  «сипаттау  теориясы»  және  «түсіндіру  теориясы»  деп  екіге  бөледі. 

Сипаттау  теориясы  өткен  шақтағы  тарихи  оқиғалардың  құрылымын, 

ұқсастығын,  қайталаушылығын  анықтайды,  ал  түсіндіру  теориясы  осы 

оқиғалар  құрылымының  пайда  болу,  қайталану  себептерін  анықтайды. 

Тарихтың  философиясы  осы  сипаттау  және  түсіндіру  теорияларын  жасай 

отырып,  сол  арқылы  өткен  тарихтың  бүгінгісі  мен  болашақтағы  даму 

нышандарын  анықтауға  талпыныс  жасайды.  Тарих  ғылым  адамзат 

тарихының, жеке аймақтар, мемлекеттер мен халықтардың тарихының тұтас 

бейнесін    жасаса,  тарих  философиясы  адамзат  тарихының  пайда  болуы, 

дамуы  және  перспективаларын  түсіндіретін  концепцияларды  негіздейді.  

Тарих философиясы зерттейтін мәселелерді қысқаша былайша топтастыруға 

болады: 

– тарих туралы тарихи кезеңдерге қатысты арнаулы терминдер шегінде ой 

қорытуға мүмкіншілік беретін жалпы философиялық тарихи түсініктер; 

– тарихтың біртұтас құрылымын негіздейтін ерекше принциптер; 

–  тарихтағы  еркіндік,  қажеттілік  және  себептілік  сияқты  философиялық 

мәселелерді шешуге көзқарас; 

–  тарихқа  философиялық,  тарихи  және  жаратылыстану  ғылымдары 

тұрғысынан талдау жасаудың ерекшеліктері; 

– философиялық-тарихи дүниетанымның теориясы мен методологиясы;  

– тарихтағы құндылық және тарихтың өзіндік құндылығы; 

– тарихтың әлеуметтік-психологиялық мәселелері;  

– тарихтың теориясын негіздеу.  



 

*  * * 

 

Абстракциялау  (латын  сөзі:  abstractio  -  дерексіздену)  –  заттың, 

 

30 


құбылыстың немесе үдерістің жекелеген тараптарын, қасиеттерін, сапаларын 

немесе  қатынастарын  олардың  сапалық  басқа  сипаттамаларына  қатыссыз,  

ойша бөліп шығару үдерісі.   

Аккультурация  –  (латын  сөзі:  adcuitura  –  білім,  даму)  –  белгілі  бір 

халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары 

дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы 

нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі. 



Анализ  –  құбылысты  (затты,  үрдісті)  ойда  немесе  нақты  бейнеде 

бөлшектеу рәсіміне негізделген ғылыми таным әдісі.   



Аналогия  (грек  сөзі  analogia  –  сәйкестік)  –  тепе-тең  объектілердің 

кейбір қатынастарында, тараптарында және сапасында ұқсастықтарды табуға 

негізделген  әдіс.  Аналогия  ғылым  дамуының  алғашқы  кезеңдерінде  

сараптама және бақылау ретінде қолданылды. 



Ғылымның  әдісі  –  белгілі  бір  ғылым  саласы  бойынша  білімнің 

қалыптасуына  мгмкіндік  беретін  ережелердің,  принциптердің,  тәсілдердің 

жиынтығы.  

Дедукция  –  ғылыми  зерттеу  әдісі,  ойлаудың  жалпыдан  жекеге  қарай 

талдау үрдісі.  



Жіктеу (латын тілінен classis - разряд және facere - істеу) – зерттелетін 

заттар,  құбылыстар  немесе  процестерді  анықталған  белгілеріне  сәйкес 

жекелеген  топтарға  бөлу  әдісі.  Оның  шеңберінде  объектілердің  елеулі 

ұқсастықтары мен айырмашылықтары атап көрсетіледі.  



Индукция – ойлаудың жекеден жалпыға қарай талдау үрдісі. 

Институционализация  –  әлдебiр  жаңа  институттар,  мекемелер  құру, 

белгiлi бiр қоғамдық қатынастарды құқықтық және ұйымдық жағынан бекiту. 



Историософия – тарихи процестіңң табиғаты, оның негiзгi тұрпаттары 

мен  заңдылықтары,  әдiстерi  мен  жолдары  туралы  түсiнiктердi  жүйелейтiн 

ерекше гносеологиялық жүйе. 

Конгломерат – әртүрлi, әртектi нәрселердiң жүйесіз қосындысы. 

Кондратьевтiң толқындары – экономиканың дамуында ұзақ мерзiмдi 

циклдар. 



Концепция  –  адамның  ғылыми,  саяси,  техникалық,  және  көркемөнер 

салаларындағы іс-әрекетінің жетекші идеясы, конструктивті қағидасы.  



Конфессия – белгiлi бiр дiннiң шегiндегi сенiм жүйесi.  

Қоғам  –  1)  адамдар  арасындағы  тарихи  қалыптасқан  біріккен  қызмет 

пен  қарым  –  қатынас  жиынтығы;  2)  адамзат  тарихының  кезеңі  ретінде 

(алғашқы 

қауымдық,  феодалдық  немесе  ортағасырлық,  буржуазды, 

социалистік,  коммунистік,  құлиеленушілік  немесе  көне  қоғам);  3)  осындай 

кезеңдердің  жеке  ұлттық  түрі  ретінде  (айталық,  ежелгі  қытайлық,  ХІХ 

ғасырдағы  орыс  қоғамы);    4)  белгілі  бір  одақ  ретінде,  яғни  қандай  да  бір 

маңызды  сипат  бойынша  біріккен  адамдардың  ресми  емес  ұйымы  (мысалы 

үшін,  ақсүйектер  қоғамы  немесе  «жоғарғы  қоғам»,  философия  қоғамы, 


 

31 


ғылыми  қоғам,  немесе  жалпы  мамандар  қоғамы).  Қоғамның  барлық 

тұжырымдамаларын  шартты  түрде  екі  топқа  бөліп  қарастыруға  болады: 

тұжырымдамалардың  бірінде  қоғам  «қоғамдық  келісім»  негізінде  өз 

қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін біріккен жеке адамдардың жиынтығын 

құрайды, кей кездерде қоғамның осындай элементтері ретінде жеке адамдар 

емес,  олардың  әлеуметтік  іс  –  әрекеттері  немесе  әлеуметтік  қарым  – 

қатынастары  болуы  мүмкін;  ал  басқа  тұжырымдамаларда  қоғам  тек  өзіндік 

элементтерге (жеке адам, қарым –қатынас, іс − әрекет) бөлінбейтін, сонымен 

қатар  олардың  ішкі  мазмұнын  анықтайтын  органикалық  тұтастық  ретінде 

қарастырылады.  Осы  аталған  жағдайда  қоғам  дәстүрлі  діни  орыс 

философиясындағыдай трансценденттік (Құдайлық) тұтастық болады немесе 

адамдардың  еркі  мен  санасынан  тыс  өзіндік  ішкі  обьективті  заңдармен 

(марксизмнің әлеуметтік философиясы) құрылады. 

Қоғамдық-экономикалық  формация  –  тарихи  дамудың  белгілі  бір 

сатысында  тұрған  қоғам,  қоғамның  белгілі  бір  тарихи  түрі.  ...Әрбір 

қоғамдық-экономикалық формация белгілі бір өндіріс тәсіліне негізделеді, ал 

оның  мәнін  өндірістік  қатынастар  анықтайды;  сонымен  қатар  формация 

өндірістік қатынастарға сәйкес қондырманы, жанұяның түрін, тұрмысты, т. б. 

қамтиды.  



Қорытындылау – ойлау амалы, оның шеңберінде болмыстың заттары, 

құбылыстары және процестерінің  жалпы қасиеттері, белгілері мен сапалары 

айқындалады.  

Модельдеу  (француз  сөзі:  modele  –  үлгі)  –  заттар,  құбылыстар  немесе 

процесті  зерттеу  мүмкін  емес  немесе  әлдеқандай  себептермен  зерттеу 

қыйындау  болған  кезде  қолданылатын  әдіс,  мұнда  зерттелетін  объектіні 

(түпнұсқаны)  алмай,  оның  орнына  арнайы  жасалған  модельді  зерттейді.  

Модельдеудің  бірнеше  түрі  бар,  атап  айтқанда,  физикалық,  математикалық, 

логикалық, компьютерлік модельдеу.  



Моноцентризм  –  барлық  халықтар,  барлық  мәдениет  бiр  ғана  жолмен 

жүредi, олардың айырмашылығы тек қана әрқайсысының дамудың осы түзу 

жолының қай сатысында тұрғандығында деп түсiндiретiн ғылыми бағыт.  

       Ойда  жасалатын  эксперимент  (мысленный  эксперимент)  –  Жаңа  білім 

алуда  немесе  білімді  арнайы  құрастырылған  жағдайлармен  сынауда  ерекше 

теориялық  үдерістер  қолданылады.  Осы  жағдайларда  ОЭ  толыққанды  (өз 

бетінше  емес,  бөлшекті  түрде  және  модельді  түрде  жүзеге  асырылады  ) 

немесе  болашақ  тәжірибенің  алдын  ала  қарастырылуы  болуы  мүмкін. 

Толыққанды ОЭ үлгілеріне Галилейдің инерттілік принципін тұжырымдауын 

жатқызуға  болады  және  А.  Эйнштейннің  тартымдылық  пен  күшейту 

әсерлеріне  сәйкес  келетін  ОЭ  айта  аламыз.  Қазіргі  ғылымда  ОЭ 

математикалық 

болжам 


әдісімен 

және 


жалпы 

математикалық 

формализмдерді 

бейімдеумен 

тығыз 

байланысты. 



Экономикада, 

демографияда  және  әлеуметтануда  экономикалық,  демографиялық  және 



 

32 


әлеуметтік  үрдістерді  математикалық  модельдерде  тәжірибелер  жүргізу 

кеңінен таралған,  олар ЭЕМ (ЭВМ) арқылы жүргізіле отырып,  бір  уақытта 

бірнеге  тәжірибелік  факторлардың  кешенін  басқаруға  мүмкіндік  алады.  ОЭ 

ерекше түріне жағдайдың мүмкін болатын сценарийлерін құрастыру жатады. 

Өзінің  логикалық  құрылымы  жағынан  ОЭ  болжамдық,  дедуктивті  ойлау 

принциптеріне  негізделеді,  ол  өз  кезегінде  екі  жеке  фазадан  тұрады:  1) 

квазиэмпирикалық  (көрнекті  үлгілер  дәріптеуші  объектілердің  міндеті);  2) 

логикалық-сызбалық  (образды  теория  тіліне  алмастыру  әдістерін  іздестіру, 

ОЭ тұжырымдамалық жағдайларда объективтеу). ОЭ  үш түрі ажыратылады: 

1)  құрастырушы  О.Э.,  ол  теорияның  ұғымдық  негізгі  сызбаларын 

«кеңістіктендірумен»  байланысты;  2)  аналитикалық  О.Э.,  теорияның 

шынайылығын  растайтын  үлгілерді  немесе  контрүлгілерді  (негізінен 

парадокс  түрінде)  құрастыруға  бағытталған;  3)  синтетикалық  О.Э.,  ғылыми 

болжамның  құрастыру  құралы  болып  табылады.  ОЭ  экстраполяциялық 

болжамда  да  ерекше  орын  алады.  ОЭ  жеке  түрі  ретінде  ХХ  ғасырдың  30- 

жылдарында  американ  әлеуметтанушысы  Э.  Христиансенғылыми  ортаға 

енгізген  және  Ф.  Чепин  арнайы  рәсімдеп  құрастырған  экспостфактум 

тәжірибесін қарастыруға болады. Онда бақылаушы топтың тәжірибе тобынан 

бөлінуі  тәжірибелік  фактор  табиғи  түрде  тәжірибе  жүргізушінің 

қатысуынсыз  жүзеге  асқаннан  кейін  мүмкін  болады,  яғни  тәжірибе  ойша 

алдын  ала  құрастырылады.  Осылайша,  Христиансен  білім  деңгейінің 

экономикалық  қызмет  жетістігіне  әсері  туралы  гипотезаны  құрастырған 

болатын,  ол  он  жыл  бұрын  аттестат  алған  адамдар  тобын  және  білімін  

жалғастырушы  (тәжірибелік  топ)  мен  жалғастырмаушы  (бақылаушы  топ) 

бөліп  алып,  олардың  алатын  жалақы  мөлшерін  салыстырды.  Сол  арқылы 

экспостфактум 

тәжірибесі 

түсіндіруші 

гипотезаның 

болып 


өткен 

жағдайлардан белгілі бір критерий бойынша топ құрып,  ақпарат алу арқылы 

дәлелдеу құралы болып табылады.  

Нәсiлшiлдiк – адамзатты жоғары және төмен нәсiлдерге, жетiлген және 

жетiлмеген нәсiлдерге бөлу туралы ғылыми негiзсiз, керiтартпа теория. 



Формациялық  теория  –  қоғамның  тарихын  әлеуметтік  революция 

нәтижесінде  бірін-бірі  ауыстырып  тұратын  алғашқы  қауымдық,  құл 

иеленушілік,  феодалдық,  капиталистік  және  коммунистік  формациялардың 

даму  үрдісі  ретінде  түсіндіретін  теория.  Бұл  теория  бойынша,  формация-

лардың  әрқайсысының  пайда  болуы  мен  дамуының  өзіндік  заңдары  бар;  ол 

заңдар белгілі бір формацияда тұрған барлық елдер үшін жалпы   заңдылық 

бола  отырып,  сонымен  қатар  әрбір  елдің  дамуының  тарихи  және  ұлттық 

ерекшеліктерін  жоққа  шығармайды;  әрбір  формацияда  оларды  әлемдік 

тарихтың  біртұтас  үрдісіне  біріктіретін  жалпы  заңдар  әрекет  жасайды. 

Барлық елдер мен халықтардың өзінің даму барысында барлық формациялар 

мен оның жеке сатыларынан өтуі міндетті емес.  

Модернизация – индустриалдық қоғамға өту процесі. 


 

33 


Марксизм  –  К.Маркс  және  Ф.Энгельс  негiздеген,  пролетариаттың 

таптық  идеологиялық  доктринасын  бейнелейтiн  философиялық,  экономика-

лық және әлеуметтiк-саяси көзқарастар жүйесi. Марксизмнiң түйiндi идеялық 

қағидалары  –  қосымша  құн  және  өндiрiстi  қоғамдастыру  түсiнiктерiне 

негiзделген  капитализмнiң  экономикалық  жүйесiнiң  анализi,  тарихи 

материализмнiң философиялық жүйесi, соның iшiнде пролетариаттың тарихи 

рөлi туралы қорытындылары ХIХ ғ. Екiншi жартысында жұмысшы қозғалы-

сының  негiзгi  идеологиясына  айналды.  Марксизм  дүниенi  ауқымдылықпен  

қайта  құрудың  белгiлi  бiр  үлгiсiн  қалыптастыруға  бағытталды,  жаппай 

әлеуметтiк, рухани, көзқарастық революция идеясын жариялады. 



Менталитет  –  үлкен  әлеуметтік  топтардың  (халықтың,  ұлттың, 

таптың,  сословиенің)  дүниетанымымн  анықтайтын  және  оның  мәдени 

салтының бірлігін қамтамасыз ететін әлеуметтік-психологиялық көңіл-күй.   

Моноцентризм  –  барлық  халықтар,  барлық  мәдениет  бiр  ғана  жолмен 

жүредi, олардың айырмашылығы тек қана әрқайсысының дамудың осы түзу 

жолының қай сатысында тұрғандығында деп түсiндiретiн ғылыми бағыт. 

Нәсiлшiлдiк – адамзатты жоғары және төмен нәсiлдерге, жетiлген және 

жетiлмеген нәсiлдерге бөлу туралы ғылыми негiзсiз, керiтартпа теория. 



Парадигма – қойылым үлгісі мен мәселенің немесе зерттеу міндетінің 

шешімі,  сонымен  қатар  аталған  ғылыми  қоғамда  белгілі  бір  тарихи  кезең 

бойында басым болған зерттеу әдістерінің жиынтығы. 

Позитивизм – шынайы («оң») білім жеке ғылымдардың қызмет етуінің 

нәтижесінде 

ғана 

алынуы 


мүмкін 

тұжырымдамасына 

негізделген 

гуманитарлық ойдың бағыты. 



Зерттеу  пәні   –  аталған  ғылым  зерттейтін  қоғамдық  және  басқа  да 

құбылыстардың, институттар мен мекемелердің шеңбері.  

         Провиденциализм    –    тарихты  құдайдың  еркі,  алдын-ала  адамды 

«құтқару»  үшін  жасалған  жоспарының  іске  асырылуы  түрінде  көрсетілетін 

діни түсінік.  

Синтез  (грек  тілінен  synthesis  -  қосылу)  –  объектінің  көрсетілген 

элементтерін  қандай  да  бір  тұтасқа  біріктірумен  байланысты,  қарама-қарсы 

ойлау операциясы. 

Стагнация – экономикадағы тоқырау құбылысы. 

Талдау  (грек  тілінен  analysis  -  ажырату)  –  затты,  құбылысты  немесе 

процесті  тану  мақсатында  құраушы  элементтерге  ойша  бөлшектеуден 

тұратын  таным әдісі. 

Тарихи  дамудың  сызықтық  тұжырымдамасы  –  қоғамның  дамуының 

детерминистiк  сипаты,  оның  белгiлi  бiр  экономикалық,  техногендiк,  рухани 

және  басқа  факторлармен  анықталатыны  туралы  түсiнiкке,  тарихи  дамуды 

осы  қасиеттердiң  уақыт  шегiнде  тоқтамай  өрiстеуi  деп  түсiнуге,  осы 

қасиеттердi  күшейту  және  осы  негiзде  қоғамды  сапалы  түрде  қайта  құру 

туралы түсiнiкке негiзделген историософиялық тұжырымдама.  



 

34 


Тарихи  зерттеулердiң  методологиясы  –  тарихи  үрдiстi  түсiндiру 

болмыс пен сананың, материалдық дүние мен рухани өмiрдiң, ұжым (халық, 

топ) мен жеке адамның тарихтағы рөлiнiң, т. с. с. арақатынасын анықтаудың 

қандай философиялық заңдылықтарына сүйенедi деген мәселе, сонымен қа-

тар  тарихи  үрдiс  үнемi  прогрестi  түрде  жоғарылау  жолымен  дами  ма  әлде 

оның  дамуында  қалыптасу,  өрлеу,  құлдырау,  өшу,  қайта  жандану  сияқты 

циклдар бола ма деген сұраққа көзқарас. 

Тарихи  үдеріс  –  адамзат  ұрпақтарының  іс-әрекетінің  нәтижесі  болып 

табылатын оқиғалар мен құбылыстардың уақыт шегіндегі жалғастылығының 

көрінісі.  Тарихи  процестің  негізін  адамзат  өміріне  елеулі  түрде  әсер  еткен 

тарихи  фактілер  және  тарихи  құбылыстар  құрайды.  Алайда  тарихи  процесс 

тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстардың  жүйесіз  ағымы  (немесе  жиынтығы) 

немесе  халықтар  мен  мемлекеттердің  тарихының  қосындысы  емес.  Тарихи 

процесс  –  жалпы  адамзаттың  өткеннен  бүгінгіге  және  болашаққа  қарай 

қозғалысын, дамуын бейнелейтін процесс. 



Тарихи үдеріс теориясы – әдіснамалық интерпретация. Тарихи процесс 

теориясы – тарихи фактілерді түсіндіретін себеп-салдарлық байланыстардың 

логикалық  сызбасы.  Ол  тарихтың  пәнімен  анықталады  және  тарихи  факт 

(оқиға,  үрдіс,  құбылыс)  мен  соған  сәйкес  келетін  қорытындылардың 

аралығында тұрады. 

Тарихты  кезеңдерге  бөлу  критерийлері  –  тарих  ғылымы  қандай 

методологиялық 

тұжырымдамаға 

негiзделгенiне 

орай 

анықталатын 



приницптер. 

Тарихтың  философиясы  –  бүкiл  бiртұтас  тарихи  процесс  ерекше, 

арнайы  философиялық  тұрғыдағы  ой-пiкiрдiң  және  талдап-түсiндiрудiң 

затына айналған кездегi тарихи материалға деген айрықша көзқарас. 

Ұзақ  мерзiмдi  циклдар  –  өркениеттің  немесе  әлеуметтік-саяси 

организмдер жүйесінiң әмбебап циклдық сатылар (өрлеу, дағдарыс, тоқырау, 

жандану)  арқылы  өтетiн,  кешендi  факторлардың  әрекетiмен  байланысты 

даму кезеңi. 



Унификация – әлдебiр заттарды, құбылыстарды, т.б. бiртектiлiкке, бiр-

түрлiлiкке, бiр жүйеге айналдыру. 



Федерализм – мемлекеттiк-саяси автономия құқығы бар субъектiлерден 

тұратын мемлекеттiк құрылыс. 



Шовинизм – аса сыртқары ұлтшылдық, ұлттық артықшылықты уағыз-

дайтын, ұлттардың бiр-бiрiн жеккөрушiлiгi мен қақтығысын туғызуға бағыт-

талған саясат. 

Эволюция – қоғам мен табиғаттағы өзгерістер, олардың бағыты, тәртібі, 

заңдылықтары  туралы  түсінік;  қандай  да  бір  жүйенің  жағдйын  анықтайды, 

оның  алдыңғы  жағдайының  аз  немесе  көп  өзгерісінің  нәтижесі  ретінде 

қарастырылады; тар мағынасында дағдарысқа қарағанда өте баяу әрі сатылы 

өзгерістер болып табылады. 


 

35 


Эгалитаризм  –  әлеуметтiк  әдiлетттiлiк  қағидасын  мүлiктiк  теңдiк, 

меншiктi тең бөлiсу арманымен ұштастыруға негiзделген идеология. 

   Эпистемология –  таным теориясы. 

Эсхатология –  


 

36 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет