Тарихи түсініктер мен терминдер сөздігі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата05.11.2019
өлшемі423,34 Kb.
#51213
1   2   3
Байланысты:
treatise30312
stud.kz 476173, stud.kz 476173, stud.kz 476173, stud.kz 476173

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ 

 

НЕГІЗГІ ТАРИХИ ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕРДІ  

МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 

 

1. Египеттіктердің көне жазу атауын көрсетіңіз: 



а) кириллица, 

б) иероглифтер, 

в) сына жазу. 

 

2. Фараон жарлықтарын жазған және салық жинаған кім?  



а) ақсүйек, 

б) жазғыш, 

в) мумия. 

 

3. Келесі сөздерге анықтама беріңіз: 



фараон, шадуф, иероглиф, салық, екі аяқты күйме арба. 

 

4. Келесі сөздерге анықтама беріңіз: 



пирамида, сфинкс, мумия, ақсүйек, дельта. 

 

5. Египет Құдайының үйі қалай аталады? 



а) пирамида, 

б) ғибадатхана, 

в) мастаба. 

 

6. Ортағасырлық кезеңді зерттейтін тарихи ғылым саласы – 



а) хронология; 

б) медиевистика; 

в) сфрагистика; 

г) әдіснама. 

 

7. Колонат – ол: 



а) жер иелену түрі; 

б) жер өңдеу құралы; 

в) феодалдың жерден алатын кірісі; 

г) ежелгі германдықтардың халық жиыны. 

 

8.  Әскери  тұтқын  басшыларының  билігі  халық  жиналысымен  шектелген 



қоғамдық құрылыс – 

а) теократия; 

б) әскери демократия; 


 

37 


в) абсолюттік монархия; 

г) таптық-өкілдік монархия. 

 

9. Женевада  кальвинизм  догматтарына  қатысты  мәселелер  шешілген 



жиналыс:  

а) Консистория; 

б) Рейхстаг; 

в) Фогт; 

г) Конгрегация. 

 

10. Англияда пуританизм идеологиясының біртоға жақтаушыларын атады:  



а) Масондар;  

б) Либералдар;  

в) Пресвитериандар;  

г) Индепенденттер. 



 

11. «Деизм» негізі неде?  

а) Толық сенімсіздік;   

б) Құдайға көзсіз сенім;   

в) Дінге бей – жай қарау;    

г) Құдайды тек сана арқылы танитын доктрина. 



 

12. Сайлаушылардың сайлауға қатысудан жалтаруы 

 А) аболиционизм 

 Б) абсентеизм 

 В) аброгация 

 

13. Елдің шаруашылықтық жекелену саясаты 



А) автономия 

Б) сепаратизм 

В) автаркия 

 

14. Белгілі бір нәрсеге көндіру үшін немесе қандай да бір әрекетке жүгіндіру 



үшін халықтың санасына әсер етуде ой, пікір тарату  

 А) насихат 

 Б) агитация 

 В) ақпараттандыру 

 

15.    Бір  мемлекеттің  екінші  мемлекеттің  егемендігіне  қарсы  әскери  күш 



қолдануы немесе басқа да қол сұғушылық  

А) қақтығыс 

Б) агрессия 


 

38 


 В) соғыс 

 

16. Келісім шарттары негізіндегі бірігу, одақ  



 А) конфедерация 

 Б) альянс 

 В) блок 

 

17.  Мемлекетті  жоюды  және  «мемлекеттік  емес»  әлеуметтік  құрылысты  өз 



мақсаты деп жариялаған саяси ағым  

 А) синдикализм 

 Б) анархизм 

 В) корпоративизм 

 

18.  Күшпен  қосып  алу  немесе  басып  алу  және  басқа  мемлекеттің  немесе 



халықтың жер аумағын өзге мемлекет шекарасында ұстап тұру   

А) плебисцит 

Б) аншлюс 

В) аннексия 

 

19. Атлантизм –  



 А)Атлантика аймағы елдерінің тағдыры мен мүдделерінің ортақтығы туралы 

тезис негізіндегі идеялық – саяси концепция 

Б) АҚШ –тың Батыс Еуропа елдеріне қатысты саясаты  

В) «қырғи қабақ соғыс» кезеңінің саясаты, қазіргі уақытта қолданылмайды  

 

20. Постиндустриалды қоғам - 



А)  жетекші рөлді білім мен ғылым, материалды өндіріс пен қызмет саласы, 

компьютерлендіру алатын қоғамдық даму сатысы 

Б)  жетекші  рөлді  білім  мен  ғылым,  қызмет  саласы,  жаһандану  мен 

компьютерлендіру алатын қоғамдық даму сатысы  

 В)  жетекші  рөлді  білім  мен  ғылым,  қызмет  саласы,  инновациялық 

технологиялар алатын қоғамдық даму сатысы  

 

21. Экономиканың құрылымдық қайта құрылуы – 



А)  өндірістің  сапалы  техникалық  және  технологиялық  жандануы, 

экономикалық қатынастардың жаңа моделінің құрылуы  

Б)  барлық  экономикалық  механизмнің  сапалық  түрленуі  мен  экономикалық 

қатынастардың жаңа моделінің құрылуы 

В)    ҒТР  жетістіктерінің  негізінде  техникалық  парк  пен  қоғамдық  өндіріс 

технологиясының алмастырылуы  

 

22. Трансұлттық одақ (ТНК) – 



 

39 


А)  тіркелген  мемлекеттен  тыс  іскери  операциялар  жүргізетін  фирма, 

компания 

Б)  үкімет  шешімімен  әлемнің  басқа  мемлекеттерінде  қосымша  филиалдар 

желісін құрушы фирма, компания 

В)    басқа  мемлекеттердің  фирма  мен  компанияларын  көбірек  табыс  табу 

мақсатында қолданатын фирма, компания 

 

23. Тарихнама - бұл 



А) тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерттейтін ғылым саласы 

В) тарихи деректерді оқып-үйренетін ғылым саласы 

С) тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы 

Д) тарихи тұжырымдамаларды талдайтын ғылым саласы 

Е) тарихтың методологиясын талдайтын ғылым саласы 

 

24. Тарихнамалық факті – бұл  



А) тарихи оқиғалар мен үдерістерден ақпарат беретін мәлімет; 

В) тарихи білімдер туралы ақпарат беретін мәлімет; 

С) тарихи дәуірлерден хабар беретін мәлімет; 

Д) статистикалық мәліметтердің жиынтығы; 

Е) археологиялық жәдігерлер туралы мәлімет. 

 

25. Тарихнамалық деректану - бұл 



А) тарихи деректерді сыннан өткізу туралы ережелер жүйесі 

В) деректерді ғылыми талдаудан өткізу туралы тұжырымдама 

С) тарихнамада қолданылатын деректерді іздеп табудың заңдылықтары 

оларды өңдеу және пайдалану туралы білім жүйесі 

Д) тарихи деректерді ғылыми айналымға түсіру туралы білім 

Е) тарихнамалық деректерді талдау жүйесі 

 

26. Тарихнамалық деректер - 



А) тарихнама пәні бойынша анықталатын және тарих ғылымындағы үрдістер 

туралы, оның жай-күйінен ақпарат беретін тарихи деректер 

В) тарихи оқиғалар мен үдерістерден мәлімет беретін деректер 

С) тарихи деректердің типі 

Д) тарихнама пәнінен мәлімет беретін деректер 

Е) тарихнамалық заңдылықтар туралы мәлімет беретін деректер. 

 

27. Басты тарихнамалық деректер - 



А) тарихшының еңбектер 

В) мұрағат құжаттары 

С) ауызша тарих айту деректері 

Д) мерзімді басылым және статистикалық материалдар 



 

40 


Е) археологиялық жәдігерлер. 

 

28.  Жеке  және  заңды  тұлға  жасаған,  белгіленген  тәртіппен  рәсімделіп, 



куәланған құжат - 

А) тарихи дерек 

В) ресми құжат 

С) жеке құжат 

Д)заңды құжат  

Е) мұрағат құжаты 

 

29.  Деректегі  мағұлматтың  шынайылық  деңгейін  анықтау  мақсатында 



жүргізілетін зерттеу әдістерімен тәсілдерінің жиынтығы - 

А)  Деректану 

В) Деректанулық сын  

С)Мәтінтану 

Д)Деректерді сыныптау 

Е) Синергетика 

 

30.


 

Тарихи дерек ұғымының мағынасы - 

А) белгілі бір субъектінің белгілі бір оқиғаны жазуы 

В) объективтілік пен субъективтілік диалектінің бірлігі 

С) тарихшы жазып қалдырған оқиға 

Д) тарихи оқиға туралы мәлімет 

Е) тарихи шындық жайындағы ақпарат 

 

31. Тарих - ғылым 



А) Табиғаттың заңдылықтарын зерттейтін  

В) Қоғамдық қатынастарды қарастыратын  

С) тарихи деректерді зерттейтін 

Д) жеке оқиғалар мен құбылыстарды зерттейтін эмпирикалық  

Е) тарихнамалық деректерді 

 

32. Тұжырымдама (концепция)  



 А) Көзқарастар жүйесі, белгілі бір терияның негізгі идеясы  

В) Діни пайымдамалар 

С) Нақты міндетті шешуде қолданылатын тәсіл 

Д) Рухани құндылықтар жүйесі 

Е) Саяси ұстанымдар  

 

33.



 

Анархизм -  



 А. көқарастар жүйесі, белгілі бір терияның негізгі идеясы 

 В.  әлеуметтік-саяси  ілім.  Мемлекеттік  билік  пен  саяси  күрестің                                    



 

41 


жағымды рөлін жоққа шығару 

С. тарихи үдерісті анықталған, нақты міндетті шешудегі қозғалысты 

бейнелейтін, жоспарлы мақсат 

Д. рухани құндылықтар жүйесі 

Е.  халық қозғалысының  бейнесі 

 

34. Зерттеушінің деректі іздеп табуы 



А) Библиография 

В) Мәлімдеме 

С) Эвристика 

Д) Атрибуция 

Е) Сфрагистика 

 

35. Датировка – 



А) Деректің авторын анықтау 

В) Деректің пайда болу уақытын анықтау 

С) Деректерді салыстыру 

Д) Деректің сақталу формасын анықтау 

Е) Тарихи деректің әлеуметтік функциясын көрсету 

 

36. Фактілер жиынтығын анықтау мақсатында деректер кешенін сынау 



А) Деректанулық сын 

В) Деректерді синтетикалық сынау 

С) Деректерді түрлік сыныптау 

Д) Деректерді типтік сынау 

Е) Деректерді сыныптау 

 

37. Деректердің сақталу формасы 



А) Деректің жазылу деңгейі 

В) Деректің келіп жету түрі 

С) Дерек мазмұнының бұрмалану деңгейі 

Д) Деректің көшірмесі 

Е) Деректің шынайылық деңгейі 

 

38. Тарихнамалық ғылыми әдістер - бұл  



А)тарихнамашының танымдық қызметіндегі тарихи білімнің шынайылығына 

жетудегі саналы тәсілдер мен жолдар 

В) тарихи  заңдылықтарды зерттеудің тәсілі 

С) зерттеудің мақсат-міндеттерін айқындау тәсілі 

Д) тарих ғылымында жинақталған терең білімді көрсету 

Е) тарихнамалық фактілерді терең түсіну 

 


 

42 


39.

 

Деректану ғылымы –  



А) тарихи деректер, оларды іздеп табу, зерттеу және пайдаланудың теориясы 

мен практикасы  туралы тарих ғылымының саласы 

В) қосалқы тарихи пән   

С) тарихтың тарихын зерттейтін ғылым саласы 

Д)  тарихнамалық  деректер,  оларды  іздеп  табудың,  зерттеудің  теориясы  мен 

методологиясы туралы ғылым 

Е) тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуын зерттейтін ғылым саласы 

 

40. Тарихнама ғылымы – 



А) тарихи деректер туралы ғылым саласы 

В) тарихи оқиғалар мен үдерістер туралы ғылым саласы 

С)  тарихи  деректерді  зерттейтін  және  ғылыми  айналымға  түсірудің 

әдістемесі туралы ғылым 

Д) тарихтың тарихын зерттейтін ғылым саласы 

Е) заттай деректер туралы ғылым саласы 

 

 

 



 

 


 

43 


МАЗМҰНЫ 

 

Алғысөз................................................................................................ 

 

 

Бірінші бөлім. Тарих пәндері бойынша қолданылатын  

түсініктер мен терминдер.................................................................. 

 

 

Екінші бөлім. Тарихнама және деректану пәндері бойынша  

қолданылатын түсініктер мен терминдер.......................................... 

 

 

Үшінші  бөлім.  Тарихтың  философиясы  және  теориясы  саласында  

қолданылатын түсініктер мен терминдер......................................... 

 

 

Төртінші бөлім. Негізгі тарихи түсініктер мен терминдерді  

меңгеруге арналған тапсырмалар..................................................... 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер................................................................ 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет