«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер



бет19/20
Дата18.10.2022
өлшемі154,86 Kb.
#153629
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
DOC-20221009-WA0047.

Тарих кабинеті


Жоспар:
1.Тарих кабинетін ұйымдастырудағы негізгі педагогикалық және дидактикалық талаптар
2.Тарих пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудағы тарих кабинетінің функционалды мүмкіншіліктері
3.Тарих кабинетінің жабдықталуы

Тарих кабинеті – мектептегі идеялық-саяси жұмыстың базасы, оның басты міндеті мемлекеттік саясатты жүйелі түрде көрнекі насихаттау болып табылады. Бұл жұмыс техникалық оқыту құралдарын кең көлемде қолдану, өздік және практикалық жұмыстар жүргізу, кітаптар, анықтама және тарату материалдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.


Тарих кабинеті ТОҚ жабдықталады: компьютер, магнитофон, бейнемагнитофон, графпроектор, экран.
Кабинетті әдістемелік қамтамасыз ету:
көрнекі материалдар;
 жеке жұмыс істеуге арналған дидактикалық материалдар;
 тарату материалы.
Тарих пәніне арналған оқу құралдары дайын және қолдан даярланған болуы мүмкін:
 қабырғаға ілетін тарихи карталар;
 көрсету картиналары мен кестелер;
 көрнекі көрме құралдары (выставочные наглядные пособия (кішкентай көлемдегі көшірмелер, атластар және нұсқалы карталар, фотографиялар);
 көлемді көрнекі құралдар (үлгілер, макеттер, муляждар, диорамалар);
 мәтіндік құралдар: кітаптар, кітапшалар, журналдар, газет және журнал материалдарының қиындылары;
 өлкетану көрмелері немесе кабинеттің мұражайлық бұрыштамалары;
 тұпнұсқалар және өткен жылдардан жиналған құжаттар.
Жалпы білім беретін мекемелерге қойылатын талаптар:
1. Жалпы білім беретін мекемелердің ғимараттары көліктің жүру арақашықтығы 100-170 метр болатын, квартал аралық өтетін жерден шеттетілген, шағын ауданның квартал аралық аумағында орналасуы тиіс.
2. Жалпы білім беретін мекемелердің квартал ішіндегі жолдардағы автокөліктердің ара-тұра (тұрақты емес) қозғалысы мектеп аумағының шекарасынан жолға дейін ең кем дегендегі ара қашықтығы 15 метрден 25 метрге дейін болған жағдайда ғана мүмкін болады. .
3. Квартал ішінде және әсіресе кварталдар арасындағы шығатын жолдарда мектептердің орналасуына жол берілмейді.
4. Мектептен 3 километр қашықтықта тұратын оқушылар тасымалданады. Село оқушыларын тасымалдауды арнайы мектеп көлігі жүзеге асырады.
5. Көліктік қызмет көрсетілуі мүмкін болатын қашықтықтан алыста тұратын оқушылар үшін, сондай-ақ көлікке қол жетімділік болмаған жағдайда, күн-райы қолайсыз болған кезде мекеменің жалпы сыйымдылығынан 10 % орын есебінен мектеп жанындағы интернат қарастырылуы тиіс.
Жалпы білім беретін мекемелердің аумақтарына қойылатын талаптар:
1. Жалпы білім беретін мекемелер қызыл линияға дейін мекеме ғимаратынан 25 метрден кем емес қашықтықтағы өзінің жер телімі болуы тиіс (2-қосымша).
2. Жер телімдерінің алаңдары мекеменің сыйымдылығына байланысты және 2.07.01-89 СН және Е сәйкес қабылданады.
3. Жер телімінің аумағы биіктігі 1.5 метрлік дуалмен қоршалып, жан-жағына гүлдер отырғызылуы тиіс.
4. Жер телімі аумағының кем дегенде 50 % гүл отырғызылуы тиіс. Аумақты жасылдандыру кезінде улы жемісті жидектер мен ағаштар отырғызуға тыйым салынады.
5. Жер телімінде мынадай аймақтар бөлінуі тиіс: оқу-тәжірибелік, дене шынықтыру – спорттық, демалыс, географиялық алаң, шаруашылық.
6. Оқу-тәжірибелік алаң жер телімінің 25 % кем емес алаңын құрау тиіс. Ол қала мектептерінде биология және химия кабинеттерімен органикалық түрде қатысты жер телімдерінде павильондар, жылыжайлар салу есебінен қысқаруы мүмкін.
7. Дене шынықтыру – спорт зоналары мекеме ғимаратынан 25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс. Оны оқу кабинеттерінің терезе жақтарына қарай орналастыруға жол берілмейді. Спорт зонасын жабдықтау дене шынықтыру бойынша оқу бағдарламаларын орындауды, сондай-ақ спорттық секциялық сабақтар мен сауықтыру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету қажет. Спорттық - ойын алаңдарына қатты төсеніш, футбол алаңдарына – жасыл шөп төсеніштері төселуі тиіс.
8. Демалыс зонасы баққа, гүлдерге жақын орналасып, спорттық және шаруашылық зоналарынан шетте орналасуы тиіс. Ол жерде қозғалмалы ойындар мен демалу үшін алаңдар болуы тиіс. Қозғалмалы ойындар мен тыныш демалуға арналған алаңдар ғимаратқа жақын орналасып, оқытудың әр деңгейіндегі оқушылар үшін бөлек болуы тиіс.
9. Географиялық алаң мектеп географиясының материалдық базасының қажетті құрылымы. Тегіс участкіде алаңы 12х12 метр жерде орналасады. Мектеп ғимаратынан, ағаш, талдардан шетте, полюске қарай бағытталған.
 биіктікті өлшейтін құрал – бағана;
 гномон;
 қашықтық және аудан эталондары;
 метеорологиялық будка солтүстікке қараған шығатын есігі бар оңтүстік бөлігіне орнатылады;
 флюгер;
жауын-шашын өлшеуіші;
 көлбеу күн сағаттары.
10. Шаруашылық аумағы жалпы білім беретін мекеменің ғимараты 35 метрден кем емес қашықтықтағы учаскенің шекарасымен асхананың өндірістік ғимаратында шығатын жағында орналасып, айналасы жасылдандырылып, көшеге шығатын жеке есігі болуы тиіс.
11. Қоқыс жинағыштың қақпағы қатты тығындалып, жабылуы тиіс. Оларды асханадан 25 метр кем емес қашықтықта бетондалған алаңда орнатылады.
12. Участкіге кіру және шығу, аула әжетханаларына баратын жол асфальтпен, бетонмен және т.б. қатты төсемдер төселуі тиіс. Мектеп ғимаратына дейінгі кіреберіс 100 метрден кем емес қашықтықтан бастап қатты төсемдермен жабылуы тиіс.
13. Ғимарат аумағы, кіреберіс жолдары түнде жарық болуы тиіс..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет