Тасилова назия айтбаевна



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
китаааап

 
 
2.2 
«Қырғыздардың 
(қазақтардың) 
жер 
пайдалану 
материалдарындағы...» рулар мен тайпалар жөніндегі статистикалық 
мәліметтерді талдаудың негізгі принциптері мен әдістері. 
Статистикалық деректерді талдауда ең алдымен деректің толықтығы, 
шынайылығы мен нақтылығы, мәліметтердің біркелкілігі анықталуы қажет. 
Мұндағы толықтығы дегеніміз дерек кез-келген халық тұрмысының барлық 
жақтарын, немесе негізгі элементтерін қамтуы қажет. Ал шынайылығы мен 
нақтылығы дегеніміз сандық мағынада емес, статистикалық деректегі 
шындықтың обьективті түрде бейнеленуін айтамыз. Статистикалық деректің 
сапасы оның қандай әдіс-тәсілмен жинақталуына тікелей байланысты.
 
Қазақ халқының құрамындағы ру-тайпалардың тарихын, құрамын зерттеу 
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жүйелі түрде жолға қойылды. Алғашқы 
мәліметтер жер аударылып барған орыс зиялылары, орыс экспедицияларының 
қорытындылары, 
экспедиция 
мүшелерінің 
жазбалары, 
статистикалық 
мәліметтер арқылы толықтырыла бастады. Осы кезеңдегі шежірені, ру-тайпаны 
зерттеу отаршылдық саясатпен тығыз байланыста болды. Себебі, жерді тартып 
алу, бөлу секілді мәселелерде қазақтардың рулық құрамын, орналасу ареалын 
білуді қажет етті. Зерттеп отырған «ҚЖПМ» ру-тайпалық құрылымға аса зор 


53 
мән беріліп, кез-келген тарауында оған қатысты мағлұматтарды көптеп беріп 
отырған.
Зерттеуші әрі экономист С. Толыбеков бұл материалдарды ғылыми тұрғыда 
дұрыс пайдалану, зерттеушіге қазақтардың жерді пайдалану сипаты мен 
көшпелі шаруашылықтың экономикалық дамуына қатысты құнды мәліметтерді 
алуға көмектесетінін атап өтеді. Мұнда Щербинананың 1896-1901 жж. 12 уезд,
П. Скрыплевтің басқарған 1906-1913 жж. 5 уезд, П. Румянцев бастаған 1909-
1913 жж. Жетісу уездерінің материалдары пайдаланылып, зерттеу 
жұмыстарының әдіс-тәсілдері мен негізгі зерттеу обьектілері нақты көрсетілген. 
Мәселен, автор: «Зерттеулер кең масштабта жүргізілді: әрбір отбасының 
экономикалық жағдайы, оның құрамы, негізгі жұмысы; жалпы шаруашылық 
сұрақтар, жерлердің шекаралары мен жер пайдалану формалары, зерттелген 
жерлердің табиғи жағдайы және т.б. аулалық сауалнамалар арқылы жүргізілді. 
Содан кейін алынған жауаптар жалпы байқау, білетін адамдардан сұрау тәсілі 
арқылы тексерілетін», - деп, мәліметтерді жинау әдістеріне тоқталады.
 
Экспедиция өзінің зерттеу жұмысын осы Далалық өлке туралы 
анықтамалық, 
энциклопедиялық 
әдебиеттермен 
танысып, 
генерал-
губернаторлардың есептері мен жергілікті статистикалық комитеттердің 
басылымдарын, басқа да заңдық құжаттарды пайдалана отырып зерттеудің 
алғашқы схемалық бағдарламасын құрудан бастады. Жалпы зерттеу 
бағдарламасы алдын-ала бақылаудан кейін іс-тәжірибеде жинақталған әдістеме 
негізінде қайта өңделді. Бағдарламаны Ф. Щербина құрастырды. Экспедиция 
бағдарламасы 17 тараудан және кішігірім 93 тараушадан тұрды. Ол:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет