Тасилова назия айтбаевна


 Рулық бастама; 2. Шаруашылық ауылдардың тарихы



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
китаааап

 
1. Рулық бастама;
2. Шаруашылық ауылдардың тарихы;
 
3. Жер пайдалану формасы;
 
4. Мал шаруашылығы; 
5. Пішен шабу; 
6. Жер өңдеу; 
7. Бақшашылық және бау егіп өсіру; 
8. Орман және тоғайлы жерлер; 
9. Жерді жалға беру (аренда); 
10. ¤неркәсіп және жалақы; 
11. Алым-салық және борышы;
12. Қырғыз отбасының ерекшелігі;
13. Ортақ шаруашылық істер;
14. Сауда;
15. Несие (кредит);
16. Халықтың қажеттілігі;
17. Табиғи-жаратылыс жағдайы.
 
Осы бағдарлама кейінгі барлық зерттеу жұмыстарына мұрындық болып,
Ф. Щербинаның қолданған әдіс-тәсілдерін барлық статистер негізге алып 
отырды. 


54 
Негізінен «ҚЖПМ» дүниеге алып келген зерттеу экспедициясының 
бағдарламасында ең алдымен рулық бастамаға егжей-тегжейлі тоқталған. Онда 
«А. Рулық бастама» деп: 
- Болыстар бойынша рулар кестесін жасау; 
- Қыстаулардың құрылуы мен оларды өзара бөліп алуға рулық бастаманың 
ықпалы және оған байланысты ауызша аңыз-әңгімелер сақталынғанба соны 
анықтау; 
- Рулық бастаманың бірнеше шаруашылық ауылдардың бір топқа бірігіп, 
бір жайылымды бір-біріне хабарлап пайдалану, басқа да көшпелілерден өз 
мүдделерін қорғауына ықпалы бар не жоқ екендігін анықтау;
- Рулық бастаманың некелік қатынастар арқылы өз алдына шаруашылық 
құрып немесе дербес үйдің пайда болуына себепші болуна әсерін тигізуі; 
- Билеуші болыстарды, билерді, ауылдық старшындарды және т.б. 
сайлауда рулық қатынастардың ықпалы болды ма? Ру аралық кек алу бар ма?, - 
деген мәселелер арнайы қарастырылды. Сондықтан да зерттеушілер ең алдымен 
зерттелінетін уездер мен болыстардың тұрғылықты халқының құрамын (қай ру-
тайпадан шыққанын) айқындап, олар қай кезеңнен осы территорияға келіп 
қоныстанғанын анықтаудан бастаған. 
Бұл зерттеуде қазақтың ру-тайпалық құрылымын, орналасу тарихын
шежіресін тізбектеген ғалымдар ол мәліметтерді көнекөз қариялардан, ауыл 
ақсақалдарынан немесе ру басыларынан сұрап, жазып алып отырған. Бұл 
туралы деректе: «... киргизы основательно отказываются оть сообщенія имен 
родовь чужой орды, опасаясь дать неверныя сведенія, и твердо и уверенно 
сообщають лишь свою прямую родословнию сь ближайшими кь ней коленами. 
Имена приводимой родословной сверены со схемами Левшина, Аристова и 
Гродекова ... от которых они не дають значительныхь отступленій, во многихь 
родовыхь коленахь дополняя ихь», - делінген. Бұл зерттеушілер біріншіден, 
білетін адамдардан шежірелерді сұрастырған. Сұрау алынған қазақтар өздерінің 
руларын тарқатып, өздеріне қатысы бар туысқан руларды ғана атап беретін 
болған. Ал қатысы жоқ ру-тайпалардың шежіресін шатастырмау үшін айтудан 
бас тартып отырған. Ол деректің шынайылығын жоғарылатты. Екіншіден, ол ру-
тайпалардың атаулары ғылыми маңызы дәлелденген Аристов, Гродеков, 
Левшин сияқты зерттеушілердің еңбектерімен салыстырмалы талданған. Бұл 
мәліметтерді одан әрі нақтыландыра түседі.
«ҚЖПМ» әр уездің шежіресі, ру-тайпалардың көшіп-қону маршруттары 
мен қоныстары арнайы картаға түсірілген болатын. Шежіре екі негізгі 
компаненттерден құралады: генеологиялық схемалар мен тарихи аңыз-әңгіме. 
Бұл екеуі де «ҚЖПМ» кездеседі.
Қазақ шежіресі - халық тарихының көптеген ақтаңдақ мәселелерін ашуға 
көмектесетін дерек көзі. Ең алдымен, шежіре – ұлт тазалығы мен ұлт 
құрамының ерекшелігінің басты көрсеткіші. Шежіре – көшпенділердің кеңістік 
пен уақыт, тарих пен адамзат арасындағы қатынасты анықтайтын фактор. 
Шежіре – кез-келген кезең (кеңістік) мен әртүрлі уақыт, кез-келген оқиға мен 
адамзат арасындағы қарым-қатынасты анықтауға көмектесетін, уақыт пен 
кеңістікке тез бейімделетін деректік қордың жиынтығы. Шежіре – бұл дерек 


55 
көзі ғана емес, халық қазынасы. Шежіре тарихи дерек болғандықтан, 
шежіретану ғылымының теориялық-методологиялық проблемалары деректану 
ғылымының шеңберінде қарастырылады. Олардың қатарында, тарихи 
шындықтың шежіреде сақталған мәліметтерге енуі мен бейнеленуі, шежіренің 
әлеуметтік табиғаты мен ондағы субьективтіліктің деңгейі, шежіре мәліметтерін 
сыныптау, шежіре деректерінің ғылыми құндылығын анықтау принциптері мен 
тәсілдері және т.б. 
Шежіренің сақталу формалары әртүрлі болып келеді. Көшпелі және 
жартылай көшпелі халықтарда шежіре алғашында ауыздан-ауызға аңыз-әңгіме 
түрінде берілген, ортағасырларда билеуші әулеттердің көздеген саясаты мен 
мүддесіне сай шежірелер жазба түрінде арнайы жинақталып, идеологиялық 
сипат алып отырған. Бірақта шежірені ауызша айту дәстүрі де қатар қолданыста 
болған. 
ХІХ ғ. соңына дейін орыс зерттеушілері қазақ ру-тайпаларының құрамы 
мен орналасуына қатысты көптеген мәліметтерді зерттеушілер мен елшілер
саудагерлер мен миссионерлер арқылы жинап алғанымен, Ф.А. Щербина 
экспедициясы бұл мәселені арнайы қарастыруға шешім қабылдады. Осы 
экспедицияның жасаған бағдарламаны кейінгі В. Кузнецов, П. Румянцев,
П. Скрыплев, П. Хворостанскийлердің зерттеу партиялары негізге алып, оның 
әдістемесін пайдаланды.
«ҚЖПМ» соңында сызба түріндегі шежірелер берілсе, әр уездің қоныстану 
тарихына қатысты бөлімінде ру-тайпалардың сол жерлерге орналасуы туралы ел 
аузындағы аңыз-әңгімелер орын алған. «ҚЖПМ» сақталған кестелердің
жинақтаушысы зерттеушілер болса, олардың авторлары әрине, халық болған. 
Зерттеушілер халық арасында жүріп, сауалнама арқылы шежірені жақсы білетін 
ақсақалдар мен қариялардан жазып алған. Қазақтың тұңғыш этнограф-ғалымы 
Ш.Ш. Уәлиханов: «Қазақтардың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының 
шежіресін, шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, 
халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан 
ыждаћатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шыңдауға көптеген аңыз, 
әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл 
сөздерді ұзақ уақыт жаттайды», - деген болатын. 
«ҚЖПМ» дерегінде сақталған аңыз-әңгімелерді зерттеу мәселесі де 
маңызды. ¤йткені, әр кезеңде әртүрлі аңыздардың тарихи шындықпен араласып 
жататын тұсы көп. Аңыз ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін дәстүрлі 
халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Оның негізгі қызметі – тарихи тұлғалар мен ірі 
оқиғалар жайлы жадыны сақтап, баға беру. Ол арқылы көшпелі халықтың 
тарихи зердесін, тарихи пайымын анықтауға болады. Деректе сақталған 
аңыздарға терең талдау жасау арқылы, ондағы тарихи географиялық атаулар 
мен тарихи тұлғалардың қызметін айқын аңғаруымызға болады. «ҚЖПМ» 
жинаған экспедиция мүшелері зерттелген аймақтар мен ру-тайпалардың тарихы 
туралы мағлұматтарды ел аузынан жинап алған. Олардың көбісі әрине, аңыз-
әңгімелерден құралды. Бұл этнографиялық мәліметтердің құндылығын
М. Мұқанов: «... олар тарихтың белгілі бір кезеңіндегі халықтың идеологиясын 
сипаттайды және ең бастысы түп-тамырын (мифологиялық тұрғыдан болса да) 


56 
бейнелейді. Этнографияға қатысты нәрсенің бәрі, соның ішінде аңыз-генеалогия 
да ой елегінен өткізіліп, зерттелуге тиіс, өйткені халықтың дүниеге көзқарасы 
этнос сипаттамаларының бірі болып табылады», - деп аңыздардың да деректік 
құндылығын атап көрсетсе, екінші жағынан «Алайда, қазақтың әрбір рулық 
тегінен аңызға айналған генеалогия мен рулық-тайпалық құрылымының кейінгі 
кездегі таксономиялық жігін айыра білу керек.», - деп аңыздың өзін талдай білу 
қажеттілігін негіздейді.
Қазақ халқының ру-тайпаларының көшіп-қонуын зерттеу үшін оның ру-
тайпалық құрылымын жақсы білу қажет.
«Б. Шаруашылық ауылдардың тарихы» деп аталатын бағдарламаның
екінші тармағында 7 мәселе бойынша сұрау берілген. Мұнда негізінен 
қазақтардың қыстауларын ауыстыру тәртібі, оны ауыстыруға қандай жағдайлар 
итермелегені немесе басқа күштірек топтардың әсері мен ықпалы болғаны 
туралы егжей-тегжейлі сұраулар жасалынған.
«В. Жер пайдалану түрі», «И. Жерді жалға беру (аренда)» деп аталатын 
тармақ 18 сұрақтан тұрады. Онда картаға жерді түсіру арқылы болыстар мен 
ауылдардың пайдаланатын жер көлемі, оны жалға беру, сату немесе ауыстыру 
тәртібі мен ережесі туралы мәселелер қарастырылған.
Бағдарламаның «Г. Мал шаруашылығы» тармағында 18 сұрақ бар. Мұнда 
малдың түрі, оларды бағатын қыстақ пен жайлаудың қолайлығы, үй 
жануарынан алынатын азық-түліктің түрлері, жүнді қай уақытта қырқатыны, 
малдың жас ерекшеліктері, оның көбею ерекшеліктері, соғым соятын уақыт пен 
оған жетерлік еттің мөлшері, бай, орташа және кедей шаруашылықтарға қажетті 
мал саны, барымта, мал шаруашылығының тарихы, мал терісі мен жүнін 
пайдалану техникасы т.б. мәселелер қарастырылған. 
«Д. Егін шаруашылығы», «Е. Жерді пайдалану», «Ж. Бақшашылық және 
бау егіп өсіру», «З. Орман мен орман алқаптары» тармақшасында негізінен егін 
егілетін жердің көлемі, құнарлығы, егіннің мөлшері, одан түсетін өнімнің 
сапасы мен бағасы, жерді пайдалану тәртібі мен оны өңдейтін құрал-
саймандардың түрлері, егіннің түрлері мен оны сақтау ерекшеліктері, орманды 
алқаптар мен бау-бақшаларды өсіру тәртібі туралы 23 сұрақтан құралған.
Кезінде осы бағдарлама мен бланкілермен танысқан А. Кауфман: «Бұл 
бағдарлама мен бланкілерде тек бір ғана теориялық білгіштіктен жазылған 
дейтіндей бір де бір сұрақ жоқ деуге болады, әрбір рубрика, статистикалық 
экспедицияның міндетіне жүктелген таза практикалық мәселелерді шешуге тура 
немесе жанама болсын материал береді, әрбір сұрақ және әрбір графа 
қырғыздардың (қазақтар) жер пайдалану нормасын анықтауға, не олардың 
шекараларын айқындауға, немесе өңірдің табиғи-тарихи сипатын... анықтауға 
қызмет етеді», - деп жоғары бағалаған болатын.
Экспедиция мүшелері халық санын анықтаумен айналысқанда олардың 
жыныс, жас ерекшеліктерін де ескеріп отырған болатын. Зерттеушілер 
қазақтардың жасын анықтағанда олар өздерінің жасын 12 жылдық мүшелмен 
қанша мүшел өмір сүргенін, жыл санау бойынша қай жылы (тышқан, сиыр, 
барыс, қоян, ұлұ, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) туылғанын 


57 
айтып отырған. Тіркеушілер осы мәліметтердің негізінде олардың жас мөлшерін 
анықтап алған. 
Сонымен қатар, «ҚЖПМ» халықтың тұрмысы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, 
этнографиялық мәліметтер көптеп кездеседі. Мәселен сол кезеңдегі некеге 
байланысты деректе: «Неке үйленетін екі жақтың ерікті ықыласымен 
анықталмады, әйелге белгілі құны бар қалым төлеумен анықталды», - деп 
кімнің жағдайы мен жинағаны болса, сол үйленді деп қорытындылаған. Ал 
үйлену кезінде қыз бен жігіт екі бөлек рудан және 7 аталық ұстанымды ескеру 
қажеттілігі де айтылған. Сондай-ақ қазақтар арасында 2-3 әйел алу кездесетіні 
және оған ислам діні шек қоймайтындығы да тілге тиек етілген. Бұл ретте әйел 
мен ердің үй шаруашылығындағы міндеттері, әйелдің ауыр тұрмысы да біршама 
талданған.
Қазақтың киімі, киіз үйі мен ондағы заттар, киіз бен кілем, ыдыстардың 
түрлері де жақсы суреттелген.
Зерттеушілер әскери-топографиялық бөлімнің осы өңірлерді екі, бес 
верстік масштабта түсірген карталарына сүйеніп және қажетті аудандарды 
топографтар арқылы схемалық карталарға түсіріп отырды. Бұл материалдар 
статистерге уездерді табиғи-тарихи суреттеуі үшін қажет болды.
Ф. Щербина бағдарламаға сәйкес өндірісте мынандай іс-шараларды 
атқарды: 1. Қырғыз (қазақ) халқын жалпы шаруашылық санаққа алды, бұл 
жаппай тұрғындар мен малды, шаруашылықты есепке алып, соның негізінде 
қырғыз қауымының әртүрлі жайылымдарының көлемі мен олардың бұл 
жерлерді қай уақыттан бері пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік берді; 2. 
Бюджеттік есеп жасалынды, ол орташа қырғыз (қазақ) отбасына қажетті азық-
түлік және басқа да керектерін анықтауға және оларды қанағаттандыратын 
тәсілдерді айқындауға мүмкіндік берді; 3. Табиғи-тарихи жағдайларын зерттеу: 
өлкенің рельефін, топырақтың ерекшелігін, су көздері мен орман мен тоғай 
өсімдіктерін зерттеді. Бұл шараларды атқаруда:
а). Зерттелген әр уездің жер көлемін бөлек аудандарға бөлді, олар қыстық 
(қыстау), көктемдік және күздік жайылымдар (күзеу) және жаздық жайлауды 
құрады; 
б). Аудандарды жалпы сапалық белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлді; 
в). Єрбір топқа бір жылда бір бірлік (единица) мал басын (жылқыға 
айналдырғанда) асырауға қажетті жер мөлшерін анықтады;
г). Уезд бойынша қырғыз (қазақ) шаруашылығындағы орташа мал 
бірлігінің санын бекітті; 
д). Уездегі орташа шаруашылыққа қажетті жер нормасын бекітті
с). Аудандардың әрбір тобы мен қауымына қажетті жер мөлшерін санаққа 
алды; 
ж). Қырғыздардың (қазақтардың) экспедиция жұмыстарына дейінгі және 
кейінгі жер мөлшерлерін салыстыру арқылы, нәтижесінде әрбір аудандағы 
артық және қажетті жерлерді анықтап шығарды. 
Зерттеу экспедициясының әдіс-тәсіліне, негізгі принциптеріне тоқталар 
болсақ, бұл ең алдымен алдын-ала бір уезді зерттеп, бақылап көруден басталды. 
Зерттеушілерге алдын-ала жиналыс өткізіліп, онда зерттеудің мақсаты мен 


58 
міндеті, негізгі әдіс-тәсілдер мен нұсқаулары түсіндіріліп, әрқайсысына жұмыс 
бөліп беріледі. Экспедицияны 2-3 партияға бөліп, әр партияның басына бір 
агрономдық білімі бар статист маманды басшылыққа бөліп береді. Партияның 
өзі кішігірім партияларға бөлініп, оларға да бөлек меңгерушілер тағайындалады. 
Єр партияға аудармашы, 2 тіркеуші, есепке алушы, топографтар бөлінеді. 
Олар арнайы бағдарламаның негізінде зерттеу бланкілерін жасап, арнайы 
типографиядан шығарып, соның негізінде жергілікті тұрғындарға сауалнама 
жүргізеді. Бетпе бет әрбір адамнан аудармашылар арқылы сұрауларға жауап 
алады. Топографтар жергілікті территорияны схемалық карталарға түсіріп, 
алынған мәліметтерді статистер талдап, кестемен салыстырып шынайылық 
деңгейін анықтап, жинақтады. Ал ботаниктер мен гидротехниктер өңірдің 
табиғаты мен өсімдіктерін, суы мен топырағын зерттеп табиғатын және ауа-
райын сипаттап берді. 
Ф.А. Щербина бұл зерттеуде воронеждік іс-тәжірибесін негізге ала отырып, 
орташа көрсеткіштер базасын жасайды. Онда ол малды жылқымен есептейді. 
Мәселен, Ф. Щербина қазақ шаруашылығына қажетті жер нормасын былайша 
есептеп шығарды. Ол қазақтардың орташа отбасына біріншіден, қажетті мал 
басын 6 қой = 1 жылқыға теңестіріледі, екіншіден, әрбір мал басына қажетті 
әртүрлі жайылымдардағы десятина жердің көлемін анықтап алуды, содан кейін 
екеуін көбейту арқылы әрбір орташа қазақ отбасына қажетті жер мөлшерін 
шығаруды ұйғарды.
Төмендегі кестеде қазақ халқының экспедициялық зерттеулерге дейінгі, 
зерттеулерден кейінгі және де 1901 жылғы заңға сәйкес орын алған өзгеріс 
бойынша иеленуге қалдырылған жер мөлшерін есептеп шығарылуы көрсетілген. 
Бұл кестеде Ресей империясының қазақтардың жерін пәрменді түрде отарлауы 
анық көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет