Task 1 Translate the texts into Kazakh/Russian (in writing) Draw up a glossary to the texts Задание 1



бет24/24
Дата07.02.2022
өлшемі75,17 Kb.
#88193
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Практика

Қорыта айтқанда бұлай бөлудің шартты екенін тағы да ескерте кетемізЖалпы аударманың нəтижелі болуы аудармашының аялық біліміне, контексті түйсінуі мен шығармашылық талантына байланысты екені даусыз.
Əдебиеттер

  1. Бархударов Л.С. Язык и перевод. – М., 1975.

  2. Львовская З.Д. Теоретические проблемы перевода. – М., 1985. 3 Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода. – М., 1980.

  3. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика. – М., 1974.

  4. Швейцер А.Д. Теория перевода: Статус, проблемы, аспекты. – М., 1988.


Математика саласындағы терминдерді аудару ерекшеліктері
(конспект)
Мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-қоғамдық функциясын дамытуда, оның қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың ерекше маңызы бар. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол салада қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес.
Математика терминологиясының дамуы мен қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Кезеңдерге бөлуде 15 республикалардағы терминологияның дамуы, КСРО-дағы ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуы, Қазақ республикадағы халық ағарту ісінің дамуы ескеріледі. Бірінші кезең – 1920 жылдан 1934 жылға дейінгі,екінші кезең – 1934 жылдан 1950 жылға дейінгі, үшінші кезең – 1950 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі аралықтарды қамтиды.
Қазақ тілі білім беру мен ғылым саласындағы қызметін атқару мүмкіндігіне ие болып, терминдерді үлт тілінде жасап, қалыптастыруға бет бұрған қазіргі уақытқа терминнің формасы ғана емес мағынасы да өзгеріске ұшырағаны байқалады. Термин шығармашылығының отызыншы жылдардан тоқсаныншы жылдарға дейінгі кезеңінде терминдерімізді орыс терминологиясына қарап қалыптастыру дәстүрі орныққан болса, терминологиядағы біріздендіру жұмыстары да сол бағытта жүргізілді.
Терминді адам қызметінің белгілі бір арнаулы саланың шеңберінде, негізінен ғылым тілінде, кәсіби мамандар тілінде, арнаулы әдебиеттерде қолданылатын сөз деп ұғамыз. Сонымен қатар, терминнің тек қана сөз емес, сөз тіркесі, сөйлем терминдер мол екенін білеміз.
Терминологиялық тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп де саналады. Бұл тұрғыдан келгенде "Термин мағынасының дәлдігі онын қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі емес. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйеліліп және сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын да көрсетеді.

«Термин - адам қызметі мен білімнің арнаулы салаларының жалпы, нақты немесе абстракті ұғымдарын белгілейтін белгілі бір арнаулы мақсаттар тілінің лексикалық бірлігі. Термин ұғым атауы болса, терминнің дефинициясы деген — сол ұғым атауына берілген дәл ғылыми анықтама. Термин сөздің мағынасы оның дефинициясы арқылы анықталады» дейді Шерубай Құрманбайұлы [1].


Ал Сәбетбай Елубаев терминдер туралы төмендегідей ойын айтады: «Термин – тиянақты ұғымның атауы. Термин – сөз» [2].
Термин деп аталған сөздерге балама іздегенде, ғылыми ұғымдарын, атауларын саралағанда, ең алдымен, қазақ тілінің қазынасын сарқа пайдалануымыз керек. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы жасалады. Ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс.
Термин тасымалдайтын ұғым көлемімен мазмұнын негізге ала отырып, терминдерді төмендегі топтарға жіктей аламыз:
Дұрыс терминдер. Ұғым туралы толық мағлұмат бере алатын терминдерді дұрыс терминдер дейміз. Жазықтық (плоскость), доға (дуга), жанама (касательная), жанасу нүктесі (точка касания) терминдері – дұрыс терминдер. Олар көбіне төл сөзімізді тура не ауыспалы мағынада қолданудан жасалады.
Жартылай дұрыс терминдер. Евклидтік емес геометрия (геометрия Лобачевского), шаршы, текше, үшбұрыш, көпбұрыш (многоугольник), куб теңдеу (кубичное уравнение) сияқты терминдерді жартылай дұрыс терминдерге жатқызуға болады, себебі олар өздері белгілейтін ұғым мазмұны мен көлеміне толық сәйкес келмейді.
Бейтарап терминдер Матрица рангі (ранг матрицы), сайтан сатысы (чертова лестница), алидада, вронскиан, интеграл терминдері ұғымның негізгі қасиеттері туралы ешбір мәлімет бермейді. Терминдердің мұндай тобын бейтарап терминдер дейміз. Әрине, мұндай терминдер математиктерден басқаға бейтарап болғанымнг, олардың қасиеттерімен таныстарға бейтарап бола алмайды. Өйткені, термин еске түссе, оның қасиеті,ал қасиеті айтылса, терминнің өзі еске түседі.
Бұрыс терминдер Қазіргі қолданып жүрген сөздіктерімізде, математикалық әдебиетіміз бен ғылыми методикалық журанлымызда жорамал сан (мнимое число), қиялдағы геометрия (воображаемая геометрия), бөлгіш группа (продгруппа), терминдері кездеседі. Бұл топтағы терминдердің элементтері артық немесе терминнің өзі терминделіп отырған ұғым мазмұнына қайшы болып келгендіктен, немесе ұғым реляциясын сипаттамайтындықтан бұрыс терминдер дейміз. Бұрыс терминдердің оқу процессінде қолданылуы оқушыларда бұлыңғыр және теріс түсінік беруі мүмкін. Әрі терминнің тұрақсыздығына соқтырады [2].
Терминдерді зерттейтін ғылым саласы – терминология деп аталады.
Қазақ тіліндегі ғылыми терминологияның қажеттілігі және оны жедел жасау керектігі жөнінде жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ көрнекті мәдениет қайраткерлері С.Сейфуллин, М.Әуезов, Қ.Сәтпаев және т.б. баспасөз беттерінде жазды. Мысалы, М.Әуезов «Ғылым тілі» мақаласында әр түрлі пәндерден оқулық жазуға кедергі болып отырған нәрсе – оның терминологиясы дей келіп, оны жүйелеп, келісіп пайдалану керек деген. С.Сейфуллин өз еңбектерінде интернационалдық терминдерді сол күйінде өзгертпей қолдануды ұсынды. Мұнда ол терминдерді реттеу мәселелерін де қойды.
Терминдерді біріздендіру мәселесі терминологияны халықаралықтандыру бағытына сәйкес жүргізіледі. Бір ғана ұлт тілінің ауқымында жүргізілетін тілішілік біріздендіру жұмысынан гөрі кеңестік тіл саясатының мүддесіне сай келетін тіларалық ісіне мемлекет тарапынан айырықша мән беріледі.
Біріздендіру - терминология болған жерде үздіксіз жүргізіліп отыруға тиіс негізгі терминологиялық жұмыстардың бірі болғандықтан да термин туралы алғаш сөз бола бастаған жылдардың өзінде-ақ бірізділік мәселесіне айрықша мән беріледі. Халықаралық біріздендірудің түпкі мақсаты екі немесе одан да көп тілдердің терминологиялық жүйесінің ортақтығы артып, жақындай түсуін көздейді [3].
Терминологияны біріздендіру бірнеше сатыдан тұратын ауқымды да күрделі жұмыс. Тілші-терминолог ғалымдар терминологияны біріздендірудің бес сатысын атап көрсетіп жүр. Бірінші - белгілі бір тар мамандықтың шеңберінде біріздендіру; екінші - сала шеңберіндегі біріздендіру; үшінші - нақты бір ұлт тілінің шеңберіндегі біріздендіру; төртінші - туыстас тілдер шеңберіндегі біріздендіру; бесінші - тіларалық, ұлтаралық біріздендіру.
«Терминология принциптері – терминдерді өмір талаптарына сай етіп сұрыптап алу принциптері» - дейді С. Елубаев. С. Елубаев ол қағидалардың бірнешеуін атап көрсетті: бір мәнділік, бірегейлік, сәйкестік, жинақылық қағидалары.
Қазақ тіліндегі көптеген математика терминдері бір мәнділік принципін қанағаттандырады. Кейде, практикада бір ұғымды екі не бірнеше термин арқылы беру сөздіктерде, оқулықтарда, баспасөз бетерінде кездесіп жатады. Мысалы, система, жүйе – система; есептеуіш, есептегіш – счетчик терминдері бір ғана ұғымды сипаттап, синонимдік қатарды тудырып отыр.
Синонимдік терминдердің бірқатарының түпкі мағынасы нақты мағынасына сәйкес келсе, екіншілеріне бұлар жартылай сәйкес келуі мүмкін. Мысалы, текше – куб, шаршы – квадрат синонимдері мазмұны жағынан бере алмайды. Ал шешу (процесс), шешім (нәтиже) синонимдері ұғымның мағынасын дәлме–дәл жеткізеді.
«Тілімізде халықаралық терминдер әлі де көбейе береді және оған ешкім де бөгет бола алмайды. Орыс және шетел сөздерінен терминдік атаулар алу - біздің тілімізді байытатын үлкен арнаның бірі», - дейді Шерубай Құрманбай.
Жалпы шет тілдерінен қабылданған терминдерге деген көзқарастың терминология дамуының әр кезеңінде әр түрлі болғандығы байқалады. Оны терминология дамуының әр кезеңінде осы терминдердің калай аталғандығынан да көруге болады. Жиырмасыншы жылдың бас кезіндегі қазақ оқығандары өзге тілден қабылданған сөздерді "жат сөздер", "кірме сөздер", "бұратана сөздер ", "бөгде сөздер ", "қотыр сөздер", "бұралқы сөздер" деп атап, бұл сөздердің тілімізге көптеп кіруін тілімізді шұбарлау ретінде қабылдаса, 30-жылдардан бастап бұл атауларға "интернационалдық терминдер", "халықаралық терминдер" деген ат беріп, мұндай атаулардың көптеген халықтардың тілдеріне ортақтығын, ғылым-білім саласындағы қарым-катынасты жеңілдететіндігін баса айта бастадық [1].
Тек бір айта кететін нәрсе мынау: орысша терминдердің де, сол сияқты халықаралық терминдердің де қазақ тіліне сіңетіні бар да сіңбейтіні де бар. Қазақ тілінің өзіне тән туындау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жаңа терминдер жасағандағы сияқты, шет тіл сездерін әкелудің де жолы мен жүйесін таба білу керек, оларды қазақ тілінің фонетикалық жағынан да, грамматикалык жағынан да және сөйлеу тұрғысынан да бойына сіңіріп, тез игеріп әкететіндей болуын көздеу керек .
Басқа тілдерден терминдерді қабылдау қажеттілігі туғанда алдымен қабылданатын терминдердің қазақ тілінде дәл толық баламасы болса, олар аударылып алынады. Мысалы, тәуелсіз шама (независимая величина), жоғарғы табан (верхнее основание), туынды (производная) терминдері осы принцип бойынша жасалып, тұрақты терминдер ретінде қалыптасқан. Кей жағдайда шетел тіліндегі терминдерді аударғанда бір терминді бірнеше сөз арқылы, немесе сөз тіркестері терминін бір сөз арқылы беруге де болады. Мысалы, летоисчисление – жыл санау, подкольцо – ішкі сақина, возведение в степень – дәрежелеу.
Интернационалдық термин дәрежесіне дейін көтерілмеген шетелдік, сол сияқты әдеби тіл дәрежесіне дейін көтерілмеген жергілікті сөздер математикалық термин бола алмайды [2].
Терминдердің туынды түбірлерін қабылдау қажет болғанда олардың түбір мағынасы халықаралық термин не оның элементі болса аударылмай сақталып, қазақ тіліне сай келетін қосымшалары жалғанады. Көп сөздер орнын тапқан. Мысалы, параллельность – параллельдік, программирование – программалау.
Егер уақытында тілші ғалымдар мен салалық мамандар болып бір тоқтамға келіп, ұсынылған баламалар мен жасалған жаңа терминдердің арасынан ең тиімдісін, сәтті жасалғанын іріктеп алмасақ, терминологияны реттеу, біріздендіру жүмыстарын жолға қоя алмаймыз. Бүкіл әлем тілдерінде терминологиялық жұмыстардың жүргізілуі сондай бейберекеттікке орын бермеу мақсатынан туындаған.

Тәуелсiз мемлекеттің тiлді дамыту саласындағы ғылымы елдiң барлық рухани-мәдени өмiрiнiң оң iлгерiлеуiне және прогресiне сәйкес келуi тиiс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет