Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Келу орындарында жасалатын кедендік операциялар



бет11/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Байболатова Тұмар Курсстық жұмысы
Келу орындарында жасалатын кедендік операциялар

      1. Келу орындарында тауарларды түсіру және қайта тиеу, сондай-ақ тауарды Кеден одағының кедендік аумағына жеткізген көлік құралын басқа көлік құралына ауыстыру жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Тауарларды түсіру және қайта тиеу, тауарды Кеден одағының кедендік аумағына жеткізген көлік құралын басқа көлік құралына ауыстыру кеден органының жұмыс уақытында, кеден органының рұқсатымен және мүдделі тұлғаның сауал салуы бойынша берілетін арнайы осы мақсаттарға арналған орындарда жүзеге асырылады.

      3. Келу орындарында тауарларды уақытша сақтауға, оларды кедендік декларациялауға және мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға жол беріледі.

      4. Тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға тауарларды уақытша сақтауға немесе оларды кедендік рәсімге сәйкес кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды тауарларды келген орнында кеден органына көрсеткеннен кейін үш сағат ішінде жасауға міндетті.

      Теміржол немесе су көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты тасымалдаушы немесе өзге де мүдделі тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген кедендік операцияларды тауарларды келген орнында кеден органына көрсеткеннен кейін кеден органының келесі жұмыс күнінің аяқталу уақытынан кешіктірмей жасауға міндетті.

      5. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды келу орнынан кеден органы белгілеген орынға жеткізу, егер мұндай тауарлар келген орнында өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаса немесе оларға қатысты Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де кедендік операциялар жасалмаса, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет