Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНАН КЕТУІ



бет13/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Байболатова Тұмар Курсстық жұмысы
ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК АУМАҒЫНАН КЕТУІ

Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кету орны мен уақыты

      1. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағынан кетуі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі – кету орындары) және кеден органдарының осы орындарда жұмыс істеуі кезінде жүзеге асырылады.

      Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағынан кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған әкету орындарынан ғана әкетуге болады.

      Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағынан кету орны болып табылмайтын өзге орындардан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайларда және тәртіппен кете алады.

      Кеден органдары кету орындарының тізбесін жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, Комиссияға жолдайды.

      2. Кеден органдары кету орындары туралы, белгіленген шектеулер туралы және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты ұсынуға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға міндетті.

      3. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан Кеден одағының кедендік аумағын кесіп өтетін су немесе әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет