Технические науки



бет76/79
Дата10.12.2016
өлшемі8,18 Mb.
#3601
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79

Бекишева К.


Қызылорда Инженерлік-экономикалық институты

ЖОҒАРЫ КӘСІБИ ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ

Білім-ұлтымыздың өнегесін, интелектісін, рухын дамытатын ең басты ресурс болып табылады. Сондықтан да аталарымыз “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, - де айтып кеткен. Небір алмағайын тарихи кезеңдерде аталарымыз ұрпақтарына білім беруді ең басты назарда ұстаған! Мысал ретінде ХХ ғасыр басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов сынды аталарымыздың білім беру бағытындағы жанқиярлық, қажырлы еңбектерін айтуға болады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы халыққа жолдауында: “Дамыған, алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіру жөнінде” мақсатты талап қойды. Бұл экономикамыздан бәсекеге қабілеттілігін арттыратын, ғылымымызды дамыту, жоғары технологияларды игеру, интелектуальді потенциялымызды арттыру деген сөз! Осыған орай, жоғары кәсіби техникалық ғылым берудің сапасын арттыру ең өзекті мәселелердің бірі болы табылады. Мұны шешудің бірнеше жолдары бар.

Біріншісі, ғылыми-педагогикалық кадрлардан кәсіби біліктілігін жетілдіру. ДГМСИ филиалы ашылып, 1980-1990 жылдары «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымды егер сүйсеңіз», - деген Абайдың өсиетін өнеге тұтқан, ғылымға талабы бар жастарымыз, ғылыми кадрлардан ошағы болып табылатын Мәскеу, Ленинград, Киев, Алматы секілді ірі мегаполистердегі жоғары оқу орындарының аспирантураларында оқып, ғылымда біршама табыстарға жетіп, қатты серпін пайда болып еді. Кейінен қоғамдық формация өзгеріп, еліміз Егемендік алғанда нарық қаспағының әсерінен бұл серпін басылып қалды.

Бүгінгідей еліміз еңсесін тіктеп, экономикамыз өрлеп, әлем назарын аударған кезде, өзіміздің тұрып жатқан өңіріміздің басты проблемаларын шешуге бағытталған ғылыми жұмыстармен айналысу үшін ҚМҰ базасында салалық лабораториялар ашу қажет.

Бұның ғылым мен өндірістің байланысын күшейтумен қатар тәрбиелік маңызы да зор. Оқытушыларымыздың біліктілігін жергілікте жерде арттыруына, оқу мен ғылымда ұштастыра білген маман жас түлектеріміздің өндірісте өз орнын тез арада табуына әрі өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке арттыруға мүмкіншілік береді.

Екіншісі, материалдық-техникалық базаны күшейту. Университет басшылығы бұл мәселені басты назарда ұстап, қажымай-талмай айналысуда. Соның арқасында университетіміздің рейтінгісі жоғарылап, еліміздегі ЖОО арасында алғашқы бестікке енді. Алайда, біріншіден техникалық мамандықтарды оқытуда ең басты ролді атқаратын оқу лабораторияларынан

жай-күйі көңіл көншітпеді, екіншіден кітапханаларымыз оқулықтарға өте бай болғанымен мемлекеттік тілдегісінің (әсіресе техникалық мамандықтарға) үлесі тыс аз. Бұл олқылықтан орнын оқытушы-профессорларымыздың әрқайсысы өзінше шешуге талынып жүр. Бірақ комитет бекіткен терминдер жөніндегі мемлекеттік техникалық терминдер анықтамасы жоқ болғандықтан, аударылған терминдер бірнеше мағыналы болы шатастыруға әкеліп соқтыруда.

Аталған кемшіліктерді жою мақсатында, техникалық мамандықтардың профильдік және арнайы пәндерінен оқулықтар жазуға, немесе аударма ісімен айналысуға Университет басшылығы арнайы конкурс жариялап, қаржы бөлсе.

Үшіншісі, бірнеше жылдан бері университетімізде кредиттік оқыту технологиясы кеңінен насихатталып оқу процессіне енгізілуде. Ендігі қалып тұрғаны, білім сапасын бақылайтын жақсы ойластырып жасалатын компьютерлік бағдарламалар жүйесі. Осы технология мектепке де енгізілсе, сонда білім сапасын оқу барысында жүйелі түрде бақылауға қол жеткізуге болар еді. Бұл әр оқушының қабілет-қарымын байқатып, мамандық таңдауына көмегін тигізумен қатар, сол мамандықты қалай игеріп жатқанын айнасы іспетті болады да оқуға ынтасын арттырады.



Искакова Мақпал Төлеуғалиқызы
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРТАША ЖИЫНТЫҚ БАҒАНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің егемендік алған күнінен бастап білім беру саясатына ерекше мән беріп келе жатқандығы белгілі. Ол өзінің әрбір жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында білім беру жүйесінің жұмысына нақты баға берумен қатар, алдағы міндеттерін айқындап, үкімет пен құзырлы мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын жете қадағалап отырды. Соның нәтижесінде еліміздің ұрпақ тәрбиесі мәселесінің бүгіні мен ертеңгі саясатын айқындайтын «Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасы», Республикамыздың білім беру жүйесінің әрбір сатысына арналған «Білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттары» және оқу үрдісін ұйымдастыруға негізделген ережелер сияқты құжаттар жарық көрді және олар заман ағымына, нарық заңдылықтарына сәйкес жетілдіріліп, толықтырылып отырды.

Осы орайда Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіне қатысты біліктілікті мойындау жөнінде Лиссабон шартына қол қоюы Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігінің халықаралық білім кеңістігіне орнықты аяқ басуы болып табылады.

Бұл тұрғыда республикамыздың жоғары оқу орындырының басым көпшілігінің кредитттік оқыту жүйесіне көшуі оның нақты дәлелі болмақ. Бүгінде бұл жүйенің қызметі Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 22 қараша 2007 жылғы №566 бұйрығымен бекітілген оқу үрдісін кредиттік оқыту технологиясында ұйымдастыру ережелеріне сәйкес жүргізілуде. Ал біз бұл мақамамызда кредиттік оқыту жүйесінің негізгі элементтерінің бірі GPA (Grade Point Average) төңірегінде ой өрбітпекшіміз.

Бұл сөздің мемлекеттік тілдегі аудармасының нақты баламасы заңды түрде бекітілмегендіктен, оқу үрдісінде орысша баламасы негізінде аудармалар қолданылуда.



Қайсыбір әдебиеттерде «орташа ұпай» (средний балл) деп қолданылса, негізінен «орташа жинақталынған баға» - среднезвеченная оценка) ұғымы қолданылады. GPA – среднезвешенная оценка уровня учебных достижений обучающегося по выбранной специальности (отношение суммы произведений кредитов на цифровой эквивалент баллов оценки итогового контроля по дисциплине к общему количеству кредитов за весь прошедший период обучения) применяемая для перевода обучающегося на последующее курсы, расчет по мере роста номера курса.



мұндағы әрбір пәннің қорытынды бағасының сандық көрсеткіштері

оқытылған пәндердің кредиттік мөлшері

- өткен оқу кезеңіндегі оқылған пәндердің жалпы саны

Жоғары оқу орындарының тіркеу бөлімі қорытынды бағалар нәтижелері негізінде студенттердің академиялық рейтингін анықтап, ОЖБ ведомостын құрады. Университет әкімшілігі студенттерді курстан курсқа көшіру үшін ОЖБ-ны бекітеді.

Оның сандық көрсеткіші курс жоғарылаған сайын артып отыруы керек. Мысалы. Семей қаласының екі жоғары оқу орындарының ОЖБ салыстырмалы көрсеткіштеріне назар аударайық





Оқу орынының аты

Мекеме нысаны

ОЖБ

1-2 курсқа көшу

2-3 курсқа көшу

3-4 курсқа көшу

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

мемлекеттік

1,9

2,2

2,6

М.Әуезов атындағы Семей университеті

жеке меншік

1,35

1,67

2,0

Кестеден байқағанымыздай еліміздің басқа аймақтарындағы жоғары оқу орындарында ОЖБ көрсеткіштері де әртүрлі. Ол негізінен олардың қоғамдағы алатын орны, мектеп түлектерінің конкурстық іріктеулері, жұмыс берушілердің талап-талғамдарына, тіпті жекелеген мамандықтарға деген әлеуметтік сұранысқа да тәуелді. Студенттердің ОЖБ көрсеткіштері қажетті мөлшерден кем болған жағдайда олардың қайсыбір пәндерді ақылы негізде қайта оқып (жазғы семестр) кезінде оны көтеруге немесе сол курсты қайта оқуға мүмкіндік беріледі, бір оқу орнынан екіншісіне немесе бір мамандықтан екіншіне ауысқан жағдайларда да ОЖБ- көрсеткіштеріндегі ауытқуларды қайсыбір пәндерді қосымша оқып, емтихан тапсыру арқылы көтеру жолдары қарастырылған. Курс жоғарылаған сайын ОЖБ көрсеткішінің жоғарылауы студенттердің өздерінің болашақ мамандықтарының теориялық негізін жете түсінуге ықпал етеді және тиянақты, үзіліссіз, қалыпты еңбекке тәрбиелейді, жауапкершіліктерін жоғарылатады. ОЖБ көрсеткішінің төмендігі салдарынан курсты қайта оқу қаупі болғандықтан олар пән таңдау, оқытушы таңдауға да жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан ОЖБ кредиттік технологиямен оқытуда білім сапасын көтеруге ықпал ететін негізгі қозғаушы құрылым деп есептеседе болады.




Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет