Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Білімдер: - өлшеудің негізгі түрлерін, электрөлшеу аспаптарын, сигнал формаларын зерттеу қағидасын. Іскерліктер



бет115/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   141

Білімдер:

- өлшеудің негізгі түрлерін, электрөлшеу аспаптарын, сигнал формаларын зерттеу қағидасын.



Іскерліктер:

- өлшеу аспаптарының бөлік құндарын анықтауды;

- өлшейтін объектіге өлшеу аспаптарын қосуды.


БҚ 1

БҚ 2


КҚ 3.1.6.

КҚ 3.1.7.



ЖКП 09

Метеорология.

Атмосфера құрылысы және құрамы; күн радиациясы; ауа және топырақты жылулық режимі; атмосферадағы су буы; бұлттар және булану; атмосфералық қысым; атмосферадағы ауа ағымы; метеорологяилық бақылаудың ұйымдастыру қағидалары; метеорологиялық шамаларды өлшейтін қарапайым аспаптар; оларды пайдалану ережелері; метеорологиялық ақпаратты талдау және тарату.



Білімдер:

- атмосфера анықтамасын, құрамын, атмосфераға күн сәулесінің әсерін, метеорологиялық параметрлерді өлшейтін қарапайым аспаптарды.



Іскерліктер:

- метеорологиялық бақылауларды орындауды;

- бақылау кезінде алынған мәліметтерді талдауды.


БҚ 6

КҚ 3.1.11.



ЖКП 10

Сала экономикасы

Қазақстан мемлекеттiк экономикасының қазiргi жағдайы және даму бағыты. Байланыс сипаттамасын материалдық өндiрiс саласы ретiнде көрсету. Байланыстың экономикалық ерекшелiктерi. Кәсiпкерлiктiң негiзгi формалары мен түрлерiнiң сипаттамалары. Жарғы қоры, дивидент туралы түсiнiк, оларды есептеу өндiрiстiк қызметi, жоспарлы жұмысты ұйымдастыру, қалалық, қалааралық телефон, радио, теледидар тарату станцияларында (ГТС,МТС, РРТ) нақты түрдегi жұмыс көлемiн жоспарлау. Байланыс кәсiпорындары жұмысының көрсеткiштерiнiң сипаттамасы. өнiм сапасын бағалау. Байланыс кәсiпорынының кiрiсiн анықтау және оны талдау. Байланыстың өндiрiстiк қорлары, олардың құрамы. Амортизациялық төлемдер есептеу және пайдалану көрсеткiштерiн есептеу. Еңбек өнiмдiлiгiн есептеу және көрсеткiштi талдау. Негiзгi қызметкерлерi құрамы, штатты есептеу. Еңбек ақысын төлеудi ұйымдастыру. Еңбек ақы төлеу қорының анықтамасы. Байланыс саласында өзiндiк құнды жоспарлау, калькуляция және талдау. Байланыс кәсiпорнының таза кiрiсiн анықтау. Салық түрлерi, оларды есептеу өндiрiстiң рентабельдiгi. Тұтынуға және жинақтауға қажеттi қаржыны анықтау. Мемле-кеттiк қаржы жүйесi. Кәсiпорын қаржысы, атқаратын қызметi. Кiрiс және шығыс балансы. Банктердiң мәнi мен мiндеттерi. Ұлттық банкiнiң негiзгi қызметтерi. Банк операцияларының түрлерi. Күрделi құрылыс, оны жоспарлау, қаржыландыру көздерi. Күрделi қаржылардың тиiмдiлiгiн сипаттайтын көрсеткiш жүйесi, оларды есептеу. Курстық жұмыс.



Білімдер:

- экономикалық теорияның негізгі ережелерін;

- елде және шетелдегі экономикалық жағдайларды;

- макро және микроэкономиканың негіздерін, салық салу, қаржы кредиттік, әлеуметтік және инвестициялық саясат туралы.



Іскерліктер:

- экономикалық ақпаратты анықтап, пайдалануды.



БҚ 8

КҚ 3.1.13.



ЖКП 11

Менеджмент.

Ұйымдарды басқару міндеттері және бағыттары; менеджмент қызметі; ұйымның сыртқы және ішкі саласы; басқару шешімдердің негізгі тағылымдық қабылдануы; стратегиялық менеджмент; еңбек ұйымдастырылуының жүйесі; менеджмент психологиясы; іскерлік қатынас этикасы; өндірісті басқару саласындағы информациялық технология; кәсіптік іс-әрекеттегі менеджмент ерекшелігі.



Білімдер:

- басқарудың негіздерін;

- меншіктің ұйымдастыру-құқықтық өзгешеліктерін.

Іскерліктер:

- өндірісті басқаруды

ұйымдастыруды


БҚ 8

КҚ 3.1.13.



ЖКП 12

Еңбек қорғау.

Еңбек қорғау туралы негiзгi заңдар мен актiлер. Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен "Еңбек туралы" заңында еңбектi қорғау сұрақтары. Байланыс кәсiпорындарындағы еңбектi қауiпсiздендiру стандарттар жүйесi және оны қолдану. Байланыс кәсiпорындары мен мекемелерде еңбек қорғауды ұйымдастыру және орындалуын бақылау. Электр қауiпсiздiгiнiң негiздерi. Электр тогының адам ағзысына беретiн әсерi және қауiпсiздендiру жағдайын талдау. Электро- қондырғылардағы қорғану шаралары. Электро-қондырғыларда қауiпсiз жұмыс iстеу жолдарын қамтамасыз ету. Кездейсоқ апат жағдайларында көрсетiлетiн бiрiншi көмек. өнеркәсiптерде тазалық сақтау. Байланыс кәсiпорындарының орналасуына, ұсталып-тұтылуына, жалпы тазалық сақтау барысына қойылатын талаптар, өрт қауiпсiздiгi. Байланыс кәсiпорындарында өрттен сақтану жолдарын ұйымдастыру. Байланыс кәсiпорындарында өрт сөндiрудi ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғау. Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi құжаттары. Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру. Қоршаған ортамен адамның өзара қарым-қатынасы. Экология жөнiнде түйiндi мәселелердi шешу жолдары. Үш биологиялық сфераны қорғау үшiн қолданылатын құралдар және тәсiлдер. Қоршаған ортамен байланыс өнеркәсiптерiн қорғау. Байланыс жол желiсiнiң аппараттар цехында, көп-арналы телекоммуникация жүйелерiнiң күшейт-кiш пунктерiндегi аппараттарға, арақашықтықтан қоректендiрудi түсiру ретi жұмыс iстеу жолдарына, кабель байланыс жолын салуда және қолдануда қойылатын қауiпсiздендiру талаптары.



Білімдер:

- ҚР қолданылатын еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі заң құжаттарын;

- негізгі электрлік қауіпсіздігін, еңбек қауіпсіздігін әдістерін;

- өрт қауіпсіздігі

негіздерін;

Іскерліктер:

- бақытсыздық жағдайында жарақаттанғандарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді;

- негізгі және қосымша диэлектрлік қорғау құралдарын пайдалана білуді;


БҚ 1

КҚ 3.1.14.



АП 00

Арнайы пәндер: 060201 3 – Техник

АП 01

Радиотехника негіздері.

Электробайланыс туралы жалпы түсiнiк: информация, тарату, сигнал, оның түрлерi. Таратуды түрлендiрушiлер. Түрлендiрушiлер конструкциясы. Электробайланыс түрлерi және жүйелерi; электробайланыс классификациясы; электробайланыс жүйелерiнiң структуралық схемасы; электробайланыс сигналдары және каналдары. Кездейсоқ сигналдар және олардың сипаттамалары. Элетрлiк тiзбектерде сигналдар-ды түрлендiру; электрлiк тiзбектер классифика-циясы. Параллельдi және тiзбектей тербелмелi контурлар; тербелмелi контурдағы пайда болатын резонанстар; параметрлерi. Байланысқан жүйелер: байланысқан жүйелердiң түрлерi және параметрлерi; байланысқан жүйедегi резонанс. Байланысқан жүйедегi АЧХ мен ВЧХ. Сызықты емес және параметрлi тiзбектер. Сигналдардың сызықты тiзбектер арқылы өтуi. RL және RC тізбектеріндегі әсері. Сызықтық емес тізбектер арқылы сигналдардың өтуі. Жиілікті көбейту, жиілікті көбейту принциптері, көбейту схемалары. Тербелістің генерациялануы. Авто-генераторлар: қызметі, түрлері және талаптары, структуралық схемасы, өзіндік қозу режимдері.RC-автогенераторлары, автогенераторлар схема-ларының түрлері. Жиіліктің тұрақтылығы, тербелістің генерациялануының формалары және қуаттары. Модуляциялау, жиілікті түрлендіру және кодтау. АМ, ЧМ, ФМ, ИМ тербелістерінің демодуляциясы; демодуляция принциптері. Электромагниттік толқындар, толқындар класы, толқындар параметрі. Волноводтар: әр түрлілігі; типтері; параметрлері. Көлемді резанаторлар. Берілістің оптикалық жолдары. Жарықтану типтері. Байланыс жолдарының структуралық схемалары. Бөгеу мықтылығы және оны жоғарлату әдістері. Электромагнитті сәйкестілік мақсаттары.



Білімдер:

- электрлі мәлімет анықтамасын, электрлік сигнал, электр байланыс түрлерін, электр тізбек түрлерін;

- тербелмелі контур, сызықты емес тізбек, оны пайдалану жағдайлары.

Іскерліктер:

- гармоникалық сигналдар параметрлерін анықтауды;

- ганрмоникалық емес

сигналдарды жіктеуді;

- сызықтық емес элементтер арқылы құрастырылған электрлік тізбектердің схемаларын оқуды.


БҚ 2

КҚ 3.1.9.



АП 02

Автоматика және телеметрия негіздері.

Автоматика түрлері және қажеттілігі; автоматтық бақылау жүйелері; автоматтық реттеу жүйелері; телеметриялық жүйелер; автоматтау және телеметрия жүйелерін пайдалану; автоматтық элементтердің жүйелері және құрылымы; олардың жұмыс істеу қағидалары, сипаттамалары; берілістер, ауыстыру жабдықтары, күшейткіштер, электросигналдарын түрлендіргіштер.



Білімдер:

- автоматты бақылау

принципін;

- автоматты реттеу

принципін;

- телеметрия анықтамасын, автоматизация жабдықтарын.



Іскерліктер:

- автоматты реттеу жүйесінің электрлік схемасын құрастыруды;

- автоматика жүйесін берілістерін таңдап алу.


БҚ 11

КҚ 3.1.15.



АП 03

Радиоқондырғылардың электрмен қоректендіру көзі және электрлік түрлендіргіш.

Трансформаторлар: жұмыс істеу принципі; аз және орта қуатты трансформаторларының конструкциясы; жұмыс істеу принципі, айнымалы тоқтың түзеткіштер құрлымы және параметрлері; импульс түзеткіштер; тегістеуші сүзгілер; кернеу стабилизаторлары; тоқтың химиялық көздері; метеорологиялық, радиолокациялық кешендерді электрмен жабдықтау.



Білімдер:

- теңестіруші элементтердің жұмысын, оның параметрлерін;

- түзеткіш жабдықтардың құрастырылу принципін.

Іскерліктер:

- метрологиялық, радиолокациялық кешендер аппаратураларына электрмен қоректендіру жабдықтарын қосуды.



БҚ 10

КҚ 3.1.9.

КҚ 3.1.10.

КҚ 3.2.12.



АП 04

Радиоқабылдағыш қондырғылары.

Радиоқабылдағыш жабдықтары. Классификациясы. Параметрлері. Структуралық схемалары. Кіріс тізбектері. Түрлері. Параметрлері. Схемалары. Әртүрлі байланыстағы өткізу коэффициенттері. СВЧ жиіліктектің радиоқабылдағыштардың кіріс тізбектері. Радиожиілікті күшейткіштер. Параметрлері. Негізгі схемалары. Шулы аз СВЧ күшейткіштері. Түрлері. Схемалары. Аралық жиілікті тізбектер. Параметрлері. Структуралық схемалары. Аралық жиіліктегі тізбектерді әртүрлі сүзгілерді қолдану. Жиілікті өзгерту. Түрлері. Параметрлері.Схемалары. Жұмыс істеу принципі. Аралық жиілікті күшейткіштер. Пайдалануы. Негізгі параметрлері. Детекторлер. Атқаратын қызметі. Параметрлері. Түрлері. Амплитудалық детектор, фазалық детектор, жиіліктік детектор. Негізгі схемалары. Интеграл микросхемадағы детекторлер. Амплитудалық шектегіштер. Гетеродин жиілігін автоматты келтіру. Күшейтуді келтіру. Радиоқабылдағыш жабдықтарындағы басқару және бақылау. Радиоқабылдағыш жабдықтарының негізгі практикалық схемалары. ИМС-тағы радиоқабылдағыш.



Білімдер:

- радиоқабылдағыш жабдықтарының құрастырылу принциптерін;

- радиоқабылдағыштың негізгі бөліктері, оның электрлік схемаларын.

Іскерліктер:

радиоқабылдағышты қосу және келтіруді;

ақаулар кездесетін бөліктерін анықтау және оны жөндеуді.


БҚ 10

КҚ 3.1.8.

КҚ 3.1.9.


АП 05

Радиотарату қондырғылары.

Радиотарату қондырғыларының негiзгi функциялары; структуралық схемалары. Радиотарату қондырғыларының қоздырғыштары: радиотарату қондырғыларының техникалық сипаттамасы және классификациясы, көпкаскадты радиотарату қондырғысының структуралық схемасы; функционалды блоктары. Радиотарату қондырғыларының автогенератор-лары: АГ классификациясы, осциляторлы, үш нүктелi, көпірлі автогенераторлар; автогенераторларды пайдалану мысалдары. Қоздырғыштар құрылысының принциптерi: дыбыс және телевизиялық хабар тарату байланысының радиотарату қондырғысының типтiк қоздырғыштары; Кварц-волна типтегi қоздырғыштардың структуралық схемасы. Радиотаратқыштың радиожеліктік тізбегі: ГВВ струкуралық схемасы. Электронды аспаптар. ГВВ-дағы физикалық құбылыстар. ГВВ-ы келтіру және жұмыс істеу кластары. ГВВ-дағы сигналды күшейту, тұрақтылығы, схематехникасы. ГВВ-ның қуатын қосу. Электронды аспаптарды қосу түрлері. ГВВ-ның техникалық есебі. Радиожеліктік тізбектегі соңғы және аралық сатылар. Соңғы және аралық сатылардың принципиалды схемалары. Амплитудалық модулациялық таратқыштар. Олардың ерекшеліктері. Басқару электронына Ам сигналын құрастыру. Бір жиілік аралық модуляцияланған тербелістерді құрастыру. Бұрыштық модуляциялы таратқыштар. Дыбыс таратудағы таратқыштарда жиілікті модуляцияланған тербелістерді құрастыру. Техникалық сипаттамалары, функционалдық схемалары. Модупулятор және модуляторлардың стркутралық схемалары. Таратқыштардың қосымша қондырғылары, пайдалануы, таратқыштарды электрмен қоректендіру. Салқындату жүйелері, басқару, белгі беру және қорғау. Контурларды автоматты келтіру. Жүктеме мен байланысты таңдап алу. Сапалық параметрлерінің автоматты бақылануы.



Білімдер:

радиотарату қондырғысының құрылу қағидаларын, түрлерін, негізгі көрсеткіштерін;

радиоқондырғылардың негізгі бөліктерін, функционалды электрлік схемаларын;

Іскерліктер:

радиотарату қондырғысын іске қосу және келтіруді;

ақаулар пайда болған бөліктермен түйіндерін анықтауды;


БҚ 10

КҚ 3.1.8.

КҚ 3.1.9.


АП 06

Импульстік техника.

Импульс сигналының жиіліктік спектрі және параметрі, импульстік күшейткіштер, импульстік және цифрлық жабдықтардың элементтік базасы, операциялық күшейткіштер, компораторлар, логикалық элементтер, импульстік сигналдар құрастыру жабдықтары, электронды кілттер, тікбұрышты импульстар генераторлары, блокинг-генераторлар, триггерлер, счетчик, шифратор, дешифратор, мультиплексор-демультиплексор, АЦП және ЦАП, импульстар селекторы.



Білімдер:

- логикалық элементтерді, олардың атқаратын қызметін, микросхема құрылысын, негізгі параметрлерін.



Іскерліктер:

микросхема маркировкасын талдауды, цифрлық жабдықтарды сараптамалауды.



БҚ 5

КҚ 3.1.1.

КҚ 3.1.5.

КҚ 3.2.8.



АП 07

Радиолокация және радио-метеорология негіздері.

Радиолокацияның физикалық негіздері; дальнометрияның радиолокациялық әдістері және пеленгацияның; РЛС жүйенің құрылымдық негіздері; қашықтық және бұрыштық координаттар арқылы объектілерді бақылаудың индикаторлық қондырғылары; РЛС тактикалық және техникалық көрсеткіштері; атмосфераны зерттеудің әдістері.



Білімдер:

- радиолокация негіздерін, құрастыру принципін және түрлерін;

- атмосфераны зерттеу әдістерін.

Іскерліктер:

радиолокация жүйелерінің техникалық параметрлерін анықтауды;

белгі беру жабдықтарын қосу тәсілдерін орындауды


БҚ 6

БҚ 7


КҚ 3.1.1.

КҚ 3.1.11.



АП 08

Кәсіптік іс-әрекетіндегі информациялық технология.

Негізгі принциптері, әдістері және ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қасиеттері, олардың нәтижелілігі, автоматтандырылға жұмыс істеу орындары; олардың салалық және жергілікті жүйелері; радиолокациялық және аэрологиялық мәліметтерді тарату саласындағы қолданбалы программалық жабдықталу; интеграцияланған жүйелер; сала және іс-әрекеті бойынша пайдланатын қолданбалы программалар түрлері;



Білімдер:

- ақпараттық технологияның негіздерін;

- автоматтандырылған жұмыс орындарының түрлерін.

Іскерліктер:

- қолданбалы программалық материалды, ақпаратты желілерді зерттеу үшін пайдалануды.



БҚ 2

КҚ 3.1.15.

КҚ 3.1.16.


АП 00

Арнайы пәндер: 060202 3 –Техник-дозиметрист

АП 01

Радиоавтоматика.

Кіріспе. Радиоавтоматика даму тарихы. Радиоавтоматика (РА) жүйесінің түрлері. РА құрастыру қағидалары және үздіксіз жүйелерінің математикалық модельдері. РА үздіксіз жүйелерінің функционалдық және құрылымдық схемалары. РА жүйелерінің элементтері. РА жүйелерінің тұрақтылық жағдайын талдау. Сыртқы әсер кезіндегі РА жүйесіндегі процесстерді талдау. РА сызықты емес жүйелері. РА дискретті жүйелері. РА импульсті және цифрлы жүйелері. РА жүйелерінің сүзгілерін тағылымдық оптималды сызықтық сүзгілеу тәсілдері арқылы талдау.



Білімдер:

- радиоавтоматика жүйелерінің құрастырылу қағидаларын, олардың түрлі радиотехникалық жүйелерде атқаратын қызметтерін және алатын орнын;

- кіріс және шығыс сигналдардың түрлерін, радиоавтоматиканың типтік түйіндерінің түрлерін және жүйелерінің сипаттамаларын;

- радиоавтоматика жүйесінің сапалық жұмысын бағалау және автоматты жабдықтардың сапалық көрсеткіштерін қамтамасыз ету тәсілдерін.



Іскерліктер:

автоматты радиотехникалық жабдықтарды пайдалану және дайындау үшін орындалатын практикалық іс-әрекетті ұйымдастыруды.



БҚ 12

КҚ 3.2.1.



АП 02

Дозиметрия және ионизациялық шығарылудан қорғану.

Радиоактивтіліктің физикалық негіздері. Радиоактивті бөліну және ядерлік реакция. Ядро тұрақтылығы. Радиоактивті шығарылу көздері. Космостық және жерлік шығарылу. Табиғи радионуклейттерден пайда болатын техногенды радиациялық фон. Ядерлік сынақтар кезінде қоршаған ортаның ластануы. Медициналық мақсаттағы шығарылу. Ішкі және сыртқы шығарылулар айырмашылығы. Затқа радиациялық шығарылудың әсері. Шығарылудың биологиялық әсері. Радиациялық әсерді реттеу және нормалау. Мемлекеттік және халықаралық деңгейде радиациялық қауіпсіздікті басқару құрылымы. Радиациялық қауіпсіздік бойынша негізгі халықаралық келісімдер және конвенсиялар. Дозиметрия және радиометрия. Дозиметриялық және радиометриялық бақылау аспаптарының негізгі сипаттамалары. Дозиметрлер. Радиометрлер. Спектрометрлер. Ядерлік энергетиканың негізгі артықшылықтары және экологиялық проблемалары.



Білімдер:

- радиоактивті өзгерулер схемаларын және радиоактивті өлшеулердің бірліктерін;

- радиацияның табиғи және жасанды көздерін шығарылу құрамын;

- тірі ағзаға радиациялық шығарылудың әсерін білуді және есептеуді;

- ядерлық-отын циклының негізгі экологиялық проблемаларын;

- радиоактивті қалдықтардың проблемаларын шешу жолдарын;

- радиациялық қорғау және бақылау саласындағы аймақтық және халықаралық заңдылықтарды;

- радиациялық

қауіпсіздік нормаларын;

- ауылшаруашылық өнімдердегі радионуклейттерді азайту жолдарын;



Іскерліктер:

дозиметриялық бақылау жабдықтарын пайдалануды;

- радиациялық қорғау есептерін жасауды


БҚ 10

БҚ 11


КҚ 3.1.18.

АП 03

Электрмен қоректендіру көздері.

Кіріспе. Электромен қоректендірудің алғашқы көздері. Түрлі элементтер арқылы құрылған электрмен қоректендіру көздеріне қойылатын негізгі талаптар, түрлері, негізгі көрсеткіштері және құрылымы. Аккумуляторлар. Құрылысы, жұмыс істеу принципі, сипаттамалары, пайдаланылуы. Электромен қоректендірудің екінші көздері. Электрөзгерткіш жабдықтардың элементтік негіздері: жартылай өткізгіш диодтар, транзисторлер және тиристорлар. Электромен қоректенудің электромагниттік түрі. Түзеткіштер. Түзеткіш сүзгілер. Кернеуді және тоқты тұрақтандырғыштар. Тұрақты кернеуді өзгерткіштер. Электрмен қоректендіру жабдықтарын пайдалану.



Білімдер:

- электрөзгерткіш жабдықтардың теория негізін, жұмыс істеу принципін және құрылымын;

- түзеткіш жабдықтың дұрыс схемасын таңдап алуды;

- электромен қоректендіру көздерінің барлық бөліктерінің энергетикалық есептеулерін жасауды.



Іскерліктер:

- электромен жабдықтау қондырғыларының түрлі бөліктеріндегі кернеулерді тексеруді;



БҚ 4

КҚ 3.2.7.



АП 04

Дозиметриялық және радиометриялық аспаптар.

Негізгі дозалық шектер. Дозиметрия. Дозиметриялық бақылау аспаптары. Портативті дозиметр ДРГ-О1Т1. Қолдың ластануына белгі беретін "УИМ-3А". Радиометр – рентгенометр ДП-5А. Радиоактивтіліктің иондану детекторлері, газбен толтырылған иондану детекторлері, жартылай өткізгішті детекторлер, сцинтелляцияны бақылау. Тұрмыстық дозиметрлер. Кәсіптік дозиметрлер. Инспекциялық және жеке дозиметрлер. Радиометриялық аспаптың схемасы.



Білімдер:

- түрлі категориялар тұлғаларға белгіленген дозалық шектер;

- дозиметриялық аспаптардың атқаратын қызметтерін;

- радиометриялық аспаптардың атқаратын қызметтерін және олардың құрылымын;

- иондайтын шығарылуларды тіркейтін түрлі есептегіштердің жұмыс істеу принциптерін;

- түрлі салада қолданылатын дозиметрлердің түрлерін;



Іскерліктер:

иондайтын шығарылулардың дозалық сипаттамаларын анықтауды;

дозиметриялық және радиометрлік приборалрдың көрсетулерін анықтауды;


БҚ 11

КҚ 3.2.17.

КҚ 3.2.18.


АП 05

Сапаны бақылау.

Кіріспе. Сапаны бақылау. Негізгі түсініктер және анықтамалар. Сапаның анықтамасы. Сапаның көрсеткіштері. Бақылау түрлері. Бақылау операциясы. Статикалық шешімдер теориясы. Оңтайлы шешімдер. Статикалық шешімдер негізінде бақылау кезінде сапаны басқару. Таңдамалы бақылау.



Білімдер:

- сапаны бақылау анықтамасы және түрлері;

- бақылау операциясының анықтамасы;

- статикалық шешімдер сапасына қойылатын талаптар;



Іскерліктер:

бақылау операциясын орындауды;

таңдамалы статикалық бақылау жүргізуді;

өнімнің сапасын басқаруда бақылау қорытындысын пайдалануды;



БҚ 9

КҚ 3.2.17.

КҚ 3.2.18.


АП 06

Автоматтандырылған жобалау жүйелері.

Бағдарламалық қамтамасыз етудің күрделілігі. Бағдарламалық қамтамасыз ету циклі. Бағдарламалық қамтамасыз етудің алғашқы сатысы. Жүйелілік талдау және жүйелілік жобалау. Бағдарламалық жобалау, бағдарламалық кодтау және құжаттандыру. Автоматтандырылған жобалау жүйелері. Бағдарламалық өнімдерді жобалау технологиясы. Нысанды бағытталған жобалау. Жобалаулық макропроцесс. Жобалау процессін басқару. Жобаны құжаттандыру. Жүйелі құжаттану және пайдалануға нұсқау. Бағдарламалы кешенді іске қосу. Пайдалану және бағалау.



Білімдер:

- бағдарламалық жүйелердің құрамын және бағдарламалық құралдар;

- бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау технологиясы.

Іскерліктер:

бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлі әдістерін қолдануды;

нақты бағдарламалық жүйені құрастырудың күрделілігін бағалауды;

бағдарламалық қамтамасыз етудің циклын анықтауды;

CASE бағдарламалық материалымен жұмыс істеуді.


БҚ 8

БҚ 12


КҚ 3.2.14.

КҚ 3.2.15.



АП 07

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   141




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет