Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет39/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   141

Зергерлік бұйымдар технологиясы

Қазіргі кезеңдегі зергерлік және көркем өнімдер өндірісі. Еңбекті ұйымдастыру; жұмыс орнын ұйымдастыру. Зергерлік өнімдер сипаттамасы. Зергерлік өнімдер классификациясы және зергерлік өнімдер ассортименті. Өнімдерге қойылатын талаптар. Зергерлік өндірісті дайындау операциялары. Тастарды өңдеу. Зергерлік өндірісті құрастыру операциялары. Технологиялық режимдер. Жабдықтар, аспаптар, құрылғылар; қолданылуы.

Бұйымдар мен өнімдерді дайындау (құрастыру). Зергерлік өнімдердің бұйымдары мен түйіндері; олардың қолданылуы. Өнімдерді қолдан жасау тәсілдері. Өнімдерді сериялы құрастырулар. Жабдықтар, аспаптар және құрылғылар, қолданылуы. Көркемдік құю әдісімен зергерлік өнімдерді әзірлеу. Зергерлік өнімдерді әшекейлеу техникасымен әзірлеу. Әшекей өнімдер; олардың түрлері және қолданылуы. аспаптар, құрылғылар; негізгі және қосымша материалдар. Әшекейлерді дәнекерлеу технологиясы. Тастарды бекіту. Оправалардың түрлері, қолданылуы. Тастарды бекіту түрлері. Зергерлік өнімдерді әдемілеу және көркем өңдеу. Технологиялық режимдер. Жабдықтар, аспаптар және құрылғылар, қолданылуы. Зергерлік өнімдерді жөндеу және қайталап өңдеу. Технологиялық процесс; оның мағынасы. Зергерлік өнімдердің ақауларының дәрежесі; оның анықтамасы. Зергерлік және көркем өнімдерді стандарттау және сапасын қадағалау. Шығарылған затты сертификаттау.


Білімдер:

- зергерлік өнімдерді әзірлеу тәсілдері;

- бұйымдарды дайындау әдістері мен тәсілдері;

- әр түрлі өнімдерге жөндеу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері;

- материалдардың ақаулары және оларды жөндеу тәсілдері;

Іскерліктер:

- өнімдердің ақауларын анықтау және оларды жою;

- дара зергерлік бұйымдар дайындау зергерлік өнердің жаңа көркем стильдерінің дамуының негізі;

- бұйымдарды жөндеу жұмысын жүргізу;

-жөндеу жұмысының ретін сақтау;

- зергерлік бұйымдарды қайта жөндеу кезінде теориялық білімді пайдалану;

-мамандыққа байланысты қайта жөндеу құжаттарын рәсімдеу.


КҚ 2.1.2

КҚ 2.1.3


КҚ 2.1.5

КҚ 2.2.2


КҚ 2.2.3

КҚ 2.2.5


КҚ 2.3.2

КҚ 2.3.3


КҚ 2.3.5

КҚ 2.4.2


КҚ 2.4.3

КҚ 2.4.5


КҚ 2.5.2

КҚ 2.5.3


КҚ 2.5.5

КҚ 2.6.2


КҚ 2.6.3

КҚ 2.6.5


КҚ 2.7.3

КҚ 2.7.3


КҚ 2.7.5

КҚ 2.3.2


КҚ 2.8.3

КҚ 2.8.5


КҚ 2.9.2

КҚ 2.9.3


КҚ 2.9.5

КҚ 2.10.2

КҚ 2.10.3

КҚ 2.10.5





Біліктілігі: 041501 2 – Зергерлік және көркемдік бұйымдарға өндірмені бедерлеуші



АП 05

Зергерлік және көркем бұйымдары үшін ендірме қырнау технологиясы

Түрпілі пасталар мен ұнтақтарды пайдаланып, қалайы дөңгелектердегі зергерлік және көркем өнімдер үшін әйнек ендірмелер қырнау технологиясы.

Түсті әйнектерден жасалған зергерлік және көркем өнімдердегі тесіктерді бұрғылау тәсілдері. Механикалық және қолмен берілетін қайрау және бұрғылау станоктарын қолдану ережелері. Квадранттың конструкциясы және қолданылу ережелері.

Алмас планшайбаларын, түрпілі пасталарды және ұнтақтарды қолдану тәсілдері. Түрпіні үнемді пайдалану тәсілдері.

Жартылай асыл тастардың сапасын бағалау негіздері. Жартылай асыл тастардың қатты жылтырауын қамтамасыз ету үшін дайындамаларға қырлар жүргізу орындарын есептеу әдістері және салу ережелері. Жартылай асыл тастарды қырнау кезіндегі шығын нормалары.

Түйіршікті түрпілер әзірлеу ережесі, құрамы және қасиеттері.



Білімдер:

- жартылай асыл тастардан әзірленген зергерлік және көркем өнімдер ендірмелерін қырнау;

- жартылай асыл тастардың оптикалық қасиеттері, оларда түсті дақтардың орналасу ережелері;

- жартылай асыл тастардан әзірленген дайын ендірмелердің техникалық жағдайлары және нормальдары (жанамалары).



Іскерліктер:

- түсті әйнектерден әр түрлі формадағы ендірмелерді қырнап дайындау;

- қырлаушы диск пен станокты жұмысқа дайындау;

- ендірмелер үшін әйнектен, жартылай асыл тастардан әзірленген дайындамаларды үштеу;

- түрпілі дөңгелектерді қолдану;

- бұрғылайтын және қырнаушы бір шпиндельді станоктарда жұмыс істеу;

- жартылай асыл тастан жасалған дайындамалардағы рундисті және конусты үштеу;

- жартылай асыл тастың сапасын бағалау;

- техникалық қадағалауға арналған аналитикалық таразылармен жұмыс істеу;

- өңделетін жартылай фабрикаттардың өлшемдеріне байланысты қажетті құрылғыларды, цангтарды және оправаларды таңдап алу;

- массасы 0,05 каратқа дейінгі 17 және 33 қырлы етіп, дөңгелек формадағы гауһар тастарға өңделетін жартылай фабрикаттардың табаны мен төбесін қырлау және жылтырату;

- қалпына келтіру кезінде масса диапозондары 0,04 каратқа дейінгі гауһар тастарды 17 қырлы етіп, 0,05 каратқа дейінгілерін 33 қырлы етіп қайта қырлау;

- бұйымдардың әзірлену және қалпына келтірілу сапасын қадағалау;

- қарапайым құрылғыларды қолдана білу;

- мамандық бойынша жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау.


КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.2


КҚ 2.1.3

КК 2.1.4


КҚ 2.1.5

КҚ 2.1.6


КҚ 2.1.7

КҚ 2.1.8




Біліктілігі: 041502 2 – Зергер-шынжыршы



АП 05

Шынжыр дайындау технологиясы

Зергерлік өнімдер технологиясы: түрлері және технологиялық операциялар реті. Металдарды, қорытпаларды өңдеу әдістері, режимі және тәсілдері. Бұйымдар мен өнімдерді әзірлеу әдістері мен тәсілдері. Тастардың түрлері және өңдеу (қырнау) тәсілдері. Тастарды бекіту тірлері. Өнімдерді әшекейлеу және көркем өңдеу тірлері және әдістері. Құймалы, әшекейлі, шекімелі, эмальды, тас кесу істері, сүйектен металмен безендірілген өнімдер ою ерекшеліктері. Зергерлік және көркем өнімдер үшін қосымща материалдың түрлері, қасиеттері және қолданылуы. Материалдар

сапасына қойылатын талаптар. Арнайы аспаптар мен құрылғылардың түрлері және қолданылуы, түрлері, қасиеттері қолданылу ережелері.

Өнімдерді қайта өңдеу түрлері және тәсілдері. Өнімдерді әзірлеуге және қайта өңдеуге қойылатын талаптар. Зергерлік және көркем өнімдер өндіруге қойылатын экологиялық талаптар. Жұмыс орнын ұйымдастыру ережелері.

Аса күрделі шынжырлар, карабиндер және шпрингельдер дайындау.


Білімдер:

- жобалау негіздері;

- бұйымдарға декоративті элементтер композициясын салу ережелері;

- өнімдердің сызбаларын салу және оқу ережелері;

- көріністер салу ережелері;

- жабдықтардың түрлері, қолданылуы, құрылысы, жұмыс істеу принциптері;

- жабдықтармен жұмыс істеу ережелері, жабдықтарды техникалық күту реті;

- зергерлік және көркем өнімдердің ассортименті және классификациясы;

- орташа күрделі тізбектер құру технологиясы;

- жаншу (вальцовка) әдістері;

- қымбат металдардың физика-механикалық қасиеттері;

- ажыратпалы және иілмелі құлақшалардан тұратын аса күрделі тізбектер дайындау технологиясы.



Іскерліктер:

- әр түрлі материалдардан: сымнан, тоқыма сымдарынан, пісіру электродтарынан және т.с.с. дайындамалар таңдап алу;

- орама шиыршық сымдар жасау үшін диаметрі әр түрлі ригельдермен жұмыс істеу;

- бір типті дөңгелекше, сопақша және фасонды құлақшалы қарапайым тізбектер әзірлеу;

- түсті және қымбат металдардан күрделілігі орташа тізбектер әзірлеу;

- жаншу (вальцовка) әдісін қолдану;

- аспаптарды қолдану;

- түсті және қымбат металдардан дөңгелек құлақшалар тәріздес айырмалы ("арқанша") және иілмелі ("қабықшалы") күрделі тізбектер дайындап шығару;

- түсті және қымбат металдардан фасонды құлақшалардан тұратын әр түрлі профильді аса күрделі тізбектер дайындап шығару;

- дәнекерлеу, ағарту, тегістеу;

- бұйымдардың әзірлену және қалпына келтірілу сапасын қадағалау;

- аса күрделі тізбектер, карабиндер және шпрингельдер дайындап шығару;

- мамандық бойынша жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау.


КҚ 2.2.1

КҚ 2.2.2


КҚ 2.2.3

КҚ 2.2.4


КҚ 2.2.5

КҚ 2.2.6




Біліктілігі: 041503 2 – Зергер-нақыштаушы



АП 05

Нақыштау жұмысының технологиясы

Сызбалары бойынша түрлі фасондағы оюланған өрнектерді түсті және қымбат металдардан жасалған зергерлік және көркем бұйымдар беттеріне түсіру. Қарайтылылғанға дейін және қарайтылғаннан кейін оюлау. Өз сызбалары, суреттері, композициялары бойынша түсті және қымбат металдардан жасалған зергерлік және көркем өнімдерді терең оюлау және шеку.

Күрделі көркем композициялы өрнектері бар штамптар жасап шығару. Металмен безендірілген сүйектен оюлау жұмыстарының ерекшеліктері. Сызбаларды оқу ережелері.

Оюлау жұмыстары үшін аспаптар дайындау әдістері. Түсті және қымбат металдардың физика-механикалық қасиеттері. Терең оюлар жасау тәсілдері. Шеку әдістері. Өнімдер сапасына қойылатын талаптар.



Білімдер:

- ойылмалар жасау жұмыстарының технологиясы;

- өрнектердің түрлері және оларды слау ережелері;

- сүйектен металмен безендірілген өнімдер ою ерекшеліктері;

- сызбаларды оқу ережелері;

-оюлау жұмыстары үшін аспаптар жасау әдістері;

- түсті және қымбат металдардың физика-механикалық қасиеттері;

- терең оюлау жүргізу тәсілдері;

- шеку әдістері.

Іскерліктер:

- түрлі фасондағы оюланған өрнектерді түсті және қымбат металдардан жасалған зергерлік және көркем бұйымдар беттеріне түсіру;

- сызбамен және сызбасыз ойылмалар жасау;

- қарайтылылғанға дейін және қарайтылылғаннан дейін оюлау;

- түсті және қымбат металдардан жасылған зергерлік және көркем бұйымдарды шеку;

- ойылмалар жұмысының технологиясын дайындау;

- түрлі ою-өрнектер түсіру;

- сүйектен, безендірілген металдардан әзірленген бұйымдарға ойылмалар жасау;

- өз сызбалары, суреттері, композициялары бойынша түсті және қымбат металдардан терең оймалы зергерлік және көркем өнімдер жасап шығару;

- күрделі көркем композициялы өрнектері бар штамптар жасап шығару;

- лазердің көмегімен оюлау және шеку;

- алмастың көмегімен оюлау және шеку;

- оюлау жұмысына құрылғылар дайындау;

- мамандық бойынша жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау.



КҚ 2.3.1

КҚ 2.3.1


КҚ 2.3.3

КҚ 2.3.4


КҚ 2.3.5

КҚ 2.3.6


КҚ 2.3.7



Біліктілігі: 041504 2 – Зергер-орнықтырушы



АП 05

Құрастыру жұмыстарының технологиясы

Зергерлік өнімдерді жинақтау технологиясы және құрастару операцияларын жүргізу тәсілдері. Қолданыстағы аспапты қайрау және ұштау тәсілдері. Түйіспелі дәнекерлеу аспабының құрылысы және қолданылу ережелері. Түсті және қымбат металдардың негізгі қасиеттері.

Тесіктерді бұрғылау және тесіп шығу үшін әр түрлі құрылғыларды пайдалану тәсілдері. Зергерлік өнімдер бұйымдарын ұнтақтау және күрделі түйіндерін дәнекерлеу тәсілдері. Түсті және қымбат металдардан жасылған зергерлік өнімдерді термиялық өңдеуден өткізу ережелері. Муфельді пештердің құрылысы. Зергерлік өнімдерге күрделі бұйымдар мен түйіндер әзірлеу әдістері.

Түрлі бекіту типтеріне оправаларды шақтап алу. Зергерлік өнімдерді бормашинамен өңдеу тәсілдері. Жинақтау кезінде күрделі калибрлерді және шектер шамаларын қолдану ережелері. Күміс өнімдерін қайта өңдеу тәсілдері. Селдір (ажурлы) өрнектерді егелеу тәсілдері. Ендірмелерді бекітуге қажетті сызулар жүргізу тәсілдері. Оюлау тәсілдері. Дайындалған өнімдер сапасына қойылатын талаптар.



Білімдер:

- ыдыс тобындағы зергерлік өнімдерді өңдеудің технологиялық процесі және қолмен өңдеу тәсілдері;

- қолданылатын аспаптарды пайдалану ережелері;

- түсті және қымбат металдардың физика-механикалық қасиеттері.



Іскерліктер:

- тесіктерді бұрғылау және тесіп шығу үшін әр түрлі құрылғылар қолдану;

- түсті және қымбат металдардан жасалған зергерлік өнімдерді термиялық өңдуден өткізу;

- үзбелер, бұрандалар және тығырықтар негіздерін егеу;

- кілт астына сыздақтар түсіру, топсалар және пластиналар дәнекерлеу;

- қарапайым құрылғыларды пайдаланып тесіктерді бұрғылау;

- түсті металдар мен күмістен жасалған ыдыс тобындағы зергерлік бұйымдарды қырып тегістеу және қолдан жылтырату жұмысын орындау;

- "арқанша" тізбектердің тамыршаларын (конеры), сырғаларға замогтар, түйреуіштерге сүмбілі замогтар, іші қуыс бұйымдар және өнімдер жасап шығару;

- түсті металдардан және күмістен зергерлік өнімдер құрастыру;

- бормашинаның көмегімен өнімдерді өңдеу;

- жиынтықтарды дәнекерлеуге дайындау;

- бұйымдар мен түйіндерді дәнекерлеуді, орнатуды, июді, түзетуді, центрлеуді, қиысын келтіруді орындау;

- өнімдерді ағарту;

- үзілмелерді құлақшаларға біріктіру;

- өнімдерді түйіспелі (нүктелік) дәнекерлеу жұмысын орындау;

- күміс өнімдерін қалпына келтіру;

- күрделі калибрмен жинақтау сапасын тексеру.


КҚ 2.4.1

КҚ 2.4.2


КҚ 2.4.3

КҚ 2.4.4


КҚ 2.4.5

КҚ 2.4.6




Біліктілігі: 041505 2 – Зергер-бұрамашы



АП 05

Әшекейлі (филигран) бұйымдар дайындау технологиясы

Әшекейлі өнімдер дайындау жұмыстарының технологиясы. Әшекейлерді дәнекерлеу қоспасының құрамы. Әшекейлі өнімдер жасалатын металдардың негізгі қасиеттері. Қымбат және түсті металдар маркасының сынамалары.

Қолданылатын материалдардың: сымның, дәнекерлеггіштердің, желімденетін заттардың негізгі қасиеттері.

Әшекейлі өнімдер әзірлеу кезінде пайданылатын құрылғылар мен аспаптарды қолдану ережелері. Әшекейдің ширатпаларын толтыру және дәнекерлеу технологиясы. Бұйымдарды балқыту тәсілдері, өңдеу әдістері. Әшекейлер мен ширатпаларды дәнекерлеу үшін қажетті дәнекерлегіштердің құрамы және қасиеттері. Сурет негіздері. Түсті және қымбат металдардың физика-механикалық қасиеттері. Арасында бұйымдары құрастырылатын әшекейлі өнімдерді дәнекерлеу тәсілдері. Түйіршіктерді балқыту тәсілдері. Сыртқы белгілері арқылы дәнекерлегіштердің сапасын анықтау әдістері.

Фигуралар мен жайылмалар салу үшін есептеулер жүргізу ережелері. Жұқа селдір жұмыстардың түрлері және селдір жартылай фабрикаттардың фасондары. Эмальдардың термиялық қасиеттері.

Әшекейлі өнімдерді дәнекерлеу үшін металының температурасы және түсі бойынша дәнекерлегіштерді таңдау ережелері. Қайта жөндеу жұмыстарының негіздері.

Өнімдерді әзірлеу сапасына қойылатын талаптар.


Білімдер:

- түсті және қымбат металдарды көркем өңдеудің түрлері;

- основы технологии шеку, эмальдау және әшекейлеу өндірісі;

- асыл тастар сипаттамасы және олардың сапаларына, формасына және өлшемдеріне қойылатын талаптар;

- жартылай асыл және асыл тастарды бекіту тәсілдері;

- суреттен мастикалық жапсырмалар дайындау;

- декоративті және қолданбалы өнердің негізгі стильді ерекшеліктері;

Іскерліктер:

- бұйымдарды зер таспа әзірлеуге дайындау;

- түсті және қымбат металдардан сынама алу және маркасын анықтау;

- дайын бөлшектерді қағаздағы суреті немесе үлгісі бойынша бұйымдарда немесе селдір ширатпа кезінде қағазда дәнекерлеуді орындау;

- зер таспалы өнімдерді арасындағы бұйымдарын жалғастыра отырып дәнекерлеуді орындау;

- түйіршікті еріту жұмысын жүргізу;

- ширатпаны толтыру;

- дайын үлгілері, суреттері бойынша қарапайым бұйымдар жасап шығару;

- фигуралар және жайылмалар салу үшін есептеулер жүргізу;

- бурамен әшекей дәнекерлеу қоспаларын жасау;

- әшекей жинақтарын дәнекерлеуге дайындау;

- қарапайым фасонды ширатпа баулар орамаларын, үш-төрт талшықты струнцалды жасау;

- сыртқы белгілері бойынша дәнекерлеу сапасын анықтау;

- өнімдерді өңдеу жұмысын орындау;

- өнімнің формасы бойынша жайылмасын сызу және суретті үлгіден өнімге көшіру;

- күрделілігі орташа шиыртпа бөлшектерді және селдір торлы әшекейлерді дайындау және өнімге немесе үлгіге іріктеп алу.



КҚ 2.5.1

КҚ 2.5.2


КҚ 2.5.3

КҚ 2.5.4


КҚ 2.5.5

КҚ 2.5.6


КҚ 2.5.7



Біліктілігі: 041506 2 – Алмастарды гауһарларға сұрыптаушы



АП 05

Сұрыптау технологиясы

Жартылай фабрикаттарды әр түрлі формадағы гауһар тастарға сұрыптау технологиясы. Алмастарды бағыттары бойынша жұмсақ қырнау әдістерін таңдау. Қырнайтын дисклерді жұмысқа дайындау технологиясы. Жартылай фабрикаттарды гауһар тастарға қырнау үшін құрылғыларды, цангтарды және оправаларды шақтап таңдау ережелері.

Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен үштелген алмастарды цанг-серіктеріне қою ережелері. Қырнайтын станоктың құрылысы, пайдалану ережесі. Қолданыстағы кесу және өлшеу аспаптарының технологиялық жабдықтарының түрлері. Қырнау станогын, робот технологиялық кешенді, автоматты манипуляторды және олардың қондырғылары мен құрылғыларын түзету әдістері. Алмастық жартылай фабрикаттарды 57 қырлы, сатылы және қиялды формаларға қырлау технологиясы. Алмасты тегістеудің дұрыс бағытын таңдау әдістері. Өнімдердің дайындау сапасына қойылатын талаптар.


 Білімдер:

- алмастың жартылай фабрикаттарын дөңгелек формадағы гауһар тастарға қырнаудың технологисы және тиімді режимдері;

- алмас жартылай фабрикаттарының техникалық жағдайлары;

- қырнайтын дисклерді жұмысқа дайындау технологиясы;

- караттық және аналитикалық таразыларды пайдалану ережелері;

Іскерліктер:

- қолдан қырнайтын құрылғылары бар қырлаушы станокта алмастың жартылай фабрикаттарының жоғарғы не төменгі қырларын массасы 0,05 каратқа дейінгі 17 және 33 қырлы дөңгелек формадағы гауһар тасқа қырнауды және жылтыратуды орындау;

- робот технологиялық кешенді, автоматты манипуляторды пайдалану;

- бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану;

- технологиялық жабдықтарды, қолданылатын кесу және өлшеу құрылғыларын пайдалану;

- қырнау станогін қолдану;

- алмастың жартылай фабрикаттарын 17 және 33 қырлы дөңгелек формадағы гауһар тасқа қырнаудың тиімді режимін тағайындау;

- техникалық бақылау бөлімінен жартылай фабрикаттарды алу және өткізу;

- қырнаушы дискіні және станокты жұмысқа дайындау;

- қажетті құрылғыларды өңделетін жартылай фабрикаттардың өлшемдеріне қатысты таңдап алу;

- қырнаудың сапасын алты- және он- есе үлкейтетін лупаның көмегімен тексеру;

- караттық және аналитикалық таразыларды пайдалану;

- қолмен іске келтірілетін қырнайтын құрылғысы бар қырнау станогында қандайда бір ауданды, аздаған ақаулары бар 1-4 қырлы алмастың жартылай фабрикаттарын, 8-16 қырлы гауһар тасқа қырналатын барлық салмақтық топтардағы жартылай фабрикаттардың түбі мен төбесін робот технологиялық кешенде немесе автоматты манипуляторда алдын-ала қырнау;

- жартылай фабрикаттарды 17 және 33 қырлы дөңгелек формадағы гауһар тастарға өңдеу үшін қажетті құрылғыларды таңдап алу.



КҚ 2.6.1

КҚ 2.6.2


КҚ 2.6.3

КҚ 2.6.4


КҚ 2.6.5

КҚ 2.6.6


КҚ 2.6.7



Біліктілігі: 041507 2 – Алмасты әшекейлеуші



АП 05

Әшекейлеу технологиясы

Сыдыру және қырнау станогында немесе жартылай автоматта жартылай фабрикаттарды гауһар тастың әр түрлі формаларына жеткізу технологиясы. Қырнау және қайта өңдеу процесінде жартылай фабрикаттарды жеткізу технологиясы. Желімнің рецепті және оны дайындау. Өңделген жартылай фабрикаттардың алдын ала берілген параметрлерімен сәйкестігін тексеру ережесі. Қолданыстағы жартылай автоматтың құрылысы, пайдалану ережелері. Алмастардың қаттылық анизотропиясының оларды өңдеу процесіне әсері. Қолданыстағы бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және пайдалану ережелері. Алмас шикізаттарының техникалық жағдайлары.

Қолданыстағы қырнау станоктары мен жартылай автоматты жөндеу-түзету тәсілдері.

Алмастың физика-механикалық қасиеттері. Табиғи ақаулары бар жартылай фабрикаттарды өңдеу режимдері.



Білімдер:

- сыдыру және алмастың жартылай фабрикаттарын гауһар тастың ғажап фомаларына жеткізу технологиясы;

- алмастарды және олардың табиғи ақаулары бар жартылай фабрикаттарын өңдеу әдістері;

- жартылай фабрикаттарды гауһар тастың ғажап формаларына өңдеу үшін желімдеу ережелері;

- гауһар тасқа қатысты техникалық жағдайлар;

Іскерліктер:

- қашау станогінде немесе жартылай автоматта алмастың тегіс және шамалы мүсінді қыры бар жартылай фабрикаттарын өңдеуден кейінгі массасы 0,10 карат және 0,50-ден 0,99-ға дейінгі карат болатын сыдыру және жетілдіру жұмысын орындау;

- қашау станогінде немесе жартылай автоматта алмастың тегіс және шамалы мүсінді қыры бар жартылай фабрикаттарын өңдеуден кейінгі массасы 0,11-ден 0,49-ға дейінгі карат болатын сыдыру және жетілдіру жұмысын орындау;

- қашау станогінде алмастың жартылай фабрикаттарын дөңгелек формадағы гауһар тасқа сыдырудан және жетілдіруден кейінгі шығынын есептеу;

- өңдеу процесі кезіндегі алмастың беріктік анизотропиясын анықтау;

- алмастың жартылай фабрикаттарын дөңгелек формада жасалған гауһар тас оправасына жапсыруға арналған желімнің рецептін дайындау;

- караттық және аналитикалық таразыларды қолдану;

- жартылай фабрикаттардың диаметрін және биіктігін тексеру;

- өңделген жартылай фабрикаттардың сопақтығын сағат типіндегі индикатормен тексеру және олардың өңделу сапасын алты- және он- есе үлкейтетін лупаның көмегімен анықтау;

- дөңгелек формадағы гауһар тастарға жартылай фабрикаттарды механикалық және желімдік әдістерімен бекіту үшін оправалар таңдап алу;

- алмасты техникалық бақылау бөлімінен алу және караттық және аналитикалық таразылармен өлшеу үшін тапсыру;

- бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану;

- мамандық бойынша жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау.


КҚ 2.7.1

КҚ 2.7.2


КҚ 2.7.3

КҚ 2.7.4


КҚ 2.7.5

КҚ 2.7.6




Біліктілігі: 041508 2 – Алмасты кесуші



АП 05

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   141




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет