«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» конкурсының құжаттары



бет4/17
Дата08.12.2023
өлшемі4,16 Mb.
#195971
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
шығаруға
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі, 19.10 МТ 4 Анық-маған интеграл 25, Л1, 9 кл решебник Арман ПВ 2-1
Заңды мекен- жайы

Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 «б» шағынаудан, 11 ғимарат;

Білім беру
бағдарламалар бойынша қысқаша сипаттама
(берілген күні
лицензиялар, лицензия нөмірі)

Мемлекеттік лицензия сериясы
№ KZ21LAA00013888
Берілді: 30 қаңтар 2019 жылы

Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, webсайт)

тел./факс: 8(7292) 50-48-79
E-mail: mkkk-mptk@mail.ru
Білім беру ұйымының сайты: http://mptk.edu.kz

Заңды тұлға өкілі,
колледж басшысының байланыс деректері

Шолтанова Зарипа Есенбаевна
87753622469



«ХАЛЕЛ ӨЗБЕКҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
ТАРИХЫНА ШОЛУ

Халел .Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі - Маңғыстау аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беретін беделді, көп салалы оқу орындарының бірі.


Білім ордасы тарихының тамыры тереңде:
1941 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы Петровский атындағы зауытқа кәсіби мамандар дайындауға арналған ФЗУ (Фабрично заводское училище) артынан кәсіптік училище болып құрылып, 1961 жылы Маңғыстау түбегіндегі Баутин поселкесіне көшірілді. Ол кезде училище кеме жөндеу, оны техникалық жабдықтау ісінің жұмысшы мамандарын даярлайтын. Кейін Форт-Шевченко қаласына Маңғыстау мұнай-газ барлау тресі қоныс теуіп, барлау мен бұрғылау көлемі ұлғайған соң, оқу орны мұнай саласына жұмысшы мамандар даярлауға көшті. 1964 жылы №54 Форт-Шевченко қалалық кәсіптік училищесі болып өзгерді.
1972 жылы Гурьев облысындағы кәсіптік техникалық училищесі мен Форт-Шевченко қаласындағы №54 училищесі бірігіп, Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласындағы 3б шағын ауданына №11 қалалық типтік училищесі болып көшірілді.
1974 жылы КазССР Министрлер кеңесінің қаулысымен оқу орнына «Маңғышлақмұнай» өндірістік ұйымына салалар бойынша мамандар дайындайтын «№1 Ақтау қаласының кәсіби-техникалық училищесі» атауы берілді.
1993 жылы Маңғыстау облысы әкімшілігінің шешімімен Ақтау қалалық №1 жоғары кәсіптік училищесі, 1997 жылы Маңғыстау облысының әкімінің шешімімен Маңғыстау политехникалық колледжі болып аталды.
2018 жылы Маңғыстау облысы әкімінің қаулысымен Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі атауы берілді.
«Ұлт жоспары-100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын іске асыру жоспарының 77 қадамына сәйкес, экономиканың негізгі салалары үшін іріктелген алдыңғы қатарлы колледжде білікті кадрларды дайындауды бастау және әрі қарай олардың тәжірибесін өзге де оқу орындарына тарату бойынша Маңғыстау политехникалық колледжі Республика бойынша 10 базалық колледждің қатарына енгізілді.

«Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасын іске асыру мақсатында колледж жанынан құрылған Ресурстық орталық 2019 бастап білім беру мекемелерінің реестріне енгізілді.


2022 жылы Маңғыстау облысы әкімінің қаулысымен Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі мәртебесін алды.
1972 жылы алғашқы оқу жылын 8 кабинет, 5 шеберхана және 300 оқушымен бастаған, оқу орны бүгінгі таңда 4 оқу ғимараты, 64 оқу кабинеті, 13 шеберханасы, 11 зертханасы бар, 1297 студент білім алып жатқан іргелі оқу орнына айналды.
Колледж өз қызметін келесі құжаттар негізінде жүзеге асырады:
Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары:
1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
2. Колледж
Колледждің білім беру қызметі Маңғыстау облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаменті берген KZ21LAA00013888 мемлекеттік лицензиясы және қосымшалары негізінде жүзеге асырылады.
Колледждің дайындық жүргіетін мамандықтар:
Кесте 1. Мамандықтар мен біліктіліктер





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет