Техникасы мен технологиясы


-модуль. Ағынды суларды тазарту технологиясы



Pdf көрінісі
бет20/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
2-модуль. Ағынды суларды тазарту технологиясы
Дəріс  тақырыбы 5. Су  шығару. Елді  мекендер  мен  өндірістік
кəсіпорындардың  су  шығару  жүйелері. Өндірістік  ағынды  суларды
тазартудың  комплекті  жəне  локальды  жүйелері.
Пайдаланылып  шыққан
сулар  ағынды  сулар  деп  аталады. Тұрмыс  немесе  өндіріс  мұқтаждарына
пайдаланылып, ластанған, өздерінің  бастапқы  химиялық  құрамын  жəне
физикалық 
қасиеттерін 
өзгерткен 
жəне 
елді 
мекеннің, өндірістің
территориясынан  шығаруды  қажет  ететін  сулар – ағынды  сулар  деп  аталады.
Шығу тегіне, қоспалардың түріне жəне сандық мөлшеріне байланысты олар үш
негізгі  топқа  бөлінеді  тұрмыстық (шаруашылық-фекальді), өндірістік  жəне
атмосфералық (жауын-шашын) ағынды сулар.
Тұрмыстық  ағынды  суларға  ас  жəне  туалет  бөлмелерінен, моншалар  мен
кір жуатын жерлерден  шыққан жəне т.б сулар жатады. Олар тұрғын үйлерден,
қоғамдық  ғимараттардан  жəне  өндірістік  кəсіпорындардың  тұрмыстық
бөлмелерінен  шығады. Ластаушы  заттардың  табиғатына  байланысты  олар
фекальді, негізінен  адамдардың  физиологиялық  шығарымдарымен  ластанған,
шаруашылық, əртүрлі  шаруашылық  қалдықтарымен  ластанған  болуы  мүмкін.
Тұрмыстық  ағынды  сулардың  орагникалық  ластануының  негізгі  бөлігін
белокты  заттар, майлар, углеводтар  жəне  олардың  ыдырау  өнімдері  құрайды.
Ластанудың  бейорганикалық  бөлігін  ауыз  суға  тəн  жəне  адам  организмінде
алмасу  процесі  нəтижесінде  түзілген  тұздар  құрайды. Зат  алмасу  өнімдеріне
негізінен  фосфаттар  жəне  мочевина  гидролизінің  өнімі – аммоний  тұздары
жатады. Ағынды  судың  құрамындағы  бейорганикалық  қоспаларға  суға  жеміс-
жидектерді  жуу, бөлмелерді  тазалау  кезінде  түсетін  құм  жəне  саз  жатады.
Органикалық  табиғаты  бар  ластану  тұрмыстық  ағынды  сулардың  барлық
ластануының 58%-ін  құрайды. Биологиялық  ластану  ерекше  категория
құрайды: əр 
түрлі, патогенді 
микроорганизмдер, гельминттердің
жұмыртқалары. Бұл ластану су шығару жүйесіне ванналар мен ас бөлмелерінен
дамдардың физиологиялық шығарымдары арқылы түседі.
Тұрмыстық  ағынды  сулардың  ерекшелігі – олардың  құрамының
салыстырмалы  тұрақтылығы, себебі  əр  тұрғыннан  су  шығару  жүйесіне
ластаушы заттардың белгілі бір тұрақты мөлшері шығарылады (г/тəулік).
Жалпы  алғанда  тұрмыстық  ағынды  сулардың  ластануы  гетеротрофты
бактериялар  үшін  бағалы  субстрат  болып  табылады, сондықтан  шаруашылық-
тұрмыс  ағынды  суларын  тазарту  үшін, əдетте  биологиялық  əдістер
қолданылады.
Өндірістік  ағынды  суларға  əр  түрлі  технологиялық  процестерде, пайдалы
қазбалар 
өндіргенде 
түзілген, сондай-ақ 
өндірістің 
ластанған
территорияларынан  ағып  шыққан, қайтадан  қолдануға  жарамайтын  сулар
жатады. Технологиялық  процестерде  қолданылған  сулар  əр  түрлі  химиялық
реакциялардың жүруінен, шикізатты, өнімді жəне қондырғыларды жуған кезде,
судай-ақ  қондырғыларды  салқындатқан  кезде  ластанады. Өндірістік  ағынды


34
сулар  екі  үлкен  категорияға  бөлінеді: ластанған  жəне  ластанбаған (шартты
таза). Ластанған  ағынды  суларды  əдетте  төрт  топқа  бөледі: негізінен
органикалық заттармен ластанған, негізінен минералды қоспалармен ластанған
жəне олардың қоспасымен ластанған өндірістік ағынды сулар.
Өндірістік  ағынды  сулардың  мөлшері  мен  құрамы  бірнеше  факторларға:
технологиялық процеске, оны жүргізу режиміне, шикізаттың құрамына, аралық
заттар мен өнімдерге, бастапқы таза судың құрамына байланысты.
Мысал  ретінде  əр  түрлі  машина  жасау  заводтарының  ағынды  суларын
қарастырайық. Ағынды  сулар  болатлитейлі, шойынлитейлі, термиялық,
механикалық  жəне  инструментальды, сондай-ақ  гальваникалық  цехтар  мен
участоктардан  түзіледі. Литейлі  цехтардың  негізгі  ластаушы  заттары
механикалық  қоспалар (шаң, известь, саз, құм  бөлшектері). Термиялық  цехта
металл бұйымдарды  суда  немесе  майда  шынықтырады. Термиялық  цехтардың
негізгі  ластаушы  заттарына  май  жатады. Өңдеу  бөлімдерінің  ағынды
суларының  құрамында  күкірт  жəне  тұз  қышқылы, темір  жəне  ауыр  металдар
бар. Гальваникалық цехтардың ағынды  сулары хром, цианидтер, мырыш, мыс,
никель, басқа  да  ауыр  металдармен  ластанған. Механикалық  жəне
инструментальды  цехтарда  ағынды  сулар  бұйымдарды  жуған  жəне
шынықтырған 
кезде, бұйымдарды 
термиялық 
жəне 
гальваникалық
бөлімшелерде  өңдегенде, бұйымдарды  бояғанда, станоктарды  эмульсиямен
салқындатқан кезде  түзіледі. Ұста цехтарында  ағынды  сулар инструменттерді,
сварка агрегаттарын, пештердің арматураларын салқындатқанда, скрубберлерде
ауаны шаңнан тазартқанда түзіледі.
Автокөлік  заводтарында 
ағынды  сулар  негізінен  аппаратураны
салқындатқанда, гальваника  жабынымен  өңдегенде  жəне  жапқанда  түзіледі,
бұйымдарды жуған кезде түзіледі.
Суды  химиялық  ластаушыларды 5 топқа  жіктеледі: 1) биологиялық
тұрақсыз  органикалық  қосылыстар, 2) улылығы  аз  бейорганикалық
қосылыстар, 3) мұнай  өнімдері, 4) биогенді  қосылыстар, 5) ерекше  улылық
қасиеттері  бар  заттар, ауыр  металдар, биологиялық  қатты  ыдырамайтын
органикалық жасанды қосылыстар.
Ағынды 
сулардың 
құрамында 
минералды 
жəне 
органикалық
қосылыстардың əр түрлі жиынтығы барлығын атап өткен жөн.
Ағынды  сулар  құрамындағы  ластаушы  заттары  еріген, коллоидты  жəне
ерімеген түрде болатын күрделі системалар болып табылады.
Өндірістік  ағынды  сулардың  құрамы  алуан  түрлі  жəне  өндірістің  түріне,
қабылданған  технологиялық  процеске  байланысты  болады. Өндірістік  ағынды
сулардың  құрамы  алуан  түрлі  болғандықтан, оларды  тазарту  үшін  физика-
химиялық, химиялық жəне биологиялық əр түрлі əдістер қолданылады.
Жауын-шашын  сулары – атмосфералық  жауын-шашындардан  түзіледі.
Оларға мұз жəне қар ерігенде түзілген сулар да жатады. Атмосфералақ ағынды
сулардың ерекшелігі оның үздіктілігінде жəне су шығыны мен су сапасы қатты
өзгеріп  отырады. Көшелерді  жуған  сулар, фонтандардың  сулары  сапасы
жағынан атмосфералық ағынды суларға жақын, сондықтан осы сулармен бірге
шығарылады.


35
Атмосфералық  ағынды  сулардың  құрамында  қала  көшелерінен  шайылып
түскен  құм, саз, мұнай  өнімдері  көп. Өндірістік  кəсіпорындардың
территорияларынан  ағып  шыққан  ағынды  сулардың  құрамында, сол  өндіріске
тəн спецификалық заттар бар.
Арнайы  əдебиеттерде «қалалық  ағынды  сулар» термині  жиі  кездеседі.
Қалалық ағынды сулар деп бір канализацияға құйылған ағынды судың барлық
үш  түрінің  немесе  өндірістік  жəне  тұмыстық  сулардың  жиынтығын  айтады.
Қалалық су  тазарту  станцияларында  су  механикалық, биологиялық  тазартудан
кезекпен  өтеді  жəне  дизенфекцияланады. Бұл  ғимараттардың  қалыпты
жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін, қалалық  ағынды  суларға  арнайы  талаптар
қойылады. Бұл  талаптардың  орындалуы  өндірістік  кəсіпорындардың  қалалық
су шығару жүйесіне қосылған ағынды суларын үнемі қадағалау арқылы жүзеге
асырылады.
Канализация деп ластанған ағынды суларды құбырлар арқылы қабылдауға
жəне  елді  мекеннің  территориясынан  бөлек  шығарып  əкетуге, сондай-ақ
утилизация  жасау, су  қоймасына  төгу  алдында  тазартуға  арналған
қондырғылардың, ғимараттардың кешенін түсінеміз.
Тұрмыстық, өндірістік 
жəне 
атмосфералық 
сулар 
қалай
шығарылатындығына  қарай, канализация  жүйелері  үш  түрге  бөлінеді: жалпы,
бөлек  жəне  жартылай  бөлек. Жалпы  канализация  түрінде  ағынды  сулардың
барлық  түрлері  тазарту  құрылыстарына  немесе  су  қоймасына  бір  канализация
жүйесі  арқылы  шығарылады. Бөлек  канализация  түрінде  ағынды  сулардың
əрбір  түрі  канализация  жүйесіне  бөлек  шығарылады. Канализацияның
жартылай  жүйесінде  жеке  канализация  жүйелерінің  ағынды  сулардың  барлық
түрін шығаруға арналған бірге су жинайтын камералары болуы мүмкін.
Өндірістік  кəсіпорындарда  жалпы  жəне  бөлек  канализация  жүйелері
қолданылады. Өндірістік  ағынды  суларды  тазарту  үшін, өндірістік
кəсіпорындарда  канализация  жүйесіне  локальды  тазарту  қондырғылары
қосылады. Бұл  тазарту  құрылыстары  кəсіпорынның  территориясында
орналасады  жəне  өндірістік  ағынды  суларды  канализация  жүйесіне  шығару
алдында улылығы жоғары компоненттерден тазартуға арналған.
Өндірістік 
кəсіпорындарды 
сумен 
қамтамасыз 
ету 
жүйелері
тұтынушыларды  қажетті  мөлшерде, талап  етілетін  сапамен  жəне  қысыммен
сумен жабдықтауға арналған құрылыстардың жиынтығынан тұрады. Өндірістік
кəсіпорындардың  су  шығару  жүйесі  деп  ағынды  суларды  ұйымдастырылған
қабылдауға  жəне  өндіріс  территориясынан  шығаруға, сондай-ақ  утилизация
жасау  мен  су  қоймасына  төгу  алдында  тазартуға  жəне  залалсыздандыруға
арналған қондырғылар мен құрылыстардың кешенін түсінеміз.
Өндірістік  сумен  жабдықтау  жүйелеріндегі сулар  əдетте  төрт  категорияға
бөлінеді:
- I категориялы  су – жылу  алмастырғыш  аппараттарда, өнімге
жанастырмай  сұйық  заттарды  салқындатуға  жəне  газ  тəрізді  заттарды
конденсациялауға 
қолданылады; берілген 
технологиялық 
процестерді
жүргізгенде су тек жылытылады жəне іс жүзінде ластанбайды;


36
- II категориялы  су - əр  түрлі  ерімейтін  заттарды (механикалық) жəне
еріген  қоспаларды  сіңіретін  орта  ретінде  қолданылады; су  жылытылмайды
(пайдалы қазбаларды байыту, гидротранспорт), бірақ механикалық жəне еріген
қоспалармен ластанады;
- III категориялы  су – екінші  категориялы  су  сияқты  қолданылады, бірақ
жылытылады (скрубберлерде  газдарды  ұстау  жəне  тазалау, коксты  сөндіру
жəне т.б.);
- IV категориялы  су  реагенттерді  еріту  үшін  жəне  экстрагент  ретінде
қолданылады (мысалы, табиғи  қазбаларды  флотациялық  байыту  кезінде,
технологиялық ерітінділерді дайындағанда жəне т.б.).
Түзілетін  өндірістік  ағынды  сулардың  мөлшерін  өнеркəсіптің  əр  түрлі
салалары  үшін  су  тұтынудың  жəне  су  шығарудың  нормалары  арқылы
анықтауға  болады. Шығарылатын  судың  жалпы  мөлшері  кəсіпорынның
өнімділігіне де байланысты.
Су  шығару  жүйелерін  есептегенде, судың  тəуліктік  шығынын  білу  ғана
маңызды  емес, сондай-ақ олардың  тəулік  бойына  түсу режимін де  білу  қажет.
Өндірістік  ағынды  сулар  смена  бойы  біркелкі  немесе  біркелкі  емес  түсуі
мүмкін. Су  шығару  жүйесіне  біркелкі  емес  түсуі  ағынды  су  түсуінің  біркелкі
еместігінің  жалпы  коэффициенттерімен  сипатталады, мəндері  СНиП 2.04.03 –
85 берілген.
Өнеркəсіптің  əр  түрлі  салалары  үшін, сағаттық  біркелкі  еместік
коэффициенттерінің 
мəндері 
мынадай: металлургия 
өнеркəсіптерінің
кəсіпорындары үшін – 1-1,1; химия – 1,3-1,5; тамақ – 1,5-2 жəне т.б.
Ағынды  сулардың  тəулік  бойындағы  құрамын  да  есепке  алу  қажет.
Өндірістік  кəсіпорындардың  сумен  қамтамасыз  ету  жүйелерін  жасағанда, су
берудің  екі  схемасын  қолданады: тұйық  жəне  айналымды. Өндірістік
кəсіпорындарда суды екінші схемамен берген дұрыс. Түзілген ағынды сулар су
қоймасына  немесе  канализация  жүйесіне  төгілместен  бұрын  локальды  тазарту
құрылыстарында тазартылуы тиіс.
Соңғы  кезде  өндірістік  кəсіпорындарды  айналмалы  сумен  жабдықтау
жүйесі  кең  таралды. Бұл  схеманы  сумен  жабдықтау  көзі  өндірістен  алыс
орналасқан  жағдайда  қолдану  ұсынылады. Сонымен  қатар, көрсетілген  схема
сумен  жабдықтау  күшінің  қуаты  шектелген  жағдайда, ағынды  сулардың
құрамында тазартылуы қиын улы заттар болғандықтан, басқа схемалар қолдану
мүмкін емес жағдайда жалғыз мүмкін схема болып табылады. Өндірістің кейбір
салаларында (мысалы, металлургия, мұнай  өңдейтін) айналмалы  сумен
жабдықтау жүйесінде ағынды сулардың 90-95 пайызы қолданылады, ал қалған
бөлігі тазартылған соң су қоймасына төгіледі.
Айналмалы сумен жабдықтау жүйесінде қолданылатын су не жылынуы, не
ластануы, сондай-ақ  жылынуы  да, ластануы  да  мүмкін. Осыған  сəйкес, суды
қайтадан  қолданар  алдында  салқындатады  немесе  тазартады, немесе
салқындатады жəне тазартады.
Кебір  жағдайларда  өндірістік  ағынды  суларды  қалалық  канализация
жүйесіне  төгеді, тұрмыстық  ағынды  сулармен  араласады. Өндірістік  жəне


37
тұрмыстық  ағынды  сулардың  алынған  қоспасын  бір  тазарту  құрылыстарында
тазартады.
Канализацияға  төгілетін  өндірістік  ағынды  суларға  бірнеше  талаптар
қойылады:
1) құрылыстардың жəне жүйенің жұмысын бұзбауы керек;
2) жүзгіндердің  жəне  қалқыма  заттардың  мөлшері 500 мг/литрден  аспауы
керек;
3) канализация  жүйесінің  құбырларын  ластайтын  немесе  құбырда  тұрып
қалатын заттар болмау керек;
4) құбырдың 
материалдарына 
жəне 
канализация 
құрылысының
элементтеріне бұзу əсерін тигізбеу керек;
5) құрамында 
жанғыш 
заттар 
жəне 
канализация 
жүйесінде,
қондырғыларда жарылыс қаупі бар қоспалар түзетін еріген газ түріндегі заттар
болмауы керек;
6) Құрамында  биологиялық  тазарту  əдісіне  немесе  су  қоймасына  төгуге
кедергі  келтіретіндей  мөлшерде  улы  заттар  болмау  керек (тазартудың
тиімділігін ескергенде);
7) Температурасы 40
0
С аспауы керек.
Егер  өндірістік  ағынды  сулар  жоғарыда  көрсетілген  талаптарға  сай
келмесе, оларды алдын ала салқындатады жəне тазартады.
Канализацияға  концентрациялы  өндірістік  ағынды  суларды  дүркіндетіп
төгуге, сондай-ақ  құрамында  радиоактивті, улы  жəне  бактериялық  ластанған
суларды төгуге болмайды. Осындай ағынды сулар алдын ала тазартылуы тиіс.
Тазарту  құрылысының  құрамы  тазартылуға  түсетін  ағынды  сулардың
сипаттамасына  жəне  мөлшеріне, оларды  қажетті  тазарту  дəрежесіне,
тазартылған  ағынды  суларды  жəне  тұнбаларды  қолдану  əдістеріне  жəне
тұрғылықты жағдайларға байланысты екендігін атап өткен жөн. Су қоймасына
төгілетін  өндірістік  ағынды  суларды  тазартудың  қажетті  дəрежесін
анықтағанда, жүзгіндердің  мөлшеріне, ОБҚ
толық
шамасына, ағынды  сулардың
еріген  оттегін пайдалану  шамасына, су  қоймасының  температурасына, зиянды
заттардың  шектелген  рұқсат  етілген  концентрациясына, қышқылдар  мен
сілтілердің су қоймасына төгілетін ағынды сулардағы рұқсат етілген мөлшеріне
жəне де басқа да көрсеткіштеріне байланысты есептейді.
Жалпы  түрде  су  қоймаларына  ағынды  суларды  төгу  жағдайларына
қойылатын  санитарлық  талаптар  мен  оларды  қажетті  тазарту  дəрежесінің
арасындағы байланыс төмендегі теңдеу бойынша анықталады:
С
1
* q + С
2
* α * Q ≤  ( α *Q + q) *С
3
,
Мұндағы  С
1
 – ағынды  судағы  рұқсат  етілген  нормадан  аспайтын  зиянды
заттың  концентрациясы; С
2
 –ағынды  судың  су  қоймасына  төгілетін  жерінен
жоғары суындағы осы зиянды заттың концентрациясы (фондық концентрация);
С
3
 – су  қоймасында  зиянды  заттың  шектелген  рұқсат  етілген  мөлшері; α –
араластыру  коэффициенті, бақылау  нүктесінде  ағынды  сумен  су  қоймасының
қанша суы араласатынын көрсетеді; Q – су қоймасындағы судың шығыны; q –
су қоймасына төгілетін ағынды судың шығыны.


38
Жоғарыда  келтірілген  теңдеу  арқылы, тазартылғаннан  кейін  ағынды
судағы зиянды заттың концентрациясын анықтауға болады:
С
1
= α *Q / q(C
3
 –C
2
) + C
3
Ағынды  судың  рұқсат  етілген  құрамын  есептегенде, су  қоймасындағы
ғынды  суды  сұйылту  еселік  коэффициенті  қолданылады. Ағынды  суларды
сұйылту – су  қоймасына  ағынды  су  төгілгендіктен  жоғарылаған  қоспалардың
концентрациясын  азайту. Ақпайтын  су  қоймалары (көлдер) үшін  сұйылту
еселігі төмендегі теңдеу бойынша анықталады:
n  = (С
1
–  С
4
) / (С
3
 – С
4
),
мұндағы  С
4
 – ақпайтын  су  қоймасындағы  ағынды  су  төгілмегенге  дейінгі
зиянды заттың концентрациясы.
Негізгі əдебиет: 3[48-66, 241-256], 4[70-89].
Қосымша əдебиет: 8[80-99],14 [11-29], 20[3-25, 39-59].
Бақылау сұрақтары:
1. Шаруашылық тұрмыс ағынды суларының негізгі түзілу көздері.
2. Ағынды сулардың анықтамасы жəне жіктелуі.
3. Қалалық  ағынды  суларды  тазарту  үшін  қандай  негізгі  құрылыстар
қолданылады?
4.  Өндірістік сумен жабдықтау  жүйесін сипаттаңыздар.
5.Өндірістік  кəсіпорындардың  айналмалы  сумен  жабдықтау  жүйесінің
сипаттамалары.
6. Өндірістік  ағынды  суларды  қалалық  канализация  жүйесіне  төгу  үшін
қойылатын негізгі талаптарды атаңыздар.
7. Ағынды суларды су көздеріне төгу үшін қойыларын негізгі талаптар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет