Технологиялық этика: сандық құпиялылық және деректер этикасы, жасанды интеллект этикасы, сандық технологиялар дәуіріндегі медициналық этика., копия



бет2/5
Дата27.12.2023
өлшемі3,48 Mb.
#199683
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Академиялық жазылым түрлері. Ресми құжаттар. Кәсіби жазылым өмірбаян, түйіндеме, ілеспе хат, электрондық почта және т.б
а

Ғылыми мақаланың құрылымы

  • Ғылыми мақаланың нақты құрылымы болады. Ол мынадай бөліктерден тұрады:
  • Атауы (тақырып).
  • Абстракт немесе Аңдатпа.
  • Тірек сөздер.
  • Кіріспе.
  • Әдебиеттерге шолу
  • Негізгі бөлім (әдіснамасы, нәтижелері)
  • Тұжырымдар мен зерттеулерден күтетін нәтижелер
  • Қорытынды

Ғылыми мақаланың атауы

  • Атауы (тақырып) - негізгі мәтіннің құрылымдық бөлігін (бөлім, тарау, параграф, тармақ, тармақша, кесте және т.б.) таңбалау. Мақаланың атауына қойылатын негізгі талап - қысқалық және анықтық. Тақырыптың ең үлкен көлемі - 10-12 сөз. Тақырып мағыналы, мәнерлі, мақала мазмұнын ашатын болуы керек. Тақырып оқырманның назарын аударатындай болуы тиіс. Мақала жазғандағыдай, тақырып қоюда да ғылыми стильді қатаң ұстану қажет. Тақырып зерттеудің басты тақырыбын анық бейнелеп, оқырманды мақалада қарастырылған мәселеге қатысты шатастырмауы тиіс. Тақырыпта мақаланың мәнін ашатын кейбір тірек сөздер болуы керек. Тақырыпта жалпыға түсінікті қысқартуларды қолдануға да болады

Ғылыми мақаланың атауы

  • Мақала тақырыбын басқа тілге (орыс, ағылшын тілдеріне) аударғанда кейбір ұлттық ерекшелікке қатысты аударылмайтын жалқы есімдерден, реалийлерден басқа қазақ тілінен ешқандай транслитерация қолданылмауы керек.
  • Ғылыми мақала белгілі бір ғылыми журналдардың жекелеген нөмірлерінде немесе жинақтарда жарияланатын, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған авторлық жұмыс болып табылады. Ғылыми мақаланың көлемі, әдетте, 0,5-0,7 баспа табақты (8-10 бет) құрайды. Мақаланың қолжазбасында жұмыстың толық атауы, автордың аты- жөні, абстракт/аңдатпасы, пайдаланылған әдебиет тізімі болуы керек.

Ғылыми мақаланың атауы

  • Ғылыми мақаланың мынадай қарапайым құрылымы болады: - кіріспе (ғылыми мәселенің қойылуы, өзектілігі, маңыздылығы, ғылымның белгілі бір саласының дамуы үшін қосатын үлесі - 1 абзац немесе 5-10 қатар); - автордың соңғы уақыттағы мәселе бойынша сүйенетін негізгі зерттеулері, мақала арналып отырған шешілмеген мәселелерді беліп көрсету (0,5 -2 бет); - мақаланың мақсаты мен міндеттерінің қойылуы. Мақала мақсаты тақырып бойынша негізгі жарияланымдарға шолу жасап, ғылыми мәселенің қойылысынан келіп шығады (1 абзац немесе 5-10 қатар);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет